Ж?рек ж?не ?ан тамырлар ж?йесіні? аурулары (8-сынып)


Бекітілді:
25.01.2017ж Биология 8 «Г» сыныбы
Сабақ тақырыбы: Жүрек және қан тамырлар жүйесінің аурулары
Сабақтың мақсаты: Жүрек-қан тамырлары ауруларының келіп шығу себептерін біледі, өмірге қауіпті екендігін түсінеді, қан кету түрлерін ажырата біледі. Денсаулықты сақтауда және жүрек қан тамырлар ауруларының алдын алу жүректі жаттықтырудың маңызын түсінеді. Оқушылар ойлау қабілетін, талдау, қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамытады. Салауатты өмір сүруге үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Тақырыпты түсіне отырып ойын жеткізе білу, бүгінгі сабақтан алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білу.
Оқыту әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл»
«Ой қозғау»
«Дебат әдісі»
Топтық жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Қолданылатын ресурстар Флипчатр, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин)
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын анықтау. Жаңа тақырыпқа байланысты сыныпты 4 топқа бөлу. Оқушылар суреттері бар кеспе қағаздарды алып топтасады.
Үй тапсырмасын сұрау
(6 мин)
Сұрақ жауап Дебат әдісі
Үйге берілген тапсырма сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. (Миға шабуыл)
Жүрекшелер мен қарыншалардың жиырылуы және үзіліс кезінде жүректің қақпашалары қандай болады?
Жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуінің қандай маңызы бар?
Оң жақ қарыншаның қабырғасы сол жақ қарыншаға қарағанда жұқалау келеді, соны қалай түсінуге болады?
Неліктен қан айналымының үлкен шеңбері деп атаймыз?
Кіші қан айналым шеңбері деп нені атаймыз?
Қан айналымның кіші шеңбері қай жерден басталады?
Қан айналымның үлкен шеңберінің қызметі, ол қай жерден басталады?
Қан айналымының үлкен шеңберінің тамырларын атаңдар?
Қан айналымның кіші шеңберінің тамырларын атаңдар?
Үлкен және кіші қан айналымы шеңберінің ұзақтығы?
Берілген тапсырманы топ тез әрі жылдам орындауы тиіс.
Үлкен және кіші қан айналым шеңберін түсіндіреді
Ой қозғау
(3 мин) Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)
Тарам-тарам бір ғалам,
Ақыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам. (Қан тамыр)
Жүрек түрі видеоролик көрсетіледі.
Оқушылар жұмбақтың шешімін айтады.
Жаңа сабақ
(15 мин)
Топтарға тақырыпты бөліп беру.
1 топ жүрек қан тамыры;
2 топ веналық қан кету;
3 топ артереялық қан кету;
4 топ капилярлық қан кету; Аталған топтар постер қорғайды. Мұғалім қосымша мәлімет береді. Тақырыпты бөлініп берілген үлестірме материялдары арқылы 7 мин оқып, өзара талдайды. 1,2,3,4 санымен саналып әр бала өз тобына барып отырады.
Сергіту сәті
(2мин)
Сабақты бекіту
(8мин)
Кері байланыс
(2мин)
Бағалау
(3мин)
Үйге тапсырма
(1мин)
Оқушыларды орындарынан 5 рет отырып тұруды өтіну, алақанын жайып көңіл күйлерін бір-біріне білдіру. Мұндағы мақсатты айқындап алу.
Биологиялық диктант.
Аз қимылдау, шамадан тыс тамақ, спиртті ішімдіктер ..... жұмысын нашарлатады
Жүрек қан тамырлары ауруына ...... ішімдік зор зиянын тигізеді
Темекідегі никотин қан тамырларын ....., қан қысымын ....... келтіреді
Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі төмендеп ............ бұлшық етінің ..... себепші болады.
Жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларын және емдеу жолдарымен ........ дәрігер айналысады.
Қан кетудің үш түрлі жолы бар: .... , ...... , ..... .
Капиллярлық қан кетуде жарақаттан ........ ағады.
Веналық қан кету ...., .... түсті қан.
Артериялық қан кету ....., ...... түсті қан.
Ұлпалар жансызданып қалмауы үшін жгутты ересек адамдарда .... сағаттан, ал жас балаларда ....... минуттан артық ұстауға болмайды.
Тест жұмысы
1.Организмнің ішкі ортасын не құрайды? А) лимфа Ә )өт Б) қан В) асқазан сөлі Г) ұлпа сұйықтығы Ғ) зәр
2. Эритроциттер қайда түзіледі? А) бауырда, көк бауырда Ә)сүйектің қызыл кемігінде, көк бауырда Б) лимфа түйіндерінде В)лимфа түйіндерінде , сүйектің қызыл кемігінде
3. Лейкоциттер қайда түзіледі? А) сүйектің қызыл кемігінде Ә )бауырда Б) бауырда, көк бауырда В) лимфа түйіндерінде
4. Қанның ұйыуына не қатысады? А) эритроциттер Ә )лейкоциттер Б) тромбоциттер В) қызыл қан жасушалары
5. Қан қай жерде тазартылады? А) сүйектің қызыл кемігінде Ә)бауырда, көк бауырда Б) сүйектің кемігінде бүйректе В) өкпеде , бауырда , бүйректе
Оқушыларға стикерлер тарату
Бағалау парағындағы ұпайлармен бағалау
Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары 96-97- суреттер. Оқушылар орындарынан отырып тұрады және алақандарын қойып көңіл күйлерін білдіреді.
Оқушылар биологиялық диктантты жеке өздері орындайды
Тест тапсырмасын оқушылар жеке орындайды
Сабақтан алған әсерлерін оқушылар смаиликтер және стикерлер арқылы білдіреді