Адам эволюциясыны? негізгі кезе?дері


Күні: 15. 01.2013
Пәні: Биология
Тақырыбы: §29 Адам эволюциясының негізгі кезеңдері . Дриопитектер.
Аустролопитектер. Епті адам. Ежелгі адам (архантроптар)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі – Адам эволюциясының негізгі кезеңдері, ежелгі адамдар архантроптардың
дене құрылысының негізгі белгілері, Аустролопитектер туралы білім беру .
Дамытушылығы – Адам эволюциясының негізгі кезеңдері туралы білімдерін, ой-өрістерін дамыту.Тәрбиелілігі – адам мен жануарлар ұрықтарының дамуындағы ұқсас белгілері туралы
білуге тәрбиелеу
Құрал-жабдықтар: қазіргі адамдардың арғы тектеріСабақтың типі: жаңа білім беруСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіКелмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 1.Антропогенез нені зерттейді?2.Рудиментті мүшелер дегеніміз қандай мүшелер?3.Жануарлар мен адам ұрықтарының дамуында қандай ұқсас белгілер бар?4.Адамның сүтқоректілерге ұқсас белгілерін атаңдар?5.Адамның дене құрылысында адамтектес маймылдардан қандай айырмашылықтары бар?6.Адамның табиғаттағы жануарлар дүниесі жүйесіндегі орнын сипаттаңдар?7.Дриопитектердің рамапитектердің және аустралопитектердің бір-бірінен айырмашылық белгілерін атаңдар?Білім беру Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.1.Ежелгі адамдар (архантроптар),2.ертедегі адамдар (палеоантроптар) 3. қазіргі адамдар (неоантроптар)
Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 - 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 - 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 - 1500 см3) 6.Саналы адам (ми көлемі: 1600см3)Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы