Білім беру ж?йесінде даярланатын кадрларды? б?скелестік ?абілетін арттыру ж?не білім беру секторыны? экспортты? ?леуетін к?теру
Білім беру жүйесінде даярланатын кадрлардың бәскелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру
Мейрамова Шынар Бактияровна
Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Бұл бағыттағы игі істер ел дамуының стратегиялық міндеттерімен, «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқаны айқын.
Бүгінгі күні әлемде орын алып отырған алуан түрлі дүрбелеңдерге қарамастан еліміздегі білім беру ісі алдыңғы орынға қойылып, озық технологияларды ендіру, педагог мамандардың біліктілігін арттыру сынды қыруар шаруалар атқарылуда. Бұл – мемлекет тарапынан білім беру ісінің жоғары деңгейге көтерілуіне берілген мүмкіндік. Осы ретте «Болашақ» бағдарламасын, мектеп оқулықтарының тегін таратылуын, мемлекет тарапынан барлық білім мекемелеріне қолдау көрсетілуін атап айтуға болады. Атқарылып жатқан мұндай шаруалар білім мен ғылымның дамуына игі әсерін тигізіп, ел экономикасының көтерілуіне мүмкіндік туғызады.
Қазіргі уақыт белесіндегі білім мен ғылым саласының барынша қарыштап дамуы еліміздегі білім беру ошақтарының сапалы істерімен тығыз байланысты болғандықтан барлық педагог мамандардың біліктілігін үздіксіз арттырып отыру уақыт талабынан туындап отыр. Әлбетте, педагог маманның кәсіби деңгейін көтерумен қай мекеме айналысады, қандай бағытта жүргізілуі тиіс сынды сан тарау сұрақтар туындағаны белгілі. Әрине, бұл іс күні бүгін ғана туындаған мәселе ме? Жоқ. Бұл Кеңес кезеңінен бері, оған дейін де жүргізілді. Тәуелсіздік жариялағанға дейін де, кейін де педагог мамандардың біліктілігін көтеру мәселесі назардан тыс қалмады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздегі біліктілікті көтеру ұйымдарының қызметі мүлде тоқталған емес
Мемлекет басшысының стратегиялық ой-жоспарларының жалғасы болып табылатын, нақты да ұтқыр идеяға құрылған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясында қаланған шешуші басымдықтарды жүзеге асырудың нақты жол нұсқаушысы ретінде көпшіліктің қызу қолдауына ие болды. Аталмыш бағдарламаның 3-бағыты адам капиталының сапасын көтеру болса, біздің міндетіміз – осыған сай жұмыстану, яғни ұстаздардың ғылыми әлеуетін жоғарылату.
Ұлт жоспарында ел дамуының стратегиялық міндеттерін жүзеге асырудың нақты жолдары атап көрсетілген. Білім саласы қызметкерлерінің алдындағы басты міндет – білім беру жүйесінде білім берудің ұлттық үлгісіне өту арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби құзыретті ұстаз қалыптастыру. Сондықтан, білім саласындағы реформалар педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, әрі сапалы болуын талап етіп отырған кезеңде, педагогтің жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа инновациялық технологиямен ұштастыру арқылы біліктілік арттыру жүйесін жаңаша форматта жүргізуді міндеттейді.
Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор – бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді.
Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама.
Мәңгілік ел ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұратымыз.
«Мәңгілік Ел» – бабаларымыздың арманы болған, бүгінде орындалған, ел болашағының іргетасын қалаған ұлттық идея.
Мәңгілік Ел – бұл ұрпақ болашағы және барша қазақстандықтарды біріктіретін ортақ мақсат.
«Мәңгілік Елдің» мынадай жеті қағидасы біздің дамуымыздың базалық құндылықтарын, мүдделер ортақтығын және Қазақстан халқының тарихи тағдырын көрсетеді.
«Мәңгілік Елдің» маңыздылығын салмақтап тұрған ол мына 7 қағида: 1) Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; 2) Біздің қоғамдағы ұлттық бірлік және келісім; 3) Зайырлы қоғам мен асқақ рух; 4) Индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім; 5) Жалпыға ортақ еңбек қоғамы; 6) Ортақ тарих, мәдениет және тіл; 7) Жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандық қатысуы.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы балалар мен жастарда жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяларын өмірде жүзеге асырудың іргетасы мектепте қалануы тиіс. Осы идеяны жүзеге асыру аясында қоғамдық-гуманитарлық циклы (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы) оқу бағдарламаларының мазмұнына Мемлекет басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсанда сөйлеген «Тәуелсіздік толғауы» мәтіні енгізілді. Пәндерді оқыту оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана және тағаттылықты дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, көпэтникалы Қазақстан жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Елбасы ұсынған «Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды. дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары»
«100 нақты қадам» біздер үшін әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену стратегиясын жүзеге асыруға оған деген сенімділікті нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен абыройлы өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап берді.
Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамда» аталған міндеттердің жүзеге асырылуы ел келешегінің, ұрпақ болашағының жарқын болатынын көрсетеді. Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамға енген: «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату» идеясын жүзеге асыру бүгінгі таңда қолға алынған іс.
«Ұлт жоспары «100 нақты қадам» сияқты стратегиялық бағдарламалар көп жағдайда саяси-экономикалық дағдарыстар кезінде қоғамды қожыратпай, бір идея төңірегіне топтастыру мақсатында қабылданады. Тарихта осы сияқты жүзеге асырылған стратегиялық идеялар аз болған жоқ, мысалы, Қытайда Маоның кезінде барынша қожырап кеткен қоғамды Дэн Сяопиннің «үш қадамы» тезге салды , түрік қоғамын орнатқан Ататүріктің ұлы реформалары және үлкен дағдарыстар кезінде стратегиялық бағдарламалар қабылдап, оны жүзеге асыра білген Шарль де Голль, Франклин Рузвельт сияқты қайраткерлер қиын-қыстау кезеңнен қалай шығуды дәлелдеп кеткен.
Елбасы ұсынған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы балалар мен жастардың рухы биік, азаматтық ұстанымы мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу сезімін тәрбиелеуге бағытталғанын атап көрсетті.
Жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету, оларда азаматтық ұстаным, жаңа қазақстандық патриотизм мен жоғары руханилық қалыптастыруға бағытталған басымдықтарды анықтауға көмектесетін «Ұлт жоспары «100 нақты қадам» контексінде «Мәңгілік Ел» құндылықтарын білім беру процесіне енгізудің маңызды аспектілері талқыланған.
Білім ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты құралы болып табылатындықтан, оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысы кешенді түрде дамытылғаны дұрыс. Білім беру жүйесінде білім берудің ұлттық үлгісіне өту арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби құзыретті ұстаз дайындаудан бастау керек сияқты.
«Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» жетпіс сегізінші қадамында көрсетілгендей, «Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту, коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау» мәселелері қолға алынбақ. Сондай-ақ, 79-қадам нақтыланғандай, «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәскелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру болып отыр.
Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» атты Жолдауында нақты реформалар мен дамудың бағыт-бағдары айқындалып, жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жастарды қиындықтан қашпауға, жұмысшы киiмiн киюге арланбауға шақырған Елбасы өз өмiрiн өзгелерге өнеге еткені белгілі.
Қазіргі таңдағы бәсекеге қабілетті мұғалiм – өзiне және өз iсiне асқан құнттылықпен, ұқыптылықпен қарап, мiнез-құлқы мен iс-әрекеттерi ешкiмде қайталанбайтын әсем де көркем, үнемi бақылауда жүретiнiн iштей сезiнетiн жан. Сыртқы келбетi мен iшкi жандүниесiнiң сұлулығы қатар қабысып, шебер қиюласқан, парасат-пайымы терең, ойы мазмұнды, сөзге шешен, асқан мейiрiм иесi – бүгiнгi мұғалiм – адамтану ғылымымен айналысады. Әрбiр шәкiрттi жанарынан түсiнiп, iшкi дүниесiне терең үңiлiп, жүрекпен ұғына алатын ұстаз алдын көрген шәкiрттiң болашағы жарқын.
Тiл шеберлiгi мұғалiмнiң кәсiбилiк дәрежесiн анықтайтын фактор. Шебер де шешен сөйлей бiлудiң өзi – өнер. Тiл – тәрбие құралы. Өзiнiң ана тiлiмен қатар орыс, ағылшын тiлдерiн қатар меңгерген жас маманға бүгiнгi таңда сұраныс үлкен. Дана халқымыз «Жетi жұрттың тiлiн бiл, жетi түрлi iлiм бiл» дегендi бекер айтпаған. Негiзгi мақсат – бiлiм алушылардың жеке потенциалын ашу, олардың өмiр бойы бiлiм алу дағдысын дамыту. Дамудың негiзгi басымдылығы жоғары корпоративтiк мәдениетке негiзделген өз стратегиялық жоспарлау моделiн, кадрлық және қаржылық менеджментiн құру.
Елбасының мемлекеттік құрылыстың нақты 100 қадамына байланысты айтылатын ойлар төңірегінде елімізді одан әрі нығайтуға бағытталған бағдарлама шеңберінде ағылшын тіліне өте мән берілуін мен құптаймын.»Білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілін оқытуға кезең-кезеңімен көшудің басты мақсатына сәйкес даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру» туралы тапсырманы орындау үшін мамандарға халықаралық үздік әдістерді қолдана отырып — болашақ кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыруға жақсы мүмкіндіктер туып отыр. Бірнеше шет тілдерді білген мамандардан мемлекетімізге көбірек пайда келеді. Қоғамда тіл үйренуге деген жақсы серпіліс бар. Ағылшын тілін оқып үйрену қазіргі уақытта аса қиын шаруа емес. Елімізде бірқатар мектепке дейінгі мекемелерде, орта мектептердің 1 сыныбынан бастап енгізілген ағылшын тілін оқыту бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізіліп, ЖОО-да оқитын студенттердің де ағылшын тілі біліктілігі жылдан жылға көтеріліп келеді. Көптеген жекеменшік оқу орталықтары да сұранысты ескере отырып, жақсы нәтижелерге жетуге ықпал етуде. Дей тұрғанмен, әлі де болса жетістіктер көңілге толарлық емес.
Елбасы жиі айтып жүрген мәселенің бірі — әлемдік өркениет көшінен қалмау. Ал қалмаудың ең төте жолы — білім. Ақпараттық өркениет заманында әлемдік үрдістерге қарап, жаңалыққа бейімделіп отырмасаң шаң қауып қалуың оп-оңай.
Елбасының «Нақты 100 қадамында» маңызды тапсырмалармен бірге ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту мәселелері қойылған. Қазір жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру (76-қадам), экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен жоғарғы оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату (77-қадам), білім беру жүйесінде – жоғарғы сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу бағыттарында жұмыстар жүргізілуде. Басты мақсат – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. еген мақсаттарға сай институт оқытушыларының эксперимент жұмыстары да бүгінгі білім беру орындарындағы (колледждер, мектептер, балабақшалар) қиындықтар мен келелі мәселелерді тиімді шешу мен озық технологияларды ендіруге бағытталған. Институт оқытушыларының эксперимент жұмыстары мынадай мақсаттар шеңберінде жұмыс жүргізеді. Олар:
- мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту;
- оқушыны рухани адамгершілікке тәрбиелеу;
- бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық құзыреттілігін дамыту;
- мектептегі тәрбие бағыттарын жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдарын айқындау;
- оқушылардың билингвальді коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту ерекшеліктерін анықтау және колледждегі оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдарын айқындау.
Педагог қызметкерлер мен институт оқытушыларының эксперимент жұмыстары негізіндегі ғылыми-зерттеулерінің нәтижелері халықаралық, республикалық басылымдарға жариялануы, сондай-ақ ғылыми еңбектері, оқу құралдары мен әдістемелік материалдарының таратылуы білім беру үдерісінің жүйеленіп отыруына үлес қосады. Осымен байланысты эксперимент жұмыстары нәтижесінде айқындалған инновациялық іс-тәжірибелер облыс көлеміндегі білім беру мекемелеріне үлгі ретінде ұсынылады. Сондықтан мұндай мақсаттағы игілікті жұмыстар облыс мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісінің бүгінгі қоғам талабына сай жүйелі қалыптасуына ықпал етеді.
Білікті педагогтардың жүргізетін эксперимент жұмыстарының қоғам талабына, мемлекет мүддесіне сай жүргізілуі – заңды құбылыс. Сол себепті жауапкершілігі мол жұмыстың нәтижелігі педагог мамандардың ерен еңбегімен тығыз байланысты. Ендеше, ұстаздардың біліктілігін арттыру орталығы қызметкерлерінің алдында білім сапасын дамыту бойынша Елбасы қойған асқақ міндеттерді орындау жауапкершілігі тұр. Ұстаздар қауымы осындай жауапкершілігі зор істі абыроймен атқаратыны даусыз.
Осы тапсырмаларды орындауда Ұлттық жоспарымыз ортақ іске айналып, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі педагогтардың мәртебесін көтеруге, кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталып, ізденісті еңбек табысымен жалғаса бермек. «Мәңгілік ел» ертеңі болар өскелең ұрпақтың саналы да тәрбиелі, өмірге икемді, функционалды сауатты болып қалыптасуы үшін педагогтардың біліктілігін арттыру қызметін жоғары деңгейде атқаруда жаңаша қарқынмен еңбек ететініне сенім зор.
Алдағы уақытта біз және біздің ұрпағымыз «Мәңгілік Ел» құндылықтары арқылы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, еркін және гүлденген елде өмір сүруге ұмтыла отырып, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуіне ат салысамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар
2. Ұлт жоспары – «100 нақты қадам»
3. Касенов Е.С. Біліктілікті көтеру басты меже. Алматы, 2015ж.
Тіркеу үлгісі
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
Білім беру мекемесінің атауы Қарағанды сән колледжі
Байқау мен номинацияның атауы Қазіргі білім беру саласындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары.
Педагогтар үшін: қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы Мейрамова Шынар Бактияровна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Телефоны, ұялы, е-mail 87757525328, meiramova1984@mail.ru
3*4 фотосы