Презентация на тему Информатика п?ні бойынша ?ылыми-зерттеу ж?мыстарын дайындау ?дістемесі


«ӨРЛЕУ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИЛАЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ Оқушыларды ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне баулуда оқытуды ізгілендіру, өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін - өзі жетілдіріп, өсіруші, құзыретті тұлға қалыптастырудағы тәжірбиемен бөлісу Оқыту әдіс – тәсілдері Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин Репродуктивтік әдіс Дедуктивтік әдісИндуктивтік әдісІзденіс немесе эвристикалық әдіс. Әдістер топтамасы: Репродуктивтік әдіс - мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады.Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады.Индуктивтік әдіс. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Зерттеу әдісі. Оқушыға мәселені өз бетімен шешуге үйрету.Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтайды. Ғылыми-зерттеу әрекетінің мақсаты: оқушының өзін-өзі ұйымдастырушылық қабілет және өзбеттілігін дамыту құқықтық мәдениеттіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру шығармашылық іс - әрекетке қажет қабілеттерді дамыту толеранттылық, басқаның пікірін сыйлау, диалог жүргізе білу, мазмұнды шешімге келу Мұғалімнің міндеті:1.Оқушыға алынған білімдерін кеңейтуге мүмкіндік беретін, яғни ақпаратты тез нақты іздестіруге үйрету,оны құрамдастыру, өңдеу алгоритмінің тиімді жолын табу2.Оқушының шығармашылық потенциалын дамыту3.Оқушының өзін - өзі бағалау дағдысын қалыптастыратын жағдайлар жасау4. Оқушылардың танымдық ойлауы мен дағдысын қалыптастыру;5. Өзінің білімін өздігінен құрамдастыруға баулу;6. Әр аймақтағы әртүрлі ғылымнан алған білімді кіріктіру;7. Сыни ойлауға үйрету.8. Оқушыны өмірдің өзгерісіне, ағымына икемделе білетін, болашағына дұрыс таңдау жасап, ұтымды шешім қабылдай алуға дайындау мұғалім оқушыға іздену көздерін табуға көмектеседі; мұғалімнің өзі - ақпарат көзі; мұғалім жалпы үрдісті басқарады; мұғалім оқушыларды қолдайды, мадақ-тайды; қайтымды үздіксіз байланыс орын алады. Әр ғылыми-зерттеу мұғалім мен оқушының бірлескен іс- әрекет нәтижесі болып табылады, өйткені: Жобаның кезеңдері: ізденіс анализ тәжірибе тұсау кесу бағалау Проблеманы анықтау, жағдайды моделдеу, жоба тақыры-бын анықтау, проблема айма-ғында ізденіс ұйымдастыру, жобаның мақсат- міндеттерін айқындау. Бар ақпарат-ты өңдеу, жұмыс бары-сын жоспар-лау, ресурс-тарды талдау, өнімді болжау. Жұмыстарды орындау, ағымды бақылау жүргізу, технологияның қажет жерлерінде өзгерістер енгізу. Өнімді алдын- ала бағалау, тұсау кесу материал-дарын дайындау, жобаны қорғау. Жоба нәтижелерін талдау, өнімді бағалау. Зерттеудің жіктелуі: Оқушы іс-әрекеті бойынша: тәжірибеге- бағытталған, зерттеушілік, шығармашылық, ақпараттық, ізденушілік, Жүйелілігі бойынша: моно, мини,пәнаралықМерзімі бойынша: қысқа, апталық, ұзақОқушы саны бойынша: жеке, топтық Контакттар сипаты бойынша: ішкі, аймақтық, халықаралық;Координациясы бойынша: ашық, жабық; Жобалардың өнімдері: есеп беру, сызба, жобалық тұсау кесулер , патент, реферат, баяндама, конференциялар, суреттер, зерттеу жинақтары т.б. Портфолио Резюме Ақпараттық жоба. Әртүрлі көздерден ақпаратты іздеу, табу.Жобаның нәтижесі- жүйеленген, сараланған, белгілі бір түрде көрсетілген ақпарат.Ойластырылған құрылым және ақпаратты іздеу алгоритмі талап етіледі. Бағыты: Ақпарат және ақпараттық процессЖоба: Компьютер әлемінің жаңалықтарыЖоба түрі: ақпараттық,жалпыКүтілетін нәтиже: Компьютер әлеміндегі жаңалықтардан хабарламалар, ағымдағы баспалардың мақаларынан, суреттерден жинақталған дәптер немесе альбом дайындауМақсаты: Ақпараттық процесстерді басқару (ақпарат алмасу, сақтау,өңдеу) дағдыларын бекіту. Тапсырманы өзбетінше орындау дағдысын және өз дүниетанымдығын кеңейту қажеттілігін дамыту.Оқу – педагогикалық міндеттері: баспасөз материалдарын қолданып, альбомды өрнектеп құрастыру.Жинақталған материалды өңдеу, өз пікірін қосу.Өз жұмысын таныстыру, қорғау Пәндік – мазмұнды аймақ: информатикаҰзақтығы: тоқсан, оқу жылыАльбомның жасалу барысын қадағалауды,бағалауды өзім ұйымдастырамын. Оқушылар жаңа материал бойынша хабарламалар жасайды. Тоқсан немесе жыл соңында ең жақсы жобалар сыныпқа ұсынылып, сабақтарда пайдалану мақсатында информатика кабинетінде орын алады. Рольдік ойын жобасы. Іс- әрекет құрылысы белгіленген.Қатысушылар өздеріне рольдер алады( әлеуметтікден- әдебиеттікке).Жобаның бастапқы және соңғы кезеңдеріндегі нәтиже белгіленеді.Басым- рольдік-ойын іс-әрекеті. Бағыты: КомпьютерЖоба: ДК-ді таңда (7-9 сынып) Жоба түрі: рольдік ойын, мини жобаКүтілетін нәтиже: Бастапқы жағдайларға сәйкес өз біліміне сүйене компьютер моделін таңдауда дұрыс шешім қабылдау.Мақсаты: «ДК құрылғысы» тақырыбы бойынша оқушы білімінің сапасын тексеру. Информатика сабағында зерттелген тақырыптың тәжірибелік қолданылуын көрсету, «сатушы – сатып алушы» жағдаяты барысында өзін - өзі бағыттау мәдениетіне үйрету. Оқу – педагогикалық міндеттері: Компьютер фирмаларының газет, прайс- парақтағы жарнамалық хабарламаларды қолданып өзіне ең тиімді ДК-дің конфигурациясын анықтау.Таңдауын дәлелдеу. Пәндік – мазмұнды аймақ: информатика Ұзақтығы: бір сабақЖүру барысы: Оқушылар алдын – ала 2 топқа бөлінеді. 1 топ оқушылары компьютерлік фирманың өкілдері. Олар сабаққа дайындалған жарнамалық хабарламалар, прайс – парақтарын, жарнама бүктемелерін әкеледі.2-ші топ оқушылары «сатып алушылар» тобын құрады. Бұл топтағы оқушылар қолдарындағы бар ақшаға белгілі бір мақсат үшін компьютер сатып алғылары келеді. «Сатып алушылар» анықталған шектеулерді ескере отырып, тиімді таңдау жасауға ұмтылады. Барлық сатып алушылар келісім шарт жасасып болғаннан кейін, ойналған оқиғаның нәтижесіне талдау жүргізіледі. Зерттеуге бағытталған жоба. Тәжірибелік проблеманы шешуге бағытталған.Әлеуметтік қажетті нәтижені алу.Жақсы ойластырылған құрылым қажеттілігі.Қатысушылардың іс- әрекетінде ұйымшылдықтың болуы.Пәнаралық байланыстың болуы.Басқа мекемелермен,адамдармен байланыс. «ДК дұрыс таңдай білу маңызды ма?» деген сауалға жобаны дайындап, қорғауда оқушы жобамен жұмыс істеу кезеңдерінен, яғни берілген тақырыптың мақсатын айқындап, оған гипотеза ұсынып, зерттеу әдістерін талқылап, алынған нәтижені жүйелеп, түйін жасап, оны сыныптастарының алдында қорғап, өз жұмысының тұсаукесерін жасады. Бұл жоба оқушының іс - әрекетіне қарай – зерттеуге бағытталғанжүйелілігі бойынша - минижоба, мерзімі- 2 сабақ, оқушы саны бойынша – жеке, контакттар сипаты бойынша – ішкі, жобаның координациясы бойынша - ашық болып өтті «Алға қойылған мақсатқа жетуде алгоритмді қолдану шарт па,шарт емес пе?» деген сауалға жобаны дайындап, қорғауда оқушы жобамен жұмыс істеу кезеңдерінен, яғни берілген тақырыптың мақсатын айқындап, оған гипотеза ұсынып,зерттеу әдістерін талқылап, алынған нәтижені жүйелеп, түйін жасап, оны сыныптастарының алдында қорғап, өз жұмыстарының тұсаукесерін жасады. Бұл жоба оқушының іс - әрекетіне қарай – тәжірибеге бағытталған, жүйелілігі бойынша - минижоба, мерзімі- 2 сабақ, оқушы саны бойынша – жеке, контакттар сипаты бойынша – ішкі, жобаның координациясы бойынша - ашық болып өтті Білімді өздігінен меңгеруге, сол білімді жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелерді шешуге жұмсауға үйренеді; Талдау жасауға үйренеді Коммуникативті білік-дағдыны меңгереді Қажетті ақпарат жинайды Жобалық технологияны қолдануда әр оқушы Қорытынды жасап, түйіндер шығарады Ақпаратты тез нақты іздестіруге, оны құрамдастыруға,өңдеу алгоритімінің тиімді жолын табуға үйренеді мұғалім оқушыға іздену көздерін табуға көмектеседі; мұғалімнің өзі - ақпарат көзі; мұғалім жалпы үрдісті басқарады; мұғалім оқушыларды қолдайды, мадақтайды; қайтымды үздіксіз байланыс орын алады. Әр жоба мұғаліммен оқушының бірлескен іс- әрекет нәтижесі болып табылады, өйткені: Жалпы компьютерлік сауаттылықты сапалық меңгеруде оқушының ішкі қажеттілігі қалыптасты Өзінің білімін болашақта информатикамен байланыс-тырғысы келетін оқушылар тобы құрылды Ғылыми көзқарас негізі қалыптасты Толеранттылық,яғни басқаның пікірін сыйлап,диалог жүргізіп, мазмұнды шешімге келіп отырды Күнделікті өмірмен байланысты мәселелерді логикалы ойлау арқылы шешу дағдыларықалыптасты Жас ерекшеліктеріне қарай өздерінің күштерін ізденушілік,өзбеттік жұмыстануға көбірек жұмсады