8 сынып?а арнал?ан §45 ?ылыми мекемелер мен ?ылыми – зерттеу ж?мыстары
§45 Ғылыми мекемелер мен ғылыми – зерттеу жұмыстары
Мақсаты: ХІХ-ХХ ғасырдағы Қазақстанды ғылыми тұрғыдар зерттеудің жоғары қарқын алуымен таныстыру. Қазақстанға жер аударылған Ресей ғалымдарының қазақтар туралы еңбектерімен танысу. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі мен салдарын түсіндіре отырып, оған өзіндік пікірін айту мен салыстыра отырып дәлелдеуді меңгерту.
Міндеттері:
ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ даласын жер аударылып келген Ресей ғалымдарының ғалымдарының еңбектерін оқи отырып, өзіндік пікірін айту мен және салыстыра отырып дәлелдеуді меңгерту.
Ұқыптылыққа, нақтылыққа, жинақылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу, өзіндік пікірін ашық айтуға тәрбиелеу.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, кез-келген оқиғаға сыни тұрғыдан талдауға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Оқыту әдістері: Блум технологиясы, Венн диаграммасы, INSERT (түртіп алу) стратегиясы, «Өзім үшін жазу» стратегиясы.
Дерек көздері: оқулық және ғаламтор материалдары.
Үй тапсырмасы §43 Оқу ағарту ісі
«Шешімін тауып, жауабын айт»
№ Математикалық есеп шешімі Болған оқиға
1 500*2+650+250 1900 жыл Түркістанда ең алғашқы әдістемелік мектеп ашылды.
2 450*3+520 1870 жылдан бастап Патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
3 650+500+663 1813 жыл Омбы қаласында әскери училище ашылды.
Дұрыс жауапты тап
Сұрақ а б в
Медресе Арифметика, география, жаратылыстану, тарих пәндерін оқытатын мектеп Білім-ғылыми білім негіздері Ислам дінін оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны
ЖәдитшілдерМұсылман мектептерін реформалау қозғалысын ұйымдастырушылар Медреселерде ислам дінінің негіздерін түсіндірушілер Діни шіркеулердегі мұғалімдер
«Қара күшті бірді жығар,...........» мақалының жалғасын табыңыз «Батыр адам мыңды жығар» Білімсіздің күні қараң Білімді мыңды жығар.
«ИӘ» немесе «ЖОҚ» ойыны
«Зерттеушілер» тобына
ХІХ –ХХ ғасырдың басында Қазақстанда халыққа білім беру ісі діни және зайырлы бағытта жүргізілді ме? –
1870 жылдан бастап медреселерде араб тілін үйрету міндеттелді ме? -
Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 30 асқан адамдарды болды ма? –
«Орыстың ақын жазушылары» тобына
1867-1868 жж. Реформаларға сәйкес мектеп не медресе ашу үшін арнайы рұқсатты генерал губернатордан алу керек болды ма? -
И. Гаспринский - жаңа әдістемелік мектептердің негізін қалаушы ма? -
Жәдитшілер - мұсылман мектептерін реформалау қозғалысын бастаушылар ма? –
«Саяси жер аударылғандар» тобына
1900 жылы Түркістан қаласында ең алғашқы әдістемелік мектеп ашылды ма?
Б.Майлин - Семейдегі Ахмет Риза медресесінде білім алды ма?
1917 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық әдістемелік мектептер болды ма? –
Сонымен, Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің аяқталу кезеңіне қарай білім беру жүйесінде жаңа өзгерістер қалыптасты. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге негізінен «мұғалімдікке» арнаулы куәлігі бар адамдар тартылды. Оқу жүйесінің дамуы жаңа оқу орындарын кеңейтуді қажет етті. Сондай-ақ, қазақ халқының ХІХ-ХХ ғасырдағы жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысының күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуына ұмтылысына жеткізді.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақ жоспары
Қазақстанды ғылыми зерттеу кезіндегі орыс ғалымдарының атқарған рөлі.
Г.Н. Потаниннің Қазақстанды зерттеудегі рөлі.
Ә.Диваевтың зерттеулері.
Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы
Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуі.
Т.Г. Шевченконың Қазақстанда болуы.
Тақырыпты түсіндіру
IV. Бекіту тапсырмалары
Кітаппен жұмыс
1 топ «Зерттеушілер тобына»
Г.Н. Потаниннің Қазақстанды зерттеудегі рөлі
2 топ «Орыстың ақын-жазушылары»
Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы
3 топ «Саяси жер аударылғандар»
Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуі
V. «Үздік спикер» тапсырмасыӘр топ сіздерге 6 минут уақыт беріледі. Топтағы әр оқушы берілген тақырыпшаны мұқият оқып, керегін дәптеріне түртіп жазып алуы керек. 3 минуттан кейін жереби бойынша топтан бір спикер таңдалады, енді топ мүшелері спикерге көмектеседі.
VI. Бағалау
VII Қорытындылау. Үй тапсырмасын беру §45 (292-296 бб)