Пед. о?у Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазм?нын жа?арту ресурсы ретінде
«Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде»
Жиенбаева Айнагүл Нұрболатқызы Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы
Кез-келген елдің реформаларға,өзгеруге бет бұрған кезде білім беру жүйесін де қайта құру қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Ал ол реформалаp өз кезегінде білім беру саласында жиналған мол оң тәжірибені сақтай отырып, оның әрі қарай дамуына жағдайлар жасауы керек. Сонымен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қатарына білім беру жүйесін дамытудың басымдығы: әрбір адамның зияткерлік дамуы,психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың баpлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі,жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылы-
ғын дамыту көрсетіледі. Ал бұл принциптердің іс жүзіне асуы білім беру мазмұнын жаңартумен тығыз байланысты. Ол білім беру стандарттарын, базалық оқу жоспарларын жасау және тәжірибеге енгізу арқылы жүзеге аспақ. Бұл күнде өмір өлшеусіз өзгереді. Қазақ халқы өз еркін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білім мен тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін әдістер ұсынуда. Солардың бірі:
- Өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу.
- Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп,салт дәстүрін меңгерту.
- Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту.
Ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретін әдетіміз. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да алдыңғы қатарға қоятынымыз да анық.Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен деңгейлік (негізгі үшінші базалық ) курстар бағдарламасын меңгергеннен кейін жасаған қорытындым:
-курс бағдарламаласының өзектілігі - бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. Жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді.
Оның басты мақсаты – мақсатты нәтиже,сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау. Қоғам талабы да – нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр. Бастауыш сыныптарда жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді. Ол үшін мұғалімнің фасилитаторлық (кеңесші, ұйымдастырушы) іс-әрекеті және оқыту –тәрбие процесіндегі оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті маңызды рөл атқарады.
Бастауыш мектепте дамыту, тәрбие беру қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материал баланың рухани өміріне, ақыл-ойына, шығармашылығына әсер етіп,дамыта отырып оқыту, дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі, түсініктерді қабылдау, нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау, іс-әрекетті бағалау, оқулықсыз оқыту, ойын әдістемесі және оны қабылдау болып табылады. [3.]
Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдердің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен де тығыз байланысты екендігіне іс-тәжірибе жинақтау барысында көзім жетті.
Бастауыш сынып оқушысына сыни ойлау қажет пе? Әрине қажет, қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Американ профессоры Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау–өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын бо-лады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып та-былады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген екен. Сондықтан да сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын, жаңа заман талаптарына сай түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамын. Атап айтсам, «Жуан-жіңішке сұрақтар», «Сұрақтар қорапшасы», «Аквариум», «Постер», «Буриме», «Интервью», «Ыстық орындық», «Ақылдың алты қалпағы», «Артығы қайсы?», «Даналық ағашы», «Сен маған, мен саған», «Стоп кадр», «Бір сөйлеммен» әдістері.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың әр түрлі техникаларын пайдаландым: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы керек. Қайта бағыттауға арналған сұрақтарда мысалы, «Топ мүшесіне көмектесе ала-тындар бар ма?», «Кімде қандай ұсыныс бар?» Мен өз тәжірибемде, оқушылардың жауаптарының ұзақтығына қарамастан, күтіп басқа оқушыларға бағыттап отыруға тырысамын. Сол арқылы диалогтық қарым-қатынастың жақсаруын бақылап, әрі қарай қалай жұмыс істеу керектігіне түрткі болатын келесі мәселені анықтауға жағдай туындайды.
«Жуан-жіңішке сұрақтар» дайындаған кезде оқушылар қысылмай, өз беттерімен ізденіп, бір-бірімен кеңесіп, белсенділік танытқаны байқалды. Олар берілген мәтін бойынша түрткі және ашық сұрақтарды қоя білді. «Буриме » әдісінде оқушылар таныс мәтін бойынша берілген тапсырмаға интерпретация жасау кезінде қызығушылық танытып, белсенді қатысты, емін-еркін сөйлесіп, талас та туындады.Осы кезде «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті, өйткені мотивациясы төмен оқушылардың өзі постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, кей тапсырмаларды орындауда көмектесетініне көзім жетті.
«Буриме»
«Менің анам»
................... анашым,
................. таңым.
........................ өзіңді,
..................... үлгіңді.
Сонымен қатар бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың ойлау, сөйлеу, сыни ойлау қабілеттерінің, тіл байлығы, сөздік қорының артуы диалогтік оқыту әдіс-тәсіл аспектісі арқылы жүзеге асты. «Бір сөйлеммен» әдісін қолданғанда оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер «кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б.» сөздерге жауап болатын сөздерден тұруы мүмкін.Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады. Диалогтық қатынаста сұрақ түрлерін қою түрлерін қолдану маңызды әре-кеттеріміздің біріне айналды. [3. 14-бет]Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. [1. 101-бет]Бұл жерде оқушылардың жас ерекшелігін ескеру аса маңызды.Ол әдістің тиімді жүзеге асуына, оқушылардың сыни ойлай білуіне септігін тигізеді.
Оқушылардың сабақ барысында тақырыпқа сай өз қиялдарынан әр түрлі постерлер салып, оны қорғай білу дағдылары қалыптасып келе жатыр.Оны оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде идеялармен пікір алмасып, болжамдар ұсынып, талқылап, диалогтің зерттеушілік әңгімесі іске асуынан, оқушылардың зерттеуге үйреніп, бір шешімге келуге үйренгенінен байқадым.
Эдвард де Боно әзірленген «Ақылдының алты қалпағы»әдістемесі - әр-түрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегіндегі шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.[1. 73-бет] Бұл әдісті қолдануда оқушылардың фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде бере бі-луге; ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіруге; оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстарды бере алуға; жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар және жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіріп қорытындылай білу дағдылары қалыптасты.
Әрине, бастауыш сынып оқушысы үшін бұл дағды , машықтардың барлығы бірден, бір сабақта қалыптаса алмайды.[5.] Зерттеуші педагог-психологтар айтқандай бірте-бірте сабақ сайын қалыптасады. Сондықтан да оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттыра беру үшін әр сабақты түрлендіріп, әдіс-тәсілді тиімді қолданып өткізуге тырысамын.
Диалогті оқытудың маңыздылығы оқушыларды терең ойлауға, сынып ішінде топқа бөлу, сандық бағалау емес сапалы бағалау жүйесіне және әр оқушыға жақындай түсуге мүмкіндік туды.
«Керемет ойдың пайда болуы интеллектуалды дамудың көрсеткіші болады. Баланың өзіндік ойын құрып, сол ойын құрғаны үшін өзін жақсы сезінетіндей орта құру педагогиканың негізі болып табылады » деп Дакворт [2. ] айтқандай біз меңгеріп жатқан Кембридждік әдіс-тәсілдер мұғалімнің өзін дамудың ауқымды зонасында анықтап алып, тек содан кейін ғана жақын арадағы зонада жұмыс жасауға бар күшін салу негізіне бағытталып құрылған.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану барысында, оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқу үдерісі мен материалды терең игеруге ықпал етті. Бұл өзгерістер тәлім алушы ұстаздардың сабағынан да байқалды.Тәлім алушы ұстаздар Г.Н.Дәуренбекова, М.М:Мухамедиевалар оқу барысында, оқушылар оқшауланып қалмайтынын, бірлескен жұмыстарда, үнемі бір-біріне қолдау жасап, топтық рух мадақтау көрініс табатынын, олардың арасында топта жұмыс істеу,ынтымақтастық, өздеріне деген сенім, келіспеушілікпен қатар құрмет білдіру қабілеттері қалыптасып келе жатқанын іс-тәжірибені талқылау барысында ортаға салды.
«Жуан-жіңішке сұрақтар»дайындау. «Мен-саған,сен-маған» әдісі
«Сұрақтар қорапшасы» « Постер» қорғау «Буриме» әдісі
Тәлім алушы М.М.Мухамедиева мен «Ойды ой қозғайды»
Г.Н.Дәуренбекованың сабақтары әріптестер сабақты талқылауда
Диалогтық интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті ойлауына әсер етеді. [4.]
Топтық жұмыс арқылы оқушыларыммен «оқушы мен мұғалім» арасында, «оқушы мен оқушы» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдық. Нәтижесінде оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгеруге күш салды. Сабақтың барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, соның ішінде ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана-сезім секілді ерекшеліктерге мән бере отырып, сабақ барысында әрдайым оқушылардың бел-сенді болуға, дәлелдерді тыңдап, талдай алуға, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолдана алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз ету оң нәтиже берді. Сабақ барысында қарастырылған стратегиялар оқушылардың бірін-бірі тыңдап, дәлелдерді талап етіп, тиянақты және нақты да жан-жақты болуға, ынымақтастықпен бір-бірін құрметтеуге үйретті.
Критериалды бағалау- Пікірсайыс дұрыс шешім Ата-аналар да өзгерісті ынтаны арттырады. қабылдауға көмектеседі. оң қабылдады.
Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен сабақ өтуім оқушылардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, өзіндік көзқарас қалыптастыруға мүмкіншілік бергендей болды. Балаларындағы өзгерістерді байқап, ата-аналар да бұл жаңалықты қуана қабылдады.
Интербелсенді әдістер арқылы оқушылардың бойында өз бетінше ізденулерінің арқасында көптеген өзгеріс болатындығын байқады. Мотивациясы төмен оқушы сабақта мұғалімнің көмегімен, жетелеуімен ойын жеткізе алмайтын еді, ал жаңа әдістерді сабақта қолданудың тиімділігі оқушы топпен жұмыс істеу кезінде топтағы оқушылармен ілесіп, өз ойын жеткізіп, сабаққа қызығушылық танытып, өздігінше қосымша материалдар іздеп, өзінің шығармашылығын көрсетіп, бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі үйретіп жатқанын көрдім. Сонда байқағаным оқушылардың мұғалім түсіндіргеннен гөрі өздерінің бірін-бірі оқытқан кезде ақпаратты тез қабылдайтыны. Сабақ сайын оқушылар арасындағы сенімсіздік, үрей сейіліп, сабаққа деген ынта-жігері ояна бастады. Топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылады,бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, көшбасшылар қасындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне жаңашырлықпен көмектесе бастайды. Осыдан барып менде оқушыларға көп еркіндік беріп, оларға тек бақылаушы ретінде қарауым керек деген ой қалыптасты. Бұдан шығар қорытынды сабақта нәтижеге жету үшін оқушыларға тиімді әдіс арқылы өзіндік «менін» қалыптастыру керек екендігі.Өйткені,оқытудың сындарлы жеті модулі оқушыларға қосымша тапсырманы берген сайын оқушылар әр қырынан көрініп, бір жағынан оларды ғылыми зерттеуге бағыттаудың бір сатысына көтерудің қадамы болып табылады. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.
Оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. [2.] Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, пәндерді оқыту барысын-да алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.
Бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. «Не ексең, соңы орасың». Біздің басты мақсатымыз:
- бастауыш сынып оқушысына қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын тұлға қалыптастыру;
-пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз- үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады» – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай.Сондықтан да қазіргі заман талабына сай құрылып жатқан дамушы білім беру ортасын бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде тиімді пайдалануымыз қажет. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей ІІ басылым «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ 2012 ж.
2. С.Мирсеитова. «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері».
3.Мұсабеков Ө. «Тұлғаға бағытталған білім». Қазақстан мектебі. 2007/1.
4. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару». Алматы, 2014ж.
5. «Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру» Бастауыш мектеп. – Алматы, 2006. – №3.