??гімелеу м?тіні ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: Әңгімелеу мәтіні.
Мақсаты: Мәтін түрлерін қайталау арқылы алған білімдерін кеңейту.
Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, шығармашылық – ізденушілік әдістері.
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тірек - сызба, оқулық.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Өткен сабақты бекіту. Сұрақ – жауап:
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің қандай бөліктері болады?
- Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма?
3. Интерактивтік тақтамен жұмыс.
- Мен сөз жасырдым. Бұл сөз екі сөзден құралып тұр.
Бір таңбалы сан + адамның дене мүшесі = суда тіршілік ететін жәндік.
Жауабы: сегізаяқ (интерактивті тақтадан сегізаяқтың суреті және мәтін
көрсетіледі.)

Ендеше мәтін «Сегізаяқ» деп аталады.
- Бұл мәтін не туралы? – Тақырыбы қалай аталады?
Мәтіндегі сөйлемдерге қандай сұрақтар қоюға болады.
(Оқушылар жауабы: - Сегізаяқ не істейді? - баяу қозғалады.– Жауын көргенде қайтеді?- құтылып кетеді. Аяқтарын төмен салбыратса не істейді?
Ұйқыға батады, ұйықтай береді- Яғни осы аталған сөздер бұл мәтіндегі тірек сөздер. Осы тірек сөздер мәтіндегі сөйлемдер арасында байланыс жасап тұр. Бұл мәтіннің - әңгімелеу түріне жатады. Себебі, бір оқиғадан соң екінші оқиға айтылады. (Сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды. Егер құрылымы бұзылса мәтінде не туралы айтылғанын ұғу қиын болады.)Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі:
1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді.
2) Тірек сөздері - етістіктерден болады.
3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады. Мәтін соңына қарай негізгі
ой айтылады. (тірек - сызбада көрсету) .
4. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын, хабарлау.
5. Көркем жазу.
6. Тақтамен жұмыс.
Қыздың көргені бойынша жазған әңгімесін ретке келтіріп жазу. Оқу.
4-жаттығу. (Сызбада көрсету).
7. Сергіту сәті.
8. Сөйлемдердің берілу ретінің сурет мазмұнына сәйкестігін анықтау. Сурет реті бойынша сөйлемдерді көшіріп жазу. 5-жаттығу.(Слайд)

9. «Түлкі мен ешкі» ертегісін айту. 6-жаттығу.
1) суреттер мен сөйлемдер арқылы;
2) суреттердің көмегімен;
3) есіңде қалғаны бойынша;
10. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
11. Үй тапсырмасы. 7-жаттығу.
12. Бағалау.