Та?ырып: Компьютерде модельдерді зерттеу ж?не модель жасауды? негізгі кезе?дері.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру
Оқушылар білуі тиіс: Моделдің негізгі кезеңдерін білу тиіс.
Оқушылар меңгеруі тиіс: Модельдеу кезеңдерінің мазмұнын біліп, мысалдар келтіре білу керек.
Көрнекіліктер: ДК, оқулық.
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру
3.Жаңа тапсырманы түсіндіру
5. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер
Модельдеудің барлық кезеңдері қойылған мақсатына байланысты. Модельдізерттеу және құру үдерісін жалпы түрде былай көрсетуге болады.
Бірінші кезең- есептің қойылуы мынадай қадамдардан тұрады: есептің берілгені, модельдеу мақсаты, нысанды талдау.
Есептің қойылуы. Есеп табиғи тілде жазылады. Барлық есепті қойылу ерекшелігіне қарай 2 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа – нысанға әсер ету нәтижесінде оның сипаттамасының өзгерісін зерттеуге арналған есептерді жатқызуға болады, «не болады?..». Мысалы, егер магниттік жанына қойсақ не болады? Қоғамдық көліктердің төлем ақысын көбейтсе не болады?
Екінші топқа жататын есептерге «белгілі бір өлшемдерді қанағаттандыру үшін оған қалай әсер ету керек? » деген есептер жатады. Мысалы, балаларға оқу қызықты болу үшін мектепте оқыту үдерісіне қалай құру керек?
Модельдеу мақсаты. Бұл қадамда нысанның көптеген көрсеткіштерінен маңыздыларын бөліп алу. Бір нысанды әртүрлі мақсатпен модельдеуге байланысты қарастырылатын көрсеткіштері де әртүрлі болады.
Нысанды талдау. Бұл кезде нақты модельденетін нысан мен қасиеттері анықталады.
Нысанды талдау. Бұл кезде нақты модельденетін нысан мен оның қасиеттері анықталады.
Екінші кезең-есепті формальдау, яғни, формальды тілде жазылған модель. Мысалы, диограмма немесе кесте түрінде көрсетілген халықты есепке алудың нәтижелі-формальды модель болып табылады. Жалпы мағынада формальдау дегеніміз-ол нысанның маңызды қасиеттері мен көрсеткіштерін белгілеу.
Үшінші кезең-компьютерлік модуль құру. Бұл кезең модельді құру және зеріттеуге арналған модульдеу құралын, басқаша айтқанда, бағдарламалық ортаны таңдаудан басталады. Бұл талдау компьютерлік модельді құру алгоритмі және көрсетілу формасына байланысты. Бағдарламалау ортасында ол- таңдалған тілде жазылған программа.
Төртінші кезең-компьютерлік эксперимент 2 сатыдан тұрады: модельді тестілеу және зерттеулер жүргізу.
Модульді тестілеу – модульдің дұрыс құрылуын тексеру үдерісі. Бұл қадамда модельді құру алгоритмі және негізгі нысан мен модельдеу мақсатына құрылған модельдің сәйкестігі тексеріледі.
Алгоритмнің дұрыстығын тексеру үшін алдын ала соңғы нәтижесі белгілі тестік мәләметтер қолданылады. Егер нәтижелері бірдей болса, онда алгоритм дұрыс құрылған, бірдей болмаса, олардың себебі екенін іздеп тауып, жою қажет.
Модельді зерттеу-компьютерлік экспериментте модельді тестілеу қадамы сәтті өткенде және зерттеу моделі нақты құрылғанына сенімді болғанда ғана жасауға болады.
Бесінші кезең – осы үдерістің ең негізгі қадамы-нәттижені талдау. Осы кезеңнің нәтижесі бойынша зерттеу жұмыстары жалғастырылатындығы немесе аяқталатыны шешіледі. Егер шыққан нәтиже қойылған есептің масатына сай келмесе, онда алдыңғы кезеңдерде қателік кеткен. Бұл жағдайда алдыңғы кезеңдерге оралып, модельді түзету керек. Компьютерлік эксперименттің нәтижесі модельдеу мақсаттарына сай үдеріс қайталана береді.
Үйге тарсырма: Әр түрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.