Информатика п?нінде КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУДЫ ?олдану


Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін ерекшелеу білу керек.
Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру жатады. Біз осы әрекеттерді пернетақта көмегімен немесе тышқан көмегімен орындай аламыз.
Тышқанның көмегіменмәтін бөліктерін: жолды, абзацты немесе түгел мәтінді ерекшелеуге болады. Ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады.
Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Мәтін бөліктерін ерекшелеген кезде осы стрелканы қолдануға болады.
Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.
Тұтас бір жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка (бағдарша) кейпіне келеді.
Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда тұтас абзацты ерекшелей аламыз.
Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту арқылы мәтінді тұтастай ерекшелеуге болады.
Егер мәтінді толықтай ерекшелеу үшін ctrl және 5 саны пернесін қосып басуға да болады.