СТУДЕНТТЕРДІ? ?ЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ Ж?МЫСЫН ?ЙЫМДАСТЫРУ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІгі
КМҚК Қарағанды гуманитарлық колледжі
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
/Әдістемелік нұсқаулық/
Тарих және саяси пәндердің оқытушысы:
Аяганов Алтай
Қарағанды қаласы
ББК 63.3 (5 қаз)
А 99
Тарих және саяси пәндерден ғылыми-зерттеу жұмысын орындау бойынша студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулықта зерттеу жұмысына қойылатын талаптар, анықтамалар мен жазу үлгісі енгізілген. Әдістемелік нұсқаулық шығармашылықпен және зерттеу жұмысымен айналысып жүрген мамандар мен студенттерге арналған.
А 99
Тарих және саяси пәндерден ғылыми-зерттеу жұмысын орындау бойынша студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулық /Құр. Аяганов А.Б. Тарих және саяси пәндердің оқытушысы
© Қарағанды гуманитарлық колледжі, 2014
КІРІСПЕ
2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізін басшылыққа ала отырып, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету, бабаларымыз қалдырған өркениет үлгілерімен жете таныстыру және елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, Отаншылдыққа сонымен қатар жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында студенттердің дүниетанымының кеңеюіне, өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға, жоғары адамгершілік қасиеттерін, рухани мәдениетін дамытуға, халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі, тілі мен ділі, мәдени қазынасын жазудағы оқу-танымдық жұмыстарын жетілдіру, еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарауға ықпал ету.
Нұсқаулық екі бөлімнен тұрады: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы олардың интеллектісін дамыту деп аталатын бөлімде Оқып-үйрену мотивациясы, Зерттеудің салыстырмалы картасы, Білімнің параметрлері, Оқу үдерісі барысында ойлауды дамыту, Дарындылық, «Интеллект» түсінігі енгізілсе, Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар деп аталанын екінші бөлімде Жүйелеу немесе жіктеу, Жоспар, Тезистер, Конспект, Абстрактылау дегеніміз, Деректермен жұмыс жүргізу, Мұрағаттағы деректерді іздестіру және құжаттармен жұмыс жүргізу тәсілі, Ақпаратты жинау, өңдеу мен талдау, Зерттеу жұмысының құрылымы және қисыны кесте түрінде берілген.
Әдістемелік нұсқаулық әр жылдарда шыққан қоғамдық гуманитарлық бағытқа арналған (тарих, әдебиет пәні бойынша) нұсқаулықтар, 2008 ж. Астана қаласынан шыққан ғылыми-әдістемелік жинақ сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік Кеңесімен ұсынылған оқу-әдістемелік құралын (Астана: «Дарын», 2011 ж.,) басшылыққа ала отырып жазылды.
І бөлім. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
олардың интеллектісін дамыту
Білім мен ғылым қазіргі қоғам дамуының ең басты факторларының бірі болып табылады. Тұлғалақ бағдарды бетке алған білім жүйесінің өзектісі де осы тұлғаны қалыптастырудағы әдіс-тәсіл, яғни оның мәні білім алушының интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау болып саналады. Бұл жерде методиканың (әдіс) түрлі амалдарын қарастырып жүргізген жөн.
"Әдіс" ұғымы (гректің методос сөзінен аударғанда— бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үшін таңдап алынған жол, амал, шешім дегенді білдіреді. Белгілі бір міндетті орындауға кіріспестен бұрын адам өзінің әрекетін жоспарлайды, мақсатына жету үшін қажетті амалдарды қарастырады. Әр әдіс ақиқатты іздеу ретін айқындайды, (егер ол дұрыс болса) күш пен уақытты үнемдеуге, мақсатқа жеткізетін тура жолды таңдап алуға мүмкіндік береді. Жюль Верннің "Капитан Гранттың балалары" романында Жак Паганель жолсеріктеріне жұмыртқаны дайындаудың жүзге жуық әдісі бар екенін айтатыны естеріңде болар. Әрине, бірнеше, кейде жүз түрлі амалмен бір нәтижеге қол жеткізу үнемі бола қоймас. Солай болса да, кәдімгі өмірде, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми тәжірибе жүргізгенде, белгілі бір міндетті түрлі жолдармен, әрекеттермен, операциялармен, демек, түрлі әдістермен шешуге болады. Олардың ең жақсысын таңдап алу кейде экономиқалық жағынан тиімділігін ескере отырып, кейде техникалық мүмкіндіктерге сай, кейде мәселені тез шешу қажеттігіне орай таңдалып алынады. Содан бері әдістерді зерттеумен арнайы айналысатын әдіснама (грек. методология, методос — әдіс, логос — ілім) деп аталатын философиялық білімдердің тұтас бір саласы пайда болып, дамып келеді. Сөзбе-сөз әдіснама "әдіс туралы ілім" дегенді білдіреді. Адамдар кез келген қызметті атқарар алдында белгілі мақсаттарды басшылыққа алумен қатар жалпы ережелер мен нұсқауларға, шектеулерге сүйенеді. Кең мағынасында олар әдіснаманы құрайды. Егер мұндай әдіснама адамдардың санасында бола тұра жеткілікті қабылданбаса, былайша айтқанда, көзге көрінбесе, олар қоғамдық қызметтің негізгі түрлерінің сипаттарын айқындайтын мәнді рөл атқарады.
«Интеллект» (лат. Intellectus) – ақыл, пайым, адамның ойлау қабілеті. қазақ тіліне аударғанда зиат, зиаткер. Адамдағы ақылдылық пен ойлау қабілетінің бастауы. Интеллектінің міндеттері: оқып үйренуге қабілеттілік, нышандармен негіздеу, белсенді түрде білімді меңгеру қабілеті. Кең мағынадағы адамның барлық таным қызметі, тар мағынада – ойлау.
Неміс ғалымы Шопенгауэр «Зиат дегеніміз ол мотивтер ортасы», өйткені ол қабылдаудың ең жоғарғы потенциясы сондай-ақ, адамның интеллектісі екі жүзді болып келеді, яғни ол пісіп жетілетін және абстрактылы танымдардан тұрады» деп анықтама береді. Зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін тиісті мотивтер құрастыру қажет. Ол белгілі бір мінез-құлыққа итермелейтін және иқажеттіліктерді қанағаттандыратын оъектілерді сомдайтын бейне; жеке тұлғаны өмірдің белгілі бір жақтарына бағыттау; қажеттілік пен ниеттен тұратын қиын психологиялық білім беру.
Интеллект таным арқылы дамиды. Таным дегеніміз не? Гносеология — айналадагы әлемді тану туралы философиялық ғылым, Таным теориясы немесе гносеология (грек. gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады.
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық дүние немесе рухани кұбылыс, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.
Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.
Білім - адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі — таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. Таным — адамның санасындағы ақиқаттылык және нағыздықтың оны одан әрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі кырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді.
Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:
— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің барлық түрлерімен қауышады);
— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үшін бір жаңалық ашады).
Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттың сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады.
"Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек:
— бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері;
— кез келген танымдық мән бар ақпарат;
— практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік.
Таным дегеніміз— нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары шындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан больш жатады. Әйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сиякты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек.
Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психиқалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоцияльқ қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Сананың мазмұны — сыртқы дүниені адамның мақсатты бағытталған бейнеленуі негізінде алынған ақпарат. Бұл — сананы қарастырудың гносеологиялық аспектісі болып табылады.
Таным дегеніміз — қоршаған дүниені тануға және бұл дүниедегі өзін-өзі тануға бағытталған адам қызметінің арнайы түрі. Таным қызметі сезім органдары арқылы ақпарат алу ( сезімдік таным), алынған ақпараттарды ойлау арқылы қорыту (рационалды таным) және нағыздықтың тануға болатын бөліктерін материалдық игеруді (қоғамдық практика) біріктіреді.
Түйсік дегеніміз — заттың белгілі бір сапалық жағын алдыға қойып көрсетуден тұрады. Ол сырттағы заттың сезім органдарына әсер етуінің негізінде пайда болады. Көру түйсігі бізге заттың формасы, оның түсі, ашықтығы туралы мағлұматтар береді.
Қабылдау дегеніміз — зерттелінетн объектінің тұтас бейнесі, ол бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болады. Қабылдаудың негізінде түрлі түйсік түрлері қабысады. Бірақ ол қарапайым механиқалық жиынтық емес, ол — синтез. Түрлі сезім органдарынан келіп түскен түйсіктер қабылдауда біртұтас, толық заттың сезімдік бейнесін алдыға алып келеді. Сонымен көрудің және түсінудің негізінде форманың мейлінше тұтас бейнесін және заттың бояуын көз алдыңа келтіреді.
Түйсік және қабылдаудың жиынтығынан түсінік туады. Түсінік дегеніміз — өткен уақытта сезім органдарына әсер етіп, қазіргі сәтте қабылданбайтын заттың талданып, қорытылған сезімдік бейнесі. Егер түйсік пен қабылдау адамның затты көрген кезінде жүзеге асырылатын болса, түсінік затпен тура қатынас жасау арқылы пайда болмайды. Белгілі бір уақыттан кейін белгілі заттың бізге қалай әсер еткенін, оның бейнесін есімізде сақтай аламыз. Мысалы, белгілі бір уақыт өткеннен кейін алма туралы біз оны қолымызға ұстағандығымызды, артынан оны жегендегімізді еске түсіре аламыз. Сонымен, түсінік дегеніміз — сезімнің көрнекі сипатына орай таным деңгейлерінің алғащқы қадамына жатады. Сонымен қоса түсінік сезімдік танымнан рационалды танымға өтетін көпір міндетін атқарады.
Интеллектуалдық дамудың деңгейлері


Алгоритмдік деңгей, яғни типтік жағдайларда жиналған дағдыларды өзбетінше қолдану, ең қолайлы ортақ нәтижелерді таңдай отырып өзбетінше кескіндерді, кестелерді, диаграммаларды, блоктарды құрастыру.
Қайта жасаушы деңгей күрделі тапсырмаларды шешуде бірнеше алгоритмдерді, алдын-ала зерттелген материалдарды қолдану, пән аралық байланыс.
Эврикалық деңгей – тұлғалық-маңызды жаңалықтар, зерттелген материалдардың бірнеше тақырыптарын бойға сіңіруді талап ететін проблемалық-логикалық тапсырмаларды шешу, қосымша ақпараттық жинақ жасау, ғылыми әдістерді қолдану.
Шығармашылық деңгей – мәселелер қою және оны шеше білу, ғылыми жұмыс деңгейі, нәтижесінде қоғамдық маңызға ие болатындай жаңалық ашу.
Ойлау қабілетінің мазмұны


Индукция ойдың жалқыдан жалпыға қарай бағытталуын;
Дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды.
Білім параметрлері


Ойлау түрлері

Өз бетінше білім алу әдістері

Жазбалардың түрлері
Үзінділер оқу барысында қызықты айтылымдарды, қорытындыларды және олардың дәлелдерін, статистикалық мәліметтерді, сондай-ақ зерттелетін мәселеге қатысты фактілер мен мысалдарды жинау үшін жасалады.
Жоспар мақалада немесе кітапта мазмұндалған негізгі мәселелер тізбесі. Оқытушы мәтінді мағыналық мағыналық бөлімдеріне бөледі, ал білім алушылар оларға атаулар ойлап табады.
Тезистер жоспарға қарағанда мәтінді түбегейлі түрде бөлшектейді және талқылау көмегімен дәлелденетін қысқа бекітулер түрінде болады. Ең алдымен, мәтінді оқиды және логикалық аяқталған бөлімдерге бөледі. Содан кейін, мәтіндегі негізгі ойларды және олардың аргументтерін табады.
Конспект мәтіннің негізгі ережелерінен, олардың дәлелдерінен, сондай-ақ фактілі материалдардан тұрады. Сызбалар, зерттелген материалдар негізінде құрастырылған таблицалар енгізіледі. Қысқа, нұсқа, анық және логикалық кезекпен баяндалуы шарт, жоспар жасалғаннан кейін жасалады.
ІІ бөлім. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар

Зерттеудің құрылымы және қисыны
Зерттеу проблемасымен танысу. Оның өзектілігін негіздеу, зерттелетін пәннің мақсатын, міндетін анықтау;
Негізгі теориялық ережелерді, әдістерді, біртекті ойды таңдау;
Зерттеу болжамын құру;
Зерттеу әдістерін таңдау, тәжірибе жасау;
Түрлендіру және өңдеу, қорытынды жасау;
Тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Тақырыпты негіздеуге қойылатын талаптар
Жұмысқа кіріспестен бұрын, алдымен зерттеу тақырыбына қатысы бар ғылыми әдебиетпен танысу және зерттеудің ғылыми аппаратын жасау керек.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу қажеттілігі;
Тәжірибеде бар және ғылымдағы сұрақтарды өңдеу деңгейі арасындағы қайшылықтарды шешудің жолын іздеу;
Ғылыми ізденісті қолдану, яғни зерттеу мақсаты;
Болжам – проблемада қалыптасқан сұраққа болжамды жауап беру;
Зерттеу міндеттері – зерттелетін тақырыптың мәнін ашу, мақсатқа жету үшін міндеттерді шешу;
Зерттеу әдісі мен процедурасы – әдістер қолдану арқылы тапсырмаларды шешу жолдарын қарастыру.
Алынғна нәтижелерді талдау, қорытынды жасау.
Зерттеу әдістері
Бақылау – айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашкы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады.
Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау үшін зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.
Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше кұрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттык элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін.
Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бұл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі әр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің кез алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектиқалық бірлігін көрсетіп береді.
Аналогия деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында — математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады.
Алғашқы зерттелген объект — моделъ, ақпарат аударылған объект — түпнұсқа (оригинал) делінеді.
Ғылымда зерттеудің екі — эмпириялық және теорияльқ деңгейлері болады. Эмпириялық зерттеулер зерттелетін объектіге тура бағытталады, бақылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Ғылымның теориялық деңгейіне қорыта шолу жасалған ережелердің жиынтығы ретінде көрініс беретін ғылыми теория жатады. Қорытып шолу терминдермен, пікірлермен және ой қорытындылармен беріледі. Қорыта шолу көптеген айғақтарға сүйенеді, содан заңдар шығарылады. Ал заңнын өзі айғақтар мен оларды қорыта шолулардың арасындағы байланыс түрінде алға тартылады. Заңдар эмпириялық және теориялық болып бөлінді. Эмпириялық заңдар тек айғақтардан түзіледі. Теориялық заңдар болса, тек қорыта шолулар мен ұғымдардан тұрады.
Ғылымның дамуында үш негізгі теориялық әдістердің үлкен маңызы бар. Олардың біріншісі — аксиомалық әдіс. Аксиома дегеніміз — логикалық дәлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайтын ереже екені белгілі. Евклид геометриясында жазықтықта жатқан екі нүкте арқылы тек бір ғана тузу сызык сызуға болады деген аксиома бар (істің дәл осындай екенін тексеруге болмайды). Аксиомалар бір-біріне қайшы келмеуі керек. Аксиомалық әдістер логикамен математикада кең қолданылады. Ол қайшылықтардың кез келгенін жоққа шығарады.
Теориялық қана емес, эмпириялық деңгейде де зерттеу жүргізілетін ғылымдарда долбарлық-дедуктивтік әдісті қолдану идеалды болады. Мұнда аксиоманың орнына долбар койылады. Долбар дегеніміз — тәжірибелік айғақтармен салыстыра қарағанда теріске шығарылуы мүмкін білімдер. Долбарлық-дедуктивтік әдіс жақсы математикалық дайындықты талап етеді. Ол қазір физикада, электротехникада, радиотехникада, экономиқалық ғылымдарда кең колданылады.
Долбарлық-дедуктивтік әдісті колдануға мүмкін болмағанда, сипаттау әдісіне жүгінуге тура келеді. Зерттелетін объектінің "келбеті" сөзбен, графикамен, сызбамен берілуі мүмкін. Қазір зерттеушінің ойы долбарлық-дедуктивтік әдісті қолданғаннан гөрі, тура тәжірибе мәліметтеріне жиірек жүгінуге мәжбүрлейді, заңды байланыстарды табу киындайды. Сипаттау әдісі биологияда, медицинада, психологияда, социологияда қолданылады. Егер сипаттау әдісі долбарлық-дедуктивтік әдіс деңгейіне дейін көтерілетін болса, оны әрқашанда жеңіс деуге болады. Долбарлық-дедуктивтік әдістің талаптарына бағынбайтын кейбір ерекше күрделі кұбылыстарды зерттеуде сипаттау әдісі тиімді болуы мүмкін.
Ғылыми жобаларды безендіруге қажет құжаттар тізбесі мен талаптар
Титульды парқ
Мазмұны
Аннотация (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын)
Кіріспе
Зерттеу бөлімі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Ғылыми жетекшінің пікірі (зерттеу жұмысына тігілмейді)
Титулды парақта:
Ұйымның (мекеменің) толық атауы
Жұмыстың атауы (тақырыбы)
Бағыты
Секциясы
Автордың аты-жөні
Ғылыми жетекшісінің аты-жөні
Қала (жарыс өтетін қала) жылы көрсетіледі.
Мазмұны
Кіріспе ....................................................................................................3
Зерттеу бөлімі:
а) ........................................................................................4
б) ........................................................................................13
в) ........................................................................................20
Қорытынды ..........................................................................................21
Әдебиеттер тізімі ....................................................................................22
Аннотация
Аннотация 3-4 сөйлем көлемінде жұмыстың тақырыбы мен мәні көрсетіледі (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)
Кіріспе мазмұнына қойылатын талаптар:
Көлемі 1-2 беттен тұрады.
Таңдап алынған зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Осы жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Қойылған міндеттерді шешу жолдары.
Қазіргі уақытта жұмыстың орындалу деңгейі.
Зерттеу жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар:
Көлемі 10-25 бет аралығында (немесе одан да көп)
Зерттеу жұмысы жеке тараулардан құрылуы шарт.
Қойылған міндеттерді шешу, сипаттама келтіру, қорыту.
Бейнелік материалдар (сызбалар, суреттер, кескіндер және т.б.).
Сілтеме: мәтіндегі сілтемелер рет-ретімен тік [4] жақшада нөмірленуі қажет.
Интернетті қолданған кезде сайтты және уақытын көрсетіңіз сайттың атау, 11.01.2014
Қорытынды
Көлемі бір беттен кем емес.
Жұмыстың негізгі нәтижелері.
Қорытындылар, нұсқаулар, ұсыныстар.
Қолданылған әдебиеттер тізімін жасауға қойылатын талаптар:
Мәтінге жасалған тік жақшада көрсетілген сілтемелер ретімен жазылады.
Автордың тегі мен инициалдары;
Газет-журнал үшін: мақала, қос көлбеу сызық қойылады // газет-журналдың атауы, нөмері, жылы, пайдаланылған беттері көрсетіледі.
Кітаптар үшін: кітаптың атауы, қала, баспа атауы, жылы, пайдаланылған беттері көрсетіледі.
Интернет үшін: сайт және сайтқа кірген уақытыңыз көрсетілуі керек.
Сұхбат үшін: сүхбат берген автордың тегі инициалы, күні, айы, жылы көрсетіледі.
Ғылыми жетекшінің пікірі:
Көлемі 1-2 бет, жұмысқа тігілмейді.
Тақырыптың өзектілігі автордың жұмысты жазудағы жеке үлесі, кемшілігі, жетістігі және нәтижелері, ұсыныстары көрсетіледі.
Баспалық безендіру
1.Жоба компьютерде басылуы керек.
2.Шриф көлемі – 14.
3. Сол жағы 2,5 см, қалған жақтары 1,5 см.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Ғабитов Т. Философия. Алматы: Раритет, 2006.186-189 бет.
2.Тілешов Е. Әдістеме әлемінде. Алматы: Сардар, 2008. 6-18 бет.
3.Мәрсәлі Р. Мектептегі дәріс. //Қазақстан тарихы 12.2006. 13-18 бет.
4.Мәрсәлі Р. Сарамандық сабақ. //Қазақстан тарихы 12.2006. 23-25 бет.
5.Нысанбаев Ә. Қоғамдық білім негіздері. Алматы: Мектеп, 2006. 152 бет.
6.Сәуенова Р. Әдістемелік нұсқаулық. Алматы: Мектеп, 2007.
7.Қазиева А. Қазіргі мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Астана: Дарын, 2011. 172 бет.