?й жануарлары ж?не оларды? т?лдері
Тақырыбы: Үй жануарлары және олардың төлдері.
Мақсаты: Балалардың уй жануарлары туралы түсініктерін
кеңейту,тереңдету,жұмбақ шешу арқылы балалардың
ойлау,қиялдау,сөйлеу қабілеттерін арттыру.Үй
жануарларын қорғауға оларға қамқорлық жасауға ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Төрт түлік төлдердің суреті.
Түрі: Аралас.
Пәнаралық байланысы:Музыка.
Барысы: Сәлемдесу.
Біз ерекше баламыз.
Айтқан тілді аламыз
Достарды көргенде
Қуанып қарсы алайық.
Сәләм,сәлем.
Сұрақ-жауап:
-Балалар жануарлар нешеге бөлінеді?
-Екіге олар:үй жануарлары, дала жануарлары.
-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады7
Сиыр,қой,ешкі,түйе,жылқы.
-Үй жануарлары қайда мекендейді?
Үйде, қорада.
-Олаоға кім қарайды?
Адамдар.
-Олар немен қоректенеді?
Жем,шөп,су.
-Дала жануарлары қайда мекендейді?
Орманда.
Балалар жаңа біреу есіктің алдына сиқырлы сандық тастап кетіпті.Ол сандықтың ішінде үй жануарлары бар екен. Оларды құтқаруымыз керек.Ол үшін жұмбақ айтамыз?кім айтады.
1.келеді бір жануар
үстінде екі тауы бар./түйе/
2.кішкене ғана бойы бар,
айналдырып киген тоны бар./қозы/
3.басында мүйізі бар,
үстінде киізі бар./сиыр/
4.туа сап жүріп кеткен,
енесін қуып жеткен./құлыншақ/
Сергіту сәті:Орнымыздан тұрайық
Алақанды соғайық
Бір отырып,бір тұрып.
Біз шынығып алайық.
Үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар кім айтады?
Сиыр-сүт,ет, тері.
Түйе-шүбат,ет,тері,жүн.
Жылқы-қымыз,шұбат,ет,тері.
Қой,ешкі-сүт, ет,тері,жүн.
Ірімшік май
Сүт
Қаймақ айран
Ойын: «Енесін тап»
бұзауға жем
қызыға шөп
МЕН құлынға сүт БЕРДІМ
ботаға сүт
Өлең: «Төлдер» әні:
Қорытынды: Мадақтау