Конспект Ж?рек ?ан тамырлар ж?йесі
Күні: 23,01,2016 Сыныбы: 8 «а»
Сабақтың тақырыбы: Жүрек қан тамырлар жүйесі.
Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері
Мақсаты: Оқушыларға қан тамырларының түрлері мен олардың ерекшекліктері, үлкен және кіші қанайналым шеңберлері мен олардың маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың қанайналым жүйесі туралы білімдерін толықтыру, дүниетанымдығын арттыру.
Оқушылар арасынан биология ғылымына қызығушы, талапты оқушыны анықтап,оларды ізденуге , алғырлыққа ,тапқырлыққа баулу.
.Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері: Оқушылар қаңқа құрылысын зерттеп білудің маңыздылығын түйсінеді;
Курстың мақсаты мен бағдарлама құрылымымен танысады;
Өз бетімен және топтық жұмыс арқылы сыни ойлауға дағдыланады.
Шығармашылық ізденіске талпынады.
Әдіс-тәсілдер: диалогтық оқыту, әдісі бойынша топтық жұмыс, сыни ойлау, жеке шығармашылық жұмыс, мәтінмен, ақпарат құралдарымен жұмыс
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
РесурстарҰйымдастыру: Оқушылардың қатысын тексеру.
«жүрек» құрылысы бойынша оқушыларды топқа бөлу:
стикерлер таратылады. Оқушылар ішінен өзіне ұнағанын таңдап алады. Бірдей түстілері бар оқушылар бір топқа біріктіріледі. Оқушылар таңдаған суреттер бойынша топқа бірігеді. Жүрек туралы видео
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. ІІ топтағы қанды құюға болады: а) тек І топқа; в) ІІ, ІV топтарға; с) ІІ, ІІІ топтарға; д) ІІІ ,ІV топтарға; е)І, ІVтоптарға .
2. Артерия қан тамыры: а) тек қана артерия қанын жеткізеді; в) тек қана вена қанын жеткізеді; с) қанды мүшелерден жүрекке жеткізеді д) жүректен шығатын қанды мүшелерге жеткізеді .
3.Эритроциттың бұзылуы жүреді: а)көк бауырда; в)сүйектің қызыл кемігінде; с)лимфа түйіндерінде; д)ұйқы бездерінде; е)сүйектің сары кемігінде.
4.Бұл дәруменнің жетіспеуінен қаназдық кезінде оттегінің гемоглобинмен байланысы төмендейді: а)В3; в)В2; с)В6; д)В12; е)С.
5.Лейкоциттердің негізгі қызметі: а)қоректік; в)тыныс алу; с)тасымалдау; д)қан ұюға қатысу; е)қорғаныш.
6.Жарадан аққан ірің – ол: а)Жасушааралық заттар; в) ұлпа сұйықтығы; с) өлген лейкоциттер, ұлпалар, жасушалар; д) өлген эритроциттер, ұлпалар; е) өлген тромбоциттер, ұлпалар.
7.Кіші қанайналым шеңбері басталады: а)сол жақ қарынша; в)оң жақ құлақша; с)сол жақ құлақша; д)қолқа; е) оң жақ қарынша.
8.Үлкен қанайналым шеңбері басталады? а)сол жақ қарынша; в)оң жақ құлақша; с)сол жақ құлақша; д)қолқа; е) оң жақ қарынша.
9.Лимфа қанайналу жүйесіне келіп құяды: а) артерия арқылы оң жақ жүрекшеге; в) вена арқылы оң жақ жүрекшеге; с) артерия арқылы сол жақ жүрекшеге; д) вена арқылы сол жақ жүрекшеге; е) капилляр арқылы оң жақ жүрекшеге .
10. Қан ағысының жылдамдығы неде жоғары? а) қолқада; в) венада; с) капиллярда; д) артерияда; е) артериолада .
Сынақтың кілті. Жауабы 1 С 6 С 2 Д 7 Е 3 А 8 А 4 Д 9 В 5 Е 10
1.Қанның атқаратын қызметі қандай? Тасымалдау,гуморальдық,жылуреттеу,қорғаныш.)
2.Қан қандай ұлпа? (Дәнекер)
3.Гемофилия деген не(Қан ұйымайтын ауру)
4.Иммунитет деген не? (Организмнің ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабілеті)
5.Фагоцитоз құбылысының негізін салған кім? (И.И.Меечников)
6.Иммунитеттің қандай түрлері бар? (Табиғи және жасанды)
7.Эритроциттер қайда түзіледі? (Сүйектің қызыл кемігінде)
8.Резус – фактор дегеніміз не? (Ерекше нәруыздық зат)
Терминдер
Донор – қан беретін адам
Реципиент – қан алатын адам
Эритроцит – қызыл түсті жасушалар
Фибрин –плазманың ерімейтін нәруызы
Лейкоцит- ақ қан жасушалары
Плазма- қанның 50- 60% құрайтын, мөлдір түссіз сұйықтық
Иммунитет- организмнің ауру қоздыруына қарсы тұру қабілеті
Резус- фактор- ерекше нәруыздық зат
Кардиолог- жүрек ауруын емдейтін дәрігер
Иматолог- қан ауруын емдейтін дәрігер
Аглютинация- эритроциттердің бірігіп қалуы
Тоноиетр- қан қысымын өлшейтін құрал
№4. Цифрмен жұмыс
120/80- Адамның қалыпты артериялық қысымы
5 метр- Адамдағы қанның қалыпты мөлшері
1-2-3-4 топ- Адамның қан топтары
60- 70 рет- Жүрек салыстырмалы тыныштық күйде жиырылады
1940 жыл- Резус-факторды К.Андейтейнер анықтады
120 күн- Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы
180- 350 мың- 1мм3 қандағы тромбоциттер саны
4,5- 5 млн- 1мм3 қандағы эритроциттер саны
6- 8 мың- 1мм3 қандағы лейкоциттер саны
3 қабатты- эпикорд,миокорд,эндокорд.
Жаңа тақырып бойынша іскерлік білік- дағдыларын дамыту: Жаңа тақырыпқа байланысты презентациялар көмегімен дәріс түрінде оқушыларға қысқаша мағлұмат беріледі:
Дәрісті мұқият тыңдайды.
Мәліметтерді талдауға қатысады. тақырыптық презентацияларАдам денесінде бір кесек ет бар ,
егер ол сау болса барлық денең сау болғаны,
егер ауру болса барлық денең ауырғаны.
ол не?
Жеке жұмыс:
Жүректің оң және сол жақтарына келіп құятын тамырларды табыңдар. Оларды атаңдар.
Кесіп көрсетілген қарыншалардың ішінен жақтаулы қақпақшаларды табыңдар, сіңр жіпшелерін және бұлшық етті емізікшелерін қараңдар. Жақтаулы қақапақшалардың,сіңір жіпшелерінің қызметтері қандай?
Қолқадағы және өкпе артериясындағы айшықты қақпақшаларды табыңдар. Олардың қызметінің қанай маңызы бар?
Жүректің құрылысы мен атқаратын қызметі арасындағы байланыс неден байқалады? Қорытынды жасаңдар.
Оқулықты жауып қойып, мынадай тапсырмаларды орындаңдау арқылы өз білімдеріңді тексеріп көріңдер.
Қан тамырлары” кестесін толтырыңдар
Тамырлар Құрылысының ерекшеліктері Қимасы
Артериялар Веналар Капиллярлар
1.Жүрек неше қабаттан тұрады?
(3 қабаттан:эпикорд,миокорд,эндокорд)
2.Адам жүрегі неше қуысты?
(4 қуысты: 2 жүрекше ,2 қарынша)
3.Ересек адамның жүрегінің салмағы? (250-300г)
4.Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы... (Қанайналым деп аталады)
5.Жүректің өзінде пайда болған импульс әсерінен жиырылу қабілеті ? (Жүрек автоматизмі)
6.Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады және қандай?
(3 кезең:1-жүрекшенің жиырылуы,2-қарыншаның жиырылуы,3-үзіліс-жүрекшелер мен қарыншалардың босаңсуы)
7.Салыстырмалы тыныштық күйде жүрек неше рет жиырылады? (60-70 рет)
8.Адамда қанның қалыпты мөлшері қандай? (5 метр)
9.Адамның артериялық қысымын немен өлшейді? (танометр)
10.Қан қысымының 150 мм сынап бағанасынан артуы қалай аталады? (гипертония)
11.Иық артериясында қысымның 70-80 сынап бағанасына дейін төмендеуі қалай аталады? (Гипотония)
12.Қанның сол жақ қарыншасынан бардық мүшелер мен ұлпаларға ,оң жақ жүрекшеге қозғалуы қалай аталады? (Қанайналымның үлкен шеңбері)
13.Қанның оң жақ қарыншадан өкпеге, одан сол жақ жүрекшеге қозғалуы қалай аталады? (қанайналымның кіші шеңбері )
14.Донор дегеніміз не? (өз еркімен қан беретін адам)
15.Реципиент дегеніміз не? (Донордан қан алатын адам)
Ізден ойлан тап
Қолдың алақаны жарақаттанған.Алқызыл қан қай тамырдан ағып
жатыр. (салатамыр)
Қан ұйымау ауруы (Гемофимия)
Эритроциттердің бірігіп қалуы (Аглютинация)
1 мм3 қандағы лейкоцит қанша болады? (6-8 мың)
1мм3 қанда қанша трамбоцит болады? (180-350)
1мм3 қанда қанша эритроцит болады? (1мм3 – 4,5 - 5млн)
Резус- факторды анықтаған ғалым (1940ж К.Андитейнер)
Фагоцитоз құбылысының негізін салған кім? (И.И.Мечников)
Қанның ұюына не қатысады? (Тромбопластин,фибриногин,фибрин жіпшелері,кальций,
К витамині,оттек,басқада ферменттер)
Үлестірмелермен жұмыс.
№1 Сәйкес сөздерді табу.
1.Қан Оттекті тасымалдайды - 7
2.Эритроциттер Қан ұйымайтын ауру - 6
3.Микоциттер Қанның қызыл түсті жасушалары - 2
4.Трамбоциттер Ақ түсті ядролы жасушалар - 3
5.Гематолог Организмнің айнасы - 1
6.Гемофилия Қан ауруын емдейтін дәрігер - 5
7.Гемоглобин Плазмадағы нәруыз - 9
8.ФагоциттерҚанның ұйығыштығын қамтамасыз
ететін жасушалар - 49.Глобумен Обыр жасушалар – 8
№2 Биологиялық диктант
1Ағзаның ішкі ортасы деп қан,лимфа,ұлпа сұйықтықтарын айтады.
2.Қан-ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі.
3.Қанның құрамы плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін қан жасушаларынан тұрады.
4.Қандағы ерітінді күйіндегі нәруыз талшығы ерімейтін фибрин талшығына айналады.
5.Фибрин талшығына эритроциттер шырмалады да ,іркілдек зат – қанұйық түзеді.
Білгенге маржан
1. Адам жүрегі күніне 2 тонна қан айдайды.
2. Адам жүрегі күніне100 мыңнан артық рет соғады.
3. Жердегі жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен аң-керік
4. Ең қан қысымы жоғары аң-керік.
Пайдалы жағы
5. Күніне 3 км жаяу жүру немесе30 минут баяу қимылдау.
6. Күніне 5 порция жеміс-жидек немесе көкеніс жеу.
7.Ең бастысы жылқының етін жеп, қымызын ішкенің дұрыс.
№7. Тест жұмысы
1.Қан қандай ұлпа?
а)дәнекер б)бұлшықет в) жабын
2.Плазманың құрамында неше пайыз су болады?
А)80% б)70- 72% в)90- 92%
3.Трамбоциттің 1 мм3 қандағы мөлшері?
А)500 мың б)180- 350 мың в)400- 450 мың
4.Қан ауруын зерттейтін ғылым?
А) Кардиолог б) Гемотология в) Маммология
5.Эритроциттер қайда түзіледі?
А) Сүйек кемігінде б)Көкбауырда в)Бауырда
1А 2 В 3Б 4 Б 5 А
ІV. Бекіту.Математикалық есеп.
Адамның орташа жасы 70жыл, соның 35 жылында жүрек жұмыс істейді, 35 жылында демалады? Осыны тексеру керек.
Дәлелде 0,8сек.
0,1сек + 0,3сек =0,4сек систола
Тек 0,4сек диастола
0,8сек – та 1 рет жиырылса 1 минутта неше рет жиырылады
0,8сек - 1рет
60сек - х рет
Х =60/0,8 = 75 рет
Қарынша 1 рет жиырылғанда 75 мл. Қанды қантамырға өткізсе 75 рет жиырылғанда қанша қанды өткізеді?
1- 75 = 5,5л
75 –х
Тәулігін 10т қанды артерия қантамырына өткізеді.
Операциялық-орындаушылық кезең Оқушыларға топ бойынша үй жұмыстарын қорғауға мүмкіндік береді.
Жеке жұмысқа арналған тапсырма :
сұрақтар бойынша тест тапсырмалары беріледі.
Тест тапсырмаларына жауап береді.
Бірін-бірі тексереді
Оқушылардың презентац иялары, фотосуреттер.
Тест тапсырмаларыРефлексиялық-бағалау кезеңі: сәтті,сәтсіз тұстарым
– түсінген жоқпын;
– әлі де практика қажет/сұрақтар бар;
– барлығы түсінікті. Оқушылар рефлексия
Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа қажетті дайындап келуді тапсыру. Интернет және қосымша әдебиеттер көмегімен суреттер, мәліметтер жинайды. Презентациялар дайындайды. Мультимедиялық құрылғы