А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? ауыз екі дамытуда?ы м?тінмен ж?мысты? р?лі


«Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамытудағы мәтінмен жұмыстың рөлі»
Тіл – сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде прайдалануы тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.  Ағылшын тілі сабағында мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесі ұсынылды;– Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу арқылы ғылыми стильге жаттықтыруға, тіл терминдерімен сөздік қорын байытуға болатындығы және ол жұмыстардың  оқушылардың ауызша және жазба тілін дамытуда маңызды екендігі анықталды;-Оқушының сөйлеу әрекетін дамытуда, қалыптастыруда,  белсенді әдіс ретіндегі іскерлік ойындардың мүмкіндігі  және диалогті оқыту технологиясы, интерактивті әдістерді пайдалану технологиясы, кейс-стади  технологияларының маңыздылығы  айқындалды.Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын, ағылшын тілінде өз ойын ауызша жеткізе алатын, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? деген сұрақ туындайды.Оқушылардың сөйлеу дағдысы  алғаш сабақ басталғаннан бастап қалыптаса бастайды.·        Сұрақ-жауап·        Диалог·        Сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс·        Байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары·        Берілген сауалға өз ойларын білдіруге үйрету·        Мәтінмен жұмыс·        Монолог түрінде сөйлеуді дамытуЕң бірінші сұрақ-жауап арқылы іске асады., мұғалім сұрақ қояды, өзі жауап береді,сұрақ оқушыға қойылады, екінші кезеңде оқушы жауап береді, сұрақ-жауап күнделікті сабақтарда жиі қайталанып отырады, яғни оқушылардың алғашқы сөйлеу дағдысы сұраққа жауап беру арқылы іске аса бастайды. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады.T: Good morning, children! Ch: Good, morning, teacher! T: How are you? Ch Fine, thanks. And you? T I' m fine, thanks you. I'm glad to see you. And you? Ch: We, too. T: Sit down, please. Мысалы: ағылшын тілін алғаш оқыған кездерде оқушылар диалогты оқып, мазмұнын түсініп отырса ол оны кітапсыз, есіне сақтау қабілетін қосып рольмен ойнап береді. Осы кезде жиі-жиі рольдерін ауыстырып отыру керек. Және  диалогты өз ойыңмен аяқта, тірек сөздерін сақтау керек екенін ұмытпағаны жөн. Екі бала бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Оқушылар аты-жөнін, жасын немесе қай сыныпта оқитынын айтуға дағдыланады, еркін айта алатын дәрежеге жетеді.T: What’s your name? P: My name’s  Ann.T: How old are you? P: I’m 11. T: Which class are you in? P: I’m in class 5b. Келесі кезекте Where are you from? құрылымы  негізінде оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы сөйлесіп,тілдерін дамытады.Оқушыларға елдердің аттары жазылған үлестірме қағаздар беріледі, елдердің аттарын оқып оқушылар тілдерін жаттықтырады, содан кейін бір оқушы оқушыларға кезекпен сұрақтар қояды, оқушылар қай елден келгендерін айтады.P1: Where are you from, Colin? P2: I’ m from London. P1: Where are you from,Carol? P2: I’ m from Great Britain. P3: I’ m from Russia.. P4: I’ m from the USA. P4: I’ m from China.etc. елдердің орнына әр елдің қалаларын алмастырып айтуға болады, оқушылар III жақта да  He(she) is from Kazakhstan(Russia, China France etc.) сөйлемдер айтып, тілдері жаттыға бастайды.Can/can’t  модальдық етістігін сөйлемдерде қолдану арқылы оқушылар өздерінің не істей алатыны, не істей алмайтынын айтып, іс-қимылмен көрсетеді, тез сөйлемдер құрастырып, белсенді қатысады.(басқа да етістіктерді алмастыруға болады)P1: I can jump, but I can’t fly. P2: I can sing a song; but I can’t dance. P3: I can dance, but I can’t run. P4: I can swim, but I can’t drive. P5: I can play computer games, but I can’t play chess. etc. Келесі кезекте What can(can’t) she(he) do? сұрағына жауап беріп те оқушылар бір-бірінің не істей алатынын, не істей алмайтынын ортаға салып  сөйлеседі.“My Family”тақырыбындағы сөздерді де оқушылар тез жаттап алады, оқушылар өз жанұялары түскен суреттерді алып келіп, еркін таныстырады, өз ата-аналары, олардың аттары, жастары т.б айтады.Оқушылар жаппай сабаққа қатысып, белсенділік танытады, бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді, соңында өз жанұялары туралы әрқайсысы өз пікірлерін  айта алатын деңгейге жетеді.P1: This is my father. His name is Mike. He is 43. P2: This is my mother. Her name is Sarah. She is 40. P3: This is my brother and this is my sister. My brother’s name is Marat and my sister’s name is Arai. My brother is a student. My sister is a pupil. Оқушылар осы қарапайым сөйлемді әр сабақ сайын сөздік қоры дамығасын     “My family”, “ My Friend’s family” т.б тақырыптарда бір-біріне хат жазу,әңгіме құрастыру тапсырмалары беріліп,  оқушылар шығармашылық жұмыстарға талпынып , пәнді білуге деген қызығушылығы оянады.Өйткені қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Сондай-ақ, ойындар да оқушыны жан-жақты дамытып, білімді  толық игеруіне көмектеседі. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынған. Яғни ағылшын тілін меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі: баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Осы орайда  сабағымда қолданып жүрген коммуникативтік құзіреттілікке құрылған тапсырмалардың мынадай үлгілерін қолданамын:Make up a dialogue about own future professionsP1: What will I do?Wizard: You’ll be a famous writer.P3: Who will my brother be?W.: Your brother will be a great doctor.P4: What will I do?W.: You will be a teacher in next years.P6: What will I do?W: You will a popular singer.Reflection: Let us have a rest Guess the Rebuses. Answers: street,pear
Working in groups.(by posters) To indicate  on maps about the places of being on weekends, using the Future Simple.Examples:TV/ dance/ buy presents/walk the dog. On Sunday my father will play hockey.   On weekends we are going to mountains with my family.b. To match the parts of the sentences 1.A hospital is aplace where                c. doctors and nurses work2.An ambulance is a vehicle                a.takes people to hospitalАғылшын тілі пәнін оқыту тенденцияларының бірі кешенді оқытудағы тілдік аспекті фонетикалы, лексикалық және грамматикалық құрылымдарды қамтиды. Ал сөйлеу аспектісі тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымнан тұрады. Жалпы кешенді оқыту екі ерекшелікпен сипатталады: 1) сабақ мазмұны түрлі типтегі сөйлеу дағдыларының негізінде коммуникативтік-сөйлеу шеберліктерін қалыптастыруға бағытталады; 2) сабақ мазмұны практикалық оқытудағы түрлі сөйлеу әрекеттерінің өзара байланысын қамтиды. кешенді оқыту тілдік және сөйлеу аспектілерін қамтиды.Сөйлесім – күрделі психофизикалық және психолингвистикалық үдерістердің біріне жататын сөйлеу әрекетінің түрі. Бұл тыңдалымға кері үдеріс. Оқушыларды қарымқатынас құралы ретінде сөйлесімге баулу: а) бір-бірінен немесе мұғалімнен қажет ақпаратын сұрауға; ә) өзіндік ой-пікірлерін алмасуға; б) оқыған немесе тыңдаған материалмен байланысты топтық әңгіме құруды; в) күнделікті танысу, кездесу сияқты жағдаяттарды қалыпты түрде қабылдау; г) сипаттауға, әңгімелеуге, мазмұндауға, пікірталастыруға үйретеді. Бұл ретте коммуникативтік дағдыға үлкен назар аударылуы керек, яғни қарым-қатынасты бастау, өз серіктесіне қарым-қатынастың жалғасын табу үшін стимул беру.
Бұл мақалада  қазіргі мектеп үрдісінде шетел тілін оқытуда оқушылардың коммуникативті құзіреттіліктерін дамыту біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастырудың қажеттілігі  қарастырылған.
Өзара қарым-қатынас жүйесі іспетті оқиға негізінде ағылшын тілін оқыту коммуникативті оқыту өзара қарым-қатынас жүйесі іспетті түсінікті оқиғалар негізінде ағылшын тілін меңгертудегі даралық принципі. Коммуникативті әдісте оқушы жеке тұлға болып саналады.