«К?лік туралы сипаттама ??гіме ??рау?а ?йрету»


«Көлік туралы сипаттама әңгіме құрауға үйрету»
Тақырыбы:Сипаттама әңгіме құрауға үйрету
Сабақтың мақсаты:
Балалардың көлік туралы білімдерін айқындау,сөздік қорының белсеңділігін арттыру. Балаларды қысқа сипаттама әңгіме құрауға үйрету(берілген жоспар бойынша),сөздерін дұрыс,анық айтқызуға дағдыландыру.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Тақырып бойынша суреттер,ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Кім жылы сөз көршісіне айтады,сол отырады.
-Сен әдемі,әсемді.
-Сен үқыпты,жақсы...
2. Жұмбақтар:
Құс сияқты,құс емес,
Самған ұшқан биікке Қанаты бар-қақпайды Жүрсе де сондай биікте. (Ұшақ)
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдамайды.(Автобус) Суда көлік,
Құмда өлік. (Қайық)
-Ал мынау не?(Жүк машина)
3.Сабақтың тақырыбын балаларға айтып,қысқаша әңгімелеу:
-Осы көлік не үшін керек?
-Көлікте отырған адамдарды басқаша қалай атауға болады? (жолаушылар)
-Адамдарды,жолаушыларды таситың көлігі қалай аталады?(жолаушы тасымалдау) -Жүк таситын көлік,қалай аталады?(жүк машина) -Жүк машина не тасийды? -Жүк машина қайда жүреді,ол қандай көлік?
4.Жоспар бойынша әңгіме құрау:
-Мынау не? -Жүк машинада қандай бөлшектер бар? -Түстері қандай? -Неден істелген?Ол қандай? -Жүк машина не үшін керек?
Жүк машина туралы балаларға айтқызу(логопед көмектеседі).
5.Сергіту сәті:
Кәне,кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Сол жақтағы балаға,
Он жақтағы балаға,
Шапалақта,шапалақта.
6. Басқа балаларға әңгіме айтқызу:
1 вариант - жоспар бойынша
2 вариант - өз машина туралы
7. «Дымбілмеске көмектесу» лексикалық жаттығу.
-Қай машинаға не салу,кімді отырғызу болады,
8.Сабақтың қорытыңдысы
-Қандай сабақ болды? -Сабақта саған не ұнады?