Елбасымыз са?ан м??гі ризамыз патриотты? ?ндер конкурсы


Тоқмансай негізгі мектебі
«Елбасымыз саған мәңгі ризамыз!»
( патриоттық әндер конкурсы)
Дайындаған: К.С.Куржинбаева
2013-2014 оқу жылы.
Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің дәлелдейтін тамыры терең бай тарих.
Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас» деп жырлап өткен. Мың өліп , мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Назарбаевты Республикамыздың Призиденті етіп сайлады.
1991 жылы 16- желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды.
1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту,Әнұран бекітілді.
1993-жылы 15- қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы Теңге айналымға енді.
1995 жылы 28- қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның «Ата Заңы» қабылданды.
Астана- Қазақстанның саяси әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары Президент кеңесі, Қазақстанның Үкіметі және Парламент көшіп келді.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілдеде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған . Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Қазақстан Республикасының Президенті, эканомика ғылымының докторы, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының және Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Беларуссия Ғылым академиясының құрметті мүшесі, Әбунасыр әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Құрметті профессоры, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Құрметті професоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы, Орталық Азия және Қазақстан Халықтар достығы қорының Құрметті төрағасы, Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміз үшін сарабдал басшылығымен жасап келе жаттқан зор еңбегін қазақ халқы жақсы біледі. Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпағы біздер.Ендеше Президент күніне арналған «Елбасымыз саған мәңгі ризамы» атты патриоттық әндер ашық деп жариялаймыз.