Топты? ж?мыс. м??алімге к?мекші ??рал
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Қазанбасы орта мектебі» ММТоптық жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының Үшінші деңгей математика пәні мұғалімі Баекенова К.У. Маған айт – мен ұмытып кетемінҮйрет маған – менің есімде қаладыӨзіме істет – мен үйренемін Қытай мақалы
Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары
Топта бірлескен жұмыс жүргізу себептеріТапсырманы анықтауЖоспар құруЖұмысты және ресурстарды бөлісуЖұмыстың сапасын, қарқының бақылауТәртіп сақтауҚомандалық рухты дамытуЫнталандыру, мақсаттылықты дамытуРольдерді бөлісуТоп ішіндегі қарым-қатынасты қамтамасыз етуЖеке проблемаларға назар аударуТоп мүшелерінің пікірінбағалауТоп мүшелерінің қабілеттіліктерін тану және қолдануТоп мүшелерін оқыту және оларға көмектесу
Топтық жұмыс барысында дамитын дағдылар
Топ құру кезеңдері
Топтың көлемі
Дағдыларды дамыту үдерісі
Сабақта парталарды қою үлгілері
Топқа бөлу түрлеріҚағаз қиындыларыБірнеше құттықтау қағаздардың әрқайсысын (немесе ақ парақтарды) топ құрамындағы оқушылар саны бойынша жыртып (төртке, беске), оларды араластырып, таратып беру керек. Оқушылар қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайдыӘн бойынша бөліну Оқушылар топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Студенттер сол әндерге байланысты топтарға бөлініп, карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындайды.Ұқсас ерекшеліктерМұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы, туған айы, жұлдызнамалық белгісі, киген киімдері, шашының түсі, т.б.), сол бойынша төрт (немесе үш, бес) адамдық топтарды құруды тапсырады немесе топтарды құру жұмысына өзі кіріседі:- Мына партаға аталары мен әжелері барлар отырады.- Мына жерге үйдің кенже балалары отырады.- Мында «Нокиа» ұялы телефондары барлар отырады.- Бір айда туғандар отырады. Заттар бойынша бөліну Әр оқушы өзінің бір ұсақ затын оқытушыға немесе жүргізушіге тапсырады, мәселен, қаламсабын, дәптерін, помадасын, кілтін, көзілдірігін, т.б. Бұл заттар портфелге салынып, әр партаға төрт-төрттен ретсіз түрде қойылады. Студенттер өзінің заты қойылған парталарға отыруы керек
«Өз жартыңды тап» Тыңдаушыларға әртүрлі формада қиылған суреттер бейнеленген бөліктер таратылады. Олар басқаларға таратылған осы суреттердің бөліктерін табу арқылы 6 адамнан тұратын топтарға жинақталады.Атомдар мен молекулалар Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім.Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты), оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады. Жағымды сөздер Мұғалім оқушылардан «Бүгін қандай жағымды, жылы сөздер естідіңіздер?» деп сұрап, олардың жауаптарын тақтаға жазып қояды. Жауаптардың саны топ сандарымен байланысты болады. -Ботам! Сәлеметсіз бе? Бүгін әдемі болып кетіпсіз ғой! Жұлдызың жансын! Тамаша!Бұл сөздерді оқушылар кезектесіп бір-бірден атайды. Топ құрамдары әр оқушының қандай сөздерді айтқанына байланысты болады.