Информатика п?нінен ашы? саба? Сызы?ты? алгоритмдерді программалау


Мукими атындағы №13 жалпы орта мектеп
АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:
Сызықтық алгоритмдерді программалау

8 сыныптар үшінПән мұғалімі: Алханова Г.Ш.
Шымкент
Сабақтың тақырыбы:Сызықтық алгоритмдерді программалау.
Сабақтың мақсаты:
Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программаларды құру.
Синтаксистік, семантикалық ережелерді сақтау, операторларды дұрыс жазып, дұрыс қолдану.
Өздігінен жұмыс істеп, пікірлерін айта білуге үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: қарапайым операторларды, оларды қолдану ережелерін, қызметтерін.
Оқушылар меңгеруі тиіс: сызықтық программа құру барысында қарапайым операторларды қолдануды меңгеру.
Көрнекіліктер: ДК, проектор, экран, презентация, флипчарт, маркер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылар ықыласын сабаққа аудару. -3мин
Оқушыларды екі топқа бөлу. Мысалы: (1-INPUT; 2-OUTPUT)
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ өту.
Сабақты бекіту.
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру..
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.
Оқушылардың операторларды жатқа білуін тексеру.
Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды:
Топ басшылар оқушыларды бағалап отырады.-7мин.
1-INPUT тобына:
Айнымалыларды сипаттайтын программаның бөлігі? (Var);
Прорграмма қандай қызметші сөзден басталады? (Program);
Қай қызметші сөзден кейін нүкте қойылады? (End);
Меншіктеу операторының белгісі? (:=);
Бүтін типтің қызметші сөзі? (Integer);
2-OUTPUT тобына:
Енгізу операторының жазылуы? (Read, readln);
Шығару операторының жазылуы? (Write, writeln);
х2 функциясының Паскаль тілінде жазылуы? (Sqr(x));
3|х| өрнегінің Паскаль тілінде жазылуы? (3*abs(x));
2x Паскаль тілінде жазылуы? (Sqrt(2*x));
ІІІ. Жаңа сабақ өту.Электронды оқулық арқылы жаңа тақырыпқа тиісті көрсетілім көрсету.12мин.
Сызықтық алгоритмдерді программалау:

Математикалық модель құру:
Алгоритмді блок-схема түрінде көрсету:

Блок-схеманы Паскаль тіліне аударамыз:

Топтарға функцияның мәнін есептейтін программаны флипчартқа жазуға нұсқау беру. 10мин.
1-ші топқа . 2-ші топқа.
Оқушылар х және у әртүрлі мәндерін енгізіп, функцияның мәндерін есептейтін программа құрады.
Әр топ берілген тапсырманы оқушы өзіндік жұмыс жасап, жұпта ой бөлісіп, топта талқылайды. Программаны флипчартқа түсіреді. Топтар жұмыстарымен алмасады. Қателіктерді туралайды. Баяндамашылар өз жұмыстарын қорғайды.
1-топ флипчарты:Program esep1;
Uses crt;
Varx, y, z: real;
Begin
read (x,y);
z=sqr(sin(x+y))/sqr(x)+sqr(y);
write (‘z=’,z);
End.
2-топ флипчарты :Program esep2;
Uses crt;
Varx, y, z: real;
Begin
read (x,y);
z=(sqr(x)*x)+sqr(y)/y*sin(x);
write (‘z=’,z);
End.
Оқушыларғатоптыбағалауғанұсқауберу.
Топты смайлигтер арқылы бағалайды.
IV. Сабақты бекіту.
Көрсетілген блок-схемасы бойынша табаны В, биіктігі Н үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритмін және программасын құру.10мин
Формуласы: S=B*H/2

А) алг Үшбұрыштың ауданын есептеу
басы
үшбұрыштың табаны В және биіктігі Н мәндерін енгіземіз.
үшбұрыштың ауданын S=B*H/2 формуласымен есептейміз.
S мәні есептің шешімін баспаға шығарамыз.
соңы
Ә)Program esep1;
Uses crt;
Var B,H,S: real;
Begin
read (B,H);
S=B*H/2;
Write (‘S=’,S);
End.
V.Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта біздің үйренгеніміз:
Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программа құру.
Компьютерде программаларды теріп, есептерді шығару.
Оқушыларды бағалау.3мин
VI. Үйге тапсырма.
Операторларды қайталау;
Сызықтық алгоритмдерді программалау.