3 сынып ?аза? тілі ??гімелеу м?тіні


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Әңгімелеу мәтіні
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Білімділігі: Оқушылардың 2 - ші сыныпта мәтін жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға ой қорытындысын жасауға, оған өз пікірін, ойын қосуға әрі қарай жалғастыруға, аяқтауға, мәтін құрауға үйрету.Электронды оқулықтардан тапсырмалар орындау.Дамытушылығы: Жаттығу жұмысын орындау барысында оқушының ой-өрісінің дамуына шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.Тәрбиелігі: Жақсы мінез - құлыққа, еңбекшіл болуға, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жетелеу.Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін қадағалай отырып, өз ана тілін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру. Топтық сабақ.Әдісі: Дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ой шабуылы, түсіндіру.Көрнекілік: Суреттер, тірек сызбалары электронды оқулық тапсырмалары.
Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.ІІІ. Қызығушылығын ояту.1. Қымыз – шипалы сусын. Біздің мектепте үлкен мұражай бар. Балалар ертегі көрді.Бұл мәтін бе?Тақырып қоюға болама?2. Саққұлақ жақсы ит. Ол мал күзетеді. Бір күні қораға қасқыр шапты. Саққұлақ оған тап берді. Қасқыр қорқып қаша жөнелді.- Бұл мәтін- Мәтін екенін қайдан білдіңдер?- Сөйлемдер бір - бірімен өз ара мағына жағынан байланысып тұр. Мәтінге ат қоюға болады.Мәтіннің негізгі ойы не?Ит адамның досы, көмекші серігі.3. Олай болса бүгінгі өтетініміз: Мәтін.МәтінӘңгімелеу Сипаттау ПайымдауНе істеді? Қандай? Неліктен?Не болды? Неге?Қалай болды?
Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындау
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс 1 - топ. «Айгөлек»Жаз мезгілі. Балалар ойын алаңына келді. Олар екі топқа бөлініп футбол ойнады. Жарас бастаған топ жеңіске жетті. Ойын өте қызықты болды. (әңгімелеу).2 - топ. «Балдырған»Өсімдік тірі табиғат. Өйткені ол өнеді, өледі. Айман бөлмесіне гүл өсірді. Гүл әдемілік үшін ғана емес, таза ауасын береді. (пайымдау).3 - топ. «Мөлдір бұлақ»Піл үлкен, биік жануар. Тұмсығы ұзын, құлағы үлкен, табаны жалпақ. Терісі қалың. Оған жүк артады, әрі адамдар көлік қылып мінеді. Салмағы ауыр.4 - топ. «Тіл ашар»СиырСиыр үй жануары. Оның еті, сүті пайдалы. Сүтінен қаймақ, май алынады. Сүтті ұйытып, құрт, ірімшік жасайды. Сиырдың тұратын жері таза, құрғақ болады. Уақытында жемін, шөбін, суын беріп тұру керек. Сонда ғана оның сүті мол болады.Электронды оқулықтан мынадай тапсырмалар орындаттым.
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады