Ашы? саба? ?й жануарларына ?оршаулар жасау


Білім беру саласы: « Таным » Бөлім: Құрастыру
Тақырыбы : Үй жануарларына қоршаулар жасау
Мақсаты: Балаларға үй жануарларына арналған қоршаулар жасауға үйрету
Міндеттері:
* Білімділік: қоршаулар жасай алуға білімдерін жетілдіру
* Дамытушылык: үй жануарлары туралы қарапайым түсініктер беру
* Тәрбиелік: Үй жануарларға қамқорлық жасай білуге тәрбелеу
*Үш тілдік орысша: қоршау-забор : ағылшын: қоршау- fencing;
Сөздік жұмыс: сиыр,қой,жылқы,ешкі,қоршау
Қажетті көрнекілік: Үлгі сурет,желім,сүлгі, картон,жасыл түсті қағаз жолақшалар,үй жануарларының ұсақ ойыншықтары.
Әдіс тәсілдері: көрсету, түсіндіру,әңгімелесу, сұрақ - жауап
Жоспар кестесі
Іс-әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Сәлеметсізбе,Здраствуйте,good morning !
Топ,топ,топ басайық,
Жалаудан үй жасайық.
Жаса ,жаса жарқын күн,
Жаса,жаса жарқын күн
Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар ,олар қалай дыбыстайды
балалар сәлемдеседі
қол қимылдар арқылы жасайды
дыбыстарын айтады
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балалар мен бір дыбыс естіп тұрмын.
Ата ренжіп тұрады
Ата сізді кім ренжітті
Ата айтады менің қоршауым бұзылып кетті ,менің жануарларым тұратын жері жоқ маған көмектесесіңдерме?
Балалар атаға көмектесемізбе,
Мына суретке қараңдаршы ненің суреті?
Қоршау неден жасалған ?
Қоршау не үшін керек екен? Үй жануарларын адамдар күтіп баптап қарайды сол үшін олар қоршауда тұрады
Балалар атаның жануарлары мұнда екен қоршаулары құлап жатыр ; ойын «Үй жануарларын ата?»
Мынау қандай жануар?
Суретке қарап жануарлар пайдасы туралы айтады.
Мынау сиыр ол үй жануары, сиыр сүт береді
Мынау жылқы ол шөп жейді,бізге ет береді
Мынау ешкі түсі ақ, бізге сүт береді
Қане енді атаға қоршау жасауға көмектесеміз орындықтарды алып отырамыз,балалар мына жолақшалардан қоршаулар құрастырамыз ол үшін ұзын жолақшаны ұзынынан қоямыз,қысқа жолақшаны тігінінен қоямыз,сосын тік тұрғызу үшін қыстырғыштарды қолданамыз.
Үш тілідік: Қоршау- орысша -ограждения; ағылшынша ;қоршау- fencing
Сергіту сәті: Жүгіреді ,жүгіреді кішкентай бұзаулар ал енді тұрады, қалай дыбыстайды мө,мө,мө
Жүгіреді ,жүгіреді кішкентай қозылар ,ал енді тұрады
қалай дыбыстайды мә,мә,мә
Жүгіреді ,жүгіреді кішкентай лақтар, ал енді тұрады
қалай дыбыстайды бә,бә,бә
Ал енді атаға қоршауларды алып барып құрастырып берейік, міне ата біздің балалар мықты етіп қоршаулар жасап берді ,енді жануарларыңыз шығып кетпейді
Ата рахметін айтады қоштасады ,сыйлық береді атаға көмектесулерін айтады
балалар жауабы
қоршаудың суреті
ағаштан
жасалған
балалар үй жануарларды айтады
мұқият тыңдайды жануарларды атап айтады сурет арқылы сұрақтарға жауап береді
қоршауларды үлгіге қарап жасайды, ұзын жолақшаны ұзыныныан қояды,қысқа
жолақшаларды тігінінен қояды
балалар қайталайды
сергіту сәтін жасайды
қимылдар көрсетеді
Ата балаларға рахметін айтады сыйлықты алады
қоштасады атамен
Рефлекстік-жинақтаушы Балалар біз кімге көмектестік?
Атаға не құрастырып бердік?
Қоршауда қандай жануарлар болды?
Балалар сабаққа жақсы қатысқандарың үшін рахмет
Сұрақтарды мұқият тыңдап жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Балаларға үй жануарларына арналған қоршаулар жасауды
Түсінеді: «ұзын», «қысқа» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды __.
Қолданады: жұмыс жасауда оны ұзынынан, тігінінен жолақшаларды дұрыс орналастыруды;
Павлодар облысы
Ақсу қаласы
КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы
Тәрбиешісі : Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

Тақырыбы : Үй жануарларына қоршаулар жасау

Ақсу қаласы
КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы
Құрастыру бөлімі бойынша
ашық сабақ
Тақырыбы:Үй жануарларына қоршаулар жасау
Тәрбиеші : Г.С.Кулдошбекова
2016-2017 оқу жылы