?й жануарлары мен т?лдері


Үй жануарлары мен төлдеріМақсаты: Білімділігі: Балаларға үй жануарлары және төлдері туралы түсінік бере отырып, білімдерін кеңейту, және аттарын дұрыс айтуға үйрету.Дамытушылығы: Төрт түлік малдың пайдасын, дауыстарын табу арқылы балалардың ой өрісін, тілін, сөздік қорын дамыту.Тәрбиелігі: Үй - жануарларын күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Көрнекіліктер: үй - жануарлары мен төлдер суреттері. Слайд арқылы көрсету.Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.Билингвальды компонент: Түйе - Верблюд, сиыр - карова,Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды шеңберге тұрғызып амандасу.Армысың әлем!Армысың Жарық күн!Армысың абзал адам!Армысың менің достарым!Саламатсыздар ма қонақтар.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Көктем.Көктем мезгілінде күн қандай болады?Жылы.Нелер ұшып келеді,Құстар.Жерге нелер шығады?Шөптер, гүлдер.Өте жақсы балалар.Балалар сендер жайлауға саяхатқа барғыларың келе ме?Иә.Ендеше балалар біз қазір жайлауға саяхатқа барамыз.Біз жайлауға бару үшін сиқырлы кілемшемен ұшып барамыз.Таяқшаны сермеп қалғанда кілемше шығады.қане балалар бәріміз көзімізді жұмайық.Балалар көздерін жұмады.Қане енді көзімізді ашайық.Міне, жайлауға да келдік.Қандай әдемі, көк шөптер, исі қандай тамаша. Балалар қараңдаршы жайлауда сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқылар жайылып жүр.Төлдері қандай әдемі, сүйкімді.Бақташы атай шығады. Саламатсыздар ма балалар.Саламатсыз ба ата.Біздің балалар сізге қонаққа келді.Бақташы атай: қош келдіңдер балалар жақындаңдар бері қарай.Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы жайлауда үй жануарлары төлдерімен жайылып жүр. Балалар бүгін біз үй жануарларының төлдерімен танысамыз.Жылқы, сиыр, қой, ешкі түйенің балаларын төлдер деп атаймыз.Міне мынау балалар сиыр. сиырдың төлі бұзау.Қане айтайық бәріміз сиыр, бұзау.Міне мынау түйе. Түйенің төлі бота.Мынау жылқы. жылқының төлі құлын, дейміз.Мынау қой. қойдың төлі қозы, дейміз.Мынау ешкі. Ешкінің төлі лақ – дейміз.Дидактикалық ойын. «Ненің дауысы»Сол кезде төлдер айтыса бастайды.Лақ: Ием мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішеді, түбітімізді киімге пайдаланады.Құлын: Лақ сен орынсыз мақтанба? Бізден ешқайсың аспайсыңдар, біздің етімізде азық, сүтімізде шипалы. Қымызды ішкен адам ауырмайды. Қазы - қарта, жал - жаяны тек бізден алады.Бұзау: Сендер босқа мақтанбаңдар, ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы біз. Шелек - шелек сүт, қарын - қарын май, қап - қап құрт, ірімшік бізден шығады, адамға мен пайдалымын.Бақташы ата: Сендерге не болып кетті, неге айтысып жатырсыңдар. Олай болмайды! Бәрің де пайдалысыңдар.Дұрыс айтасыз ата үй жануарларының бәрі де пайдалы. Балаларға үй жануарларының пайдасы, өнімі жөнінде айтып берсеңіз.Бақташы ата: жарайды балалар ендеше мына жерге бәрің жайғасып отырыңдар.Сиырдың сүтінен қаймақ алады, құрт, ірімшік жасайды. Етін азық етеміз.Жылқының да етін жейміз, сүтінен қымыз дайындайды. Қымыз денсаулыққа өте пайдалы. Қазы - қарта, жал - жая жылқыдан алынады балалар.Ал балалар қойдың сүті де өте пайдалы, етін жейміз, терісін пайдаланады.Ешкінің сүті балалар көп ауруға ем, түбітінен киім тоқиды. Түйенің шұбатын ішеміз. Міне үй жануарларының бәріде адам үшін өте пайдалы.Балалар үй жануарларына арналған мақал мәтел, нақыл сөздер бар.Естеріңе сақтап жүріңдер.Сиырдың сүті тілінде,Малды бақсаң сиыр бақ,Сүт кетпейді шарадан,Түйе байлық,Қой мырзалық,Жылқы сәндік.Ер қанаты ат.Жақсы ат - жанға серік.Семіздікті қой көтереді.Жылқының сүті – шекер, еті бал.Қойды теппе. қойдың сүті қорғасын.Міне балалар осы мақал, нақыл сөздерді естеріңе сақтап жүріңдер.Тәрбиеші: Балалар үй жануарларын күтіп баптауымыз керек, қамқорлық жасауымыз керек.Ата біздің балалар төлдер туралы тақпақ, ән де біледі.Қане кім айтып береді.1. Тоты.Құлыншағым құндызым.Құлдырайды шабады,Жылтылдаған жұлдызым,Құстай қанат қағады.2. Әли.Кіп кішкентай момақан,Қошақанды ұнатам,Жүреді анам қозым деп,Қошақаным өзім деп.3. Шахназ.Шөре - шөре лағым.Тентек болма шырағым,Секеңдемей деміңді ал,Селтеңдемей құлағың.Раяна.4. Ботақаны нардың,Жарға неге бардың,Тілерсегің дірілдеп,Секіре алмай қалдың.Ән: «Төлдер»- әні.Ата. Ай айналайындар көп - көп рахмет.Ата сізге де көп - көп рақмет. Балалар үй жануарлары туралы көп мағлұмат алды.Біз енді балалабақшаға қайтайық.Сау болыңыз.Балалар қане кілемшеге отырып, көзімізді жұмайық.Міне балалар балабақшаға да келіп жеттік.Қане орнымызға отырайық.Балалар біз жайлаудан үй жануарларымен таныстық,Мына кішкентай төлдер мамаларын таба алмай адасып жүр екен, табуға көмектесейік.Дидактикалық ойын. «Адасқан төлдер»Мақсаты; тақтаға төлдер суреті ілінеді, балалар енелерін тауып қояды.Сергіту сәті.«Ақ бұлақ»Қорытынды: Балалар біз қайда бардық?Жайлауға.Жайлауда кімге қонаққа бардық?Бақташы атайға.Жайлаудан нелерді көрдік?Үй жануарларын.Үй жануарларының пайдасы қандай?Бізге не береді?Сүт, шұбат, қымыз береді, етін жейміз.Өте жақсы балалар үй жануарларын қамқорлап, күтіп баптауымыз керек.Өте жақсы балалар бүгінгі оқу іс - әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.