Т?ртіпті? е? тамаша мектебі – отбасы
Отбасы тәрбиесі
Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасыС.СмайлсМектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.Педагогикалық тәжірибеде оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісі жұмысының бес түрлі қызметі анықталған. Олардың 1 – қызметі: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту• Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні; • Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар;• Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;• мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.2-қызметі: Ата-аналармен педагогиғалық – психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру • Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;• Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер;• Тренингтер;• Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналар лекторийлері.3 – қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тартуОның формалары:• сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.);• Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.);• Оқырмандар конференциясы;• Отбасылық ойын байқаулары;• Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізілді.4 – қызметі: Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.• Тәрбие саласында байланысты психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру;• «Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу;• Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.5 – қызметі: Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.Ата-аналар университеті.Ережесі:• Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруғаа көмектесі, оқушылардың деке басын сыйлауға үйрету, дөрекілікке жол бермеу• Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланысты болу, мәдениетті сыпайы қарым қатынас орнатуға оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге үйрету• Мектеп мүлкін сақтауға атсалысу• мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты орнатуға ықпал ету• мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-ананың талап-тілектерімен санасу• Мектептегі түрлі іс-шараларға көмектесу• Сыныптан тыс іс-шараларға өз пікірін білдіру• материалдық техникалық базаны көтеруге көмек көрсету• бақылаушылық қызмет • бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыруЖас ата-аналар мектебіЕрежесі:• Балаларды жақсы қасиеттерге баулу, үлкендерді сыйлауға, қамқор болуға үйрету• оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу• адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айыра отырып, оқушылардың әдеп әліппесін бойына дарытуға ықпал жасау• әдеп-ғұрыпы сақатайтын, дәстүрді жалғастыру мен қайырымды ұрпақ тәрбиелеу• ата-бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық тамаша тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа ұғындыру• тәрбие саласына байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша түрлі семинарлар, тренингтер өткізу• халқымыздың әдет-ғұрпын сақтау, жалғастыру мақсатында ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізуге көмектесі• бала тәрбиесіне байланысты түрлі сұрақтар бойынша мұғалімдер және психолога, әлеуметтік педагогтан кеңестер алу• отбасында және мектептегі баланың мәдениетті жүріс-тұрысын тәрбиелеу әдістерін педагогтармен бірлесе отырып талқылау• отбасының бала тәрбиелеудегі рөлі бойынша тақырыптық жиындар• ата-аналары педагогикалық-психологиялық білім, біліктер мен қаруландыруАқсақалдар кеңесіЕрежесі:• аталардан қалған ұлағатты,ғибрат аларлақы сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерді өнеге алуға баулу• жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге ата-анаға сынып жетекшісіне көмек беру• өз елінің патриотын тәрбиелеу• ата-тегін білуге үйрету• ата-баба дәстүрін жалғастыру• оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тарихын білуге тәрбиелеу• оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты реттеуге ықпал ету• мұғалім мен ата-ана арасындағы үйлесімді иығыз байланысты орнатуға ақыл кеңестер беру.Отбасы мен мектеп арасындағы ынтмақтастыққа келесі тірек сызба бойынша ұйымдастыруға болады:Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.Мектеп қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Оқушы өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес.Өсіп келе жатқан ұрпаққа бұл мәселеде көмектесу, оған қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсету педагог пен ата-ананың басты міндеті болуы тиіс. Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың дамуы және өзін өзі бамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу , қауіпсіз орта құруды білдіреді.Отбасы – салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш құаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.