А?ылманова Г?лбаршын ?аза? тілі 7-сынып Саба?ты? та?ырыбы: ?ткен ша?. Жедел ?ткен ша?.


Қазақ тілі 7-сынып
Сабақтың тақырыбы:  Өткен шақ. Жедел өткен шақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістік туралы алған білімдерін тереңдету, өткен шақ , оның түрлері туралы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұғымталдыққа , адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту,етістікті шақтарына қарай ажырата білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, кеспе қағаздар.                                    
Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:                          Сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу
 Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі
 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
127-жаттығу ды тексеру.
Өтілген тақырып бойынша берілетін сұрақтар:
Келер шақ дегеніміз не?
Келер шақтың қандай түрлері бар?
Ауыспалы келер шақ етістік қалай жасалады?
ІҮ. Жаңа сабақ
Өткен шақ
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың. Шалдың бір баласы болыпты. Демалыста оқушылар қалаға баратын. Берілген мысалдағы бітірді, оқыдым, асқансың, болыпты, баратын деген етістіктер бітіру, оқу, асу, болу, бару қимылдарының болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.
Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай жедел өткен шақ,бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
Жедел өткен шақ әдетте қимылдың, іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын, орындалғанын білдіреді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м. Сен үйге келме-ді-ң.
III жақтың жіктік жалғауы тек көсемшенің -ып, -іп,-п және -а, -е, -й жұрнағынан кейін ғана жалғанады: кел-іп-ті, қара-п-ты, кел-е-ді, қара-й-ды. Ал жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады.
Ү. Жаңа сабақты деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту.
I деңгей
1-тапсырма. 128-жаттығу             
Оқып шығып, өткен шақ мағынасын білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар. 
Өткен шақ: Өрледі, жиналды, айтты, жазылды, ...
2-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тауып, етістіктерді шақтарына ажыратыңдар.
Шылбырын сүйрейді,
Жыртықты түйрейді. (ине)
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тосып аялдайды. (автобус)
Күзетем деп үйді,
Жұдырығын түйді. (құлып)
II деңгей
1-тапсырма. 129-жаттығу  (ауызша орындау)                      
Мәтіннен жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер. 
2-тапсырма. Мақалдардағы етістіктерді жедел өткен шаққа айналдырып жазыңдар.
1. Ақылдыға сөз айтсаң,- Ақылсызға сөз айтсаң,-
Аз ойланып біледі. Тыңдайды да, күледі.
2.Кішіпейіл болғанмен, Кішірейіп кетпейсің.
3.Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кеткізер.
4.Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
III деңгей
1-тапсырма. 130-жаттығу. Берілген етістіктерден жедел өткен шақ жасап, жіктеп , сөйлем құраңдар.
Бар. Ойна. Жүгір. Жарыс. Сөйле.
2-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беру.
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:     131-жаттығу