Поурочный план на казохском языке по химии
Сабақтың аты Мұнай
Сілтеме ЖоспарЖалпы мақсаты Мұнай, мұнайдың құрамы туралы ақпарат беру; мұнайды өңдеу әдістерін және өңдеуге арналған құрылғылармен таныстыру; қолдану салаларын түсіндіру; көшбасшылықты дамыту.
Күтілетін нәтиже Мұнайды таниды және ажырата біледі.
Мұнай өнімдерімен танысады, қолданылу салаларын білетін болады.
Өңдеу әдістерін түсінеді.
Көшбасшылығы дамиды, өзін- өзі реттейді.
Негізгі идеяларМұнайды айдау және крекингілеу әдістерімен өңдеуге болады.Мұнай өнімдері химия өнеркәсібінде, күнделікті тұрмыста , ауыл шаруашылығында қолданылады.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Мұнайды өңдеу» Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Химиялық диктант»
Сабақбойыншамұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)
ІІ.Үй тапсырмасын талқылау үшін жабық сұрақтар беріледі:
Табиғи газдың құрамы қандай?
Табиғи газдың артықшылығы мен маңызы қандай?
Табиғи газды өңдеудің негізгі мақсаты не?
Неліктен мұнайға серік газдар деп аталады?
Мұнайға серік газдардың табиғи газдан айырмашылығы неде?
Мұнайға серік газдар қайда қолданылады?
ІІІ. Ой қозғау.
Кім айтады ел мен жұрттың өлшемін,
Кенде жатыр күш-қуат пен мол сенім
Кенің бар ма? Жоқ болса, егер жарлысың,
Кенің болса, келешегің зор сенің.
Жер-анам мен өз-анам егіз екен!
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам- туды! Жер – анам жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.
Оқушылар өлең мәтіні бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
БҮБ кестесінің бірінші бөлімін толтырады.
ІV. Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс.Топ мүшелері араларынан лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтап алуы қажет. Әр топ өз ортасында берілген тапсырманы талқылап сызбанұсқа жасайды. Баяндамашылар топ жұмысын қорғауы қажет.
І –топ 1.Мұнайдың құрамы, қасиеттері және одан алынатын өнімдер.
ІІ – топ 2. Мұнайды өңдеу әдістері
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау (15 минут)
Топтық жұмыс критерий арқылы бағаланады.
Ү. Жұптық жұмыс.
1-ші жұпқа тапсырма
Сәйкестендір: лигроин 40 – 2000 С
керосин150 – 2500 С
бензин180 – 3000 С
2-ші жұпқа тапсырма Мына айналымдыжүзеге асыр:
С16Н34 С8Н18 С4Н10
3-ші жұпқа тапсырма Есеп
Автомобиль 100 км жол жүргенде 20 м3 пропан жағады. Автомобиль
100 км жол жүргенде ауаға қанша көлем ( қ.ж ) СО2 шығарады?
Автомобиль осы жолды жүріп өткенше қанша көлем ( қ.ж ) ауа жұмсалады?
Бұл жұмыстар өзара жұптар арасында бағаланады.
Ү. «Бойымызды жазып, ойымызды сергітейік»
Бір элементтің реттік санын ойла
Оны екіге көбейт
Шыққан санға 5-ті қос
Одан шыққан санды 5-ке көбейт
Шыққан санның соңғы санын алып таста
Шыққан саннан 2-ні азайт
Сонда бастапқы ойлаған элементтің реттік нөмірі шығады.
ҮІ. Жеке жұмыс
Химиялық диктант
1.Мазуттың айдалмайтын бөлігі ..........
2. Ректификациялық бағананың биіктігі ..........
3.Ашық түсті мұнай өнімдеріне .......... ................................................ ....... жатады.
4.Бензиннің қопарылыс түрінде жануы ............... деп аталады.
5. Бензиннің детонацияға төзімділігін есептеу үшін ........ пайдаланылады.
6.Крекинг сөзі ағылшын тілінен аударғанда ....... дегенді білдіреді.
7.Мұнайды айдауға арналған қондырғы ..................... бөліктен тұрады.
8.Мұнай өнімдерін жоғары температурада крекингілеу процесін ................ деп атайды.
9. Қазақстанның мұнайға бай аймақтары ................
Жеке жұмысты оқушылар өзара жұмыстарын алмастыру арқылы ұпай сандарымен бағалайды.
БҮБ кестесін толтырып сабақты қорытындылайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мұнай тақырыбын оқу.