Бастауыш сыныптарда п?ндерді о?ытуда ойын элемерттерін пайдалану


Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда пәндердің оқытылуы. Бастауыш сыныптарда пәндерді оқытуда ойын элемерттерін пайдалану.
Мақсаты: Бастауыш сыныптарда пәндерді оқытуда дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмаларды тиімді пайдалану арқылы, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабілет – қасиеттерін дамыта отырып олардан өзіне, қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті, мақсат қол білетін, өзіндік бүгінгі өмірге бейімі бар, озық оқушыларды дайындау.
Міндеті:
1. Дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмаларды орынды қолдану арқылы бастауыш сыныпта негізгі пәндерде сапалы білім беру шығармашылық қабілетін дамыту.
2. Оқушыны ойлауға, алған ақпаратын өмірде пайдалану.
3.Оқушының өз пікірін білдіруге, салыстыруға, бағалауға пікір білдіруге бейімделуіне қөмектесу
Ойын тапсырмалары бойынша
өткізілген сабақтар үдісіндегі өзгеріс және нәтижесі.
Мұғалімнің іс әрекеті.
Тапсырмаға деген іскерлігін ұштайды.
Оқушының дербес қабілетін дамыту әрекетін ұстанады.
Нақты, мақсатты жұмыс істеуге бағыттайды .
Бейімі мен қабілетіне сай топ құрады.
Ойларын жазуды ұсынады.
Қорытындылауға бағыттайды.
Оқушының іс әрекеті
Ойлау сөйлеу қабілеттері дамиды.
Өз бетімен жұмыс істеуге дайындалады.
Оқушы өзін –өзі бағалап білім деңгейі артады.
Қабілет бейімділігі ұштасады бірігіп ой қозғайды.
Өз-өзіні қорытынды жасайды, баға береді.
Ізденеді жаңалыққа ұмтылады.
Ойын түрлері
Қозғалмалы ойындар.
Компьютерлік ойындар.
Сюжеттік – рөлдік ойындар.
Дидактикалық ойындар.
Саясаттану ойындар.
Әңгіме ойындар.
Тапсырма ойындар.
Алдын- ала болжау ойындар.
Жұмбақ ойындар.
Ұлттық ойындар.
Ойынның атқаратын функциясы
Коммуникативтік сөйлесу тілін ұстану.
Көңіл аулау қызығушылығын арттыру.
Әлеуметтік қарым – қатынас нормасы.
Қиындықты жеңу жолдары.
Диагностикалық өзін – өзі тану.
Ойынның педагогикалық процестегі қасиеті
Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық.
Үйретуші, жаттықтырушы, бақылаушы, тіл дамытушы.
Шығармашылық нәтижесі.
Коммуникативтік диагностикалық.
Ойын өткізу түрі
Жалпы
Жекелей
Топтық
1. Сабақтарда сюжеттік – рөлдік ойындар. Баланы тәрбиелеудегі ерекше орынға ие. Олар ұжымдық сипатта болады, өйткені қоғамдағы қатынастарды суреттейді. Рөлдік ойындардың негізгі компоненттері тақырып, мазмұн, ойдан шыққан сюжет және рөл. Бұл ойындарға бастауыш сыныптарда қиялын ұштауға ертігілер көп көңіл бөлінеді.
2. Дидактикалық ойындар-үйретілуі мазмұнымен ерекшеленеді, балалардың танымдық әрекеті, ойын іс- әрекетімен ережелері, ұйымдастырылуы және балалардың өзара қарым – қатынасының дамуына мұғалімнің рөлі маңызды.
Әртүрлі жинақтарда 500-ден астам дидактикалық ойындар көрсетілген,
Математика сабақтарында:
Бөлігін тап.
Кел ойнайық!
Кім жылдам .
Математикалық парашюттер.
Қызықты көбейту кестесі.
Үй іздегендер.
Сөз құрастыр.
Балық аулау.
Кім жылдам!
3.Танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында
Сөзжұмбақ
Бақта
Ребус
Жұбын тап
ойындарын жүргіземін
Ойын жұмбақтар.
Жұмбақтың пайда болуы ертеден келе жатыр. Жұмбақтар халықтың өзімен құрастырылады, салт – дәстүрге кіреді. Олар білімді тапқырлықты тексеру үшін қолданылады. Бүгінгі уақытта жұмбақтар, жұмбақ жасыру және шешімін табу үйрету ойынның түрі ретінде қарастырылады.
Қызықты математика жұмбақтары баланың ойлау қабілетін артырады.
Әңгіме ойынӘңгіме негізінде баланы шығармашылыққа баулыйды. Шағын әңгіме жазуға сурет арқылы ойын жеткізуге үйретеді. Сөздік үлгі, тірек сызба, сурет, ертегі желісі арқылы балалар қиялының жігерленуін талап етеді.
Алдын – ала болжау ойыны«Не болар еді?» немесе «Мен не істер едім» деген атауында жатыр ойын барысы берілген тапсырмамен анықталады және балалардан қойылған шарттармен ақылға қонымды іс – әрекеттер талап етіледі. Оның құрамында жарыстырушы да элементтер бар: «Кім тез ойланады?» Қазақ тілінен
Дыбыс алу
Дыбыс қосу
Сөз табу
Ортақ әріп
ойындары баланың сөздік қорын дамытады.
Ұлттық ойын
«Халық педагогикасының негізгі саласы ретінде оқушыларға жан- жақты білім беруде өмір тәжірибелерін кеңейтуде, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіреді. Ұлт ойындарын шаңырақ тәрбиесімен бастап мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында соның ішінде ана тілі, қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындардың элементттерін қолдануға болады.
Бәйге
Төлін тап
Алтын сақа; Қан талапай
Теңге алу. Арқан тартыс
ойындарын тиімді пайдалану қажет.
8.Жаңа технология үлгілеріндегі ойын элементтерін пайдалану
Дамыта оқыту технологиясының авторларының пікірінше бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Дамыта оқыту технологияларын басшылыққа ала отырып, баланы жалпы дамыту оның еркіндігін қалыптастыру. Өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру. Олардың шапшаң ойлауға тез есептеуге дамыта оқыту технологияларының үлесі мол.
Мысалы:
1. Венн диаграммасы
2. Топтастыру
3. Семантикалық карта
4. График әдісі
5. Деңгейлік тапсырма
6. Қызықты кесте
Қазақ тілі, ана тілі, дүниетану пәндері бойынша
Ой қозғау
Бала тілі бал
Еркетай бағдармасы
Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал.
ойындары арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырамын
Бастауыш сыныпта пәндердың оқытылуы, білімнің сапалы меңгеруіне байланысты. Білімді саналы меңгерту оқулықта берілген анықтамаларды бұлжытпай айту емес, іс жүзінде пайдалана білу. Оқушыға сапалы білім беруде ойын элеметтерін тиімді дұрыс пайдалана біліп, саналы тәрбие беру, қазіргі кезеңде ең жауапты іс болып табылады.