«Интерактивті о?ыту технологиясыны? ?діс-т?сілдерін тарих саба?ында ?олдану ар?ылы о?ушыларды? білім сапасын арттыру жолдары»


ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ КОМУНИКАТИВТІ ТЕХНИКАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
«Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары»
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауында оқыту үдерісіне заманауйәдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор делінген. Осы Жолдауды қолдай отыра, оқушыларға білім берудегі басты мақсат білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға міндеттіміз.
Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттайтын білім беруде. Сондықтан тарих пәнін оқытуды көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды тиімді пайдалана білу, мұғалім алдында тұрған бірден- бір міндет. Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс.
Оқу үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану ойды кеңейтуді іске асырып жаңа әдістің пайда болуына, оны ұйымдастыру түріне әкеледі. Компьютерлік оқыту бағдарламалары интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Компьютерлік бағдарламаларды оқу үрдісінде пайдалану барысында менің өз тәжірибемдегі 8-сыныппен « 1886-1891 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік басқару реформалары» тақырыбында өткізген сабағымда бірнеше ақпараттық технологияларды пайдаланып оқушылардың қызығушылығын ояттым десе болады. Сабақты өткізу үшін компьютерлік кабинетті жөн көрдім. Мұндағы компьютерлердің локальдық торап (жергілікті торап (дербес компьютерлерді бір мекеме шеңберіндегі тораптық операция жүйесіне біріктіру) арқылы жалғануы сабақта түрлі ақпараттық бағдарламаларды пайдалануға қолайлы, әрі әр оқушының жұмыс үстелі белсенді болады.
Бүгінгі таңда білім деңгейін анықтаудың бір жолы – тест әдісі. Оқушының логикалық ойлауын, жалпы жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдануда тест тапсырмаларының орны ерекше. Сондықтан үй тапсырмасын қайталауда тест әдісін қолдандым. Мұндағы ерекшелік тест тапсырмаларын құрастыруға арналған жаңа MY-TestХ бағдарламасын қолдандым. MY-Test бағдарламасының артықшылығы тест тапсырмаларын компьютер арқылы құрастыру, сынақтау, алынған жауапты сараптау және өзіндік қорытынды шығару. Бұл жүйе оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Мысалы:
414401026162000ХVIII-XIX ғасырлардағы қазақ жерінде өткен қазақ шаруалары көтерілісін хронологиялық ретпен орналастыр
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
Жанқожа Нұрмұхамедұлы
Амангелді Иманов
Сырым Датұлы
Беркін Оспанұлы мен Сейіл Түркібайұлы
Кенесары Қасымұлы
Есет Көтібарұлы
42049708255000Көтеріліс басшыларын шығу теі бойынша сәйкестендір
Исатай Тайманұлы ------------------------------------байбақты
Сырым Датұлы------------------------------------------тама
Беркін Оспанұлы ---------------------------------------төре
Кенесары Қасымұлы-----------------------------------беріш
Жоламан Тіленшеұлы----------------------------------адай
476821512446000Суретте көрсетілген тұлға қазақ жеріндегі қандай реформаның авторы.
«Түркістан өлкесін басқару туралы ереже»
«Сырдария мен Жетісу аймақтарын басқару туралы ереже»
«Торғай, Орал, Ақмола және Семей аймақтарын басқару тралы ереже»
«Орынбор қырғыздарын басқару туралы ереже»
«Сібір қырғыздарын басқару туралы ереже»
42678357810500Мұғалім бас компьютер арқылы локальдық торап бойынша әр оқушының жұмыс үстеліне тапсырманы таратып, уақытты белгілеуді. Тапсырма әр баланың жұмыс үстелінде белсенділік командасы басылғанда басталады. Оқушы тапсырманы барлық сынақтарды орындап болған соң «тестті аяқтау» түртпесін басып алған бағасы көре алады. Мұғалім де бас компьютер арқылы оқушылардың алған бағасын, жіберген қателіктерін, уақыт межесін көре отырып өзіндік сараптама жүргізіп бағалайды.
«Баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп балаға көрсет деп» - кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Сондықтан сабақ барысындағы тапсырмалардың бірінде интер-белсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдаланып картамен жұмыс жасау да болды. Картаны "жадандыру"әдістері бойынша, «Пазл» ойынының тәртібі негізінде хронологиялық тізбекті сақтай отырып Ресей империясының қазақ жеріне сала бастаған әскери бекіністерді салыну барысын,мақсатын және оның салдарын айқындады. Бұл тапсырма оқушылардың тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыды. 

Сабағымның келесі кезеңінде оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімін еске түсіру мақстаныда модельдеу әдісін пайдаландым. Мұнда АКТ-ның бірегей бағдарламаларының бірі компьютерді алыстан басқару «Radmin» бағдарламасын қолдандым. Оқушыларға берілген тапсырма бойынша өзара жұптасып, модельдеу әдісі бойынша тапсырманы орындау керек.Оқушылар өзара жұптасып 3 қатардан, 3 жұп құрылды. Оларға берілген тапсырма:
ХІХ ғасырда патша үкіметінің қазақ жерін басқаруды өзгертуге арналған реформаларды талдау
34905951841500 Жұп - хрологоиясы
авторы
мақсаты
жұп - ереже атауы
әкімшілік басқару формасы
жұп - орталықтың атауы
құрамына кірген аймақтар
І қатар - 1822- жылғы реформасын талдау
ІІ қатар-1824 жылғы реформасын талдау
495490515494000ІІІ қатар- 1867-1868 жж реформаны талдау.
Оқушылар тапсырманы жұмыс үстелінде орындап, «Radmin»- компьютерлерді қашықтықтан басқару бағдарламасының көмегімен бас компьютердің командасы бойынша интерактивті тақтаға локальді торап арқылы жіберіп, демонстрациялық көрсетілім жасап, қорғады. Өз ойларын іркілмей ашық айтып оқушылар бір-бірінің әлеуметтік жағдайына, білім деңгейіне қарамай жауап беріп, дәлелдеп, әр түрлі ақпарат көздерінен алған білімдерін ортаға салды. 
5177790164655500Бүгінгі күні инновациялық əдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Əсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пəндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы жəне интернеттің дамуы мысал бола алады. Электронды оқыту жүйесінің арқасында кейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың сапалы білім алуына оң нәтиже береді. Білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Солардың бірі сандық білім беру ресурсы (ЦОР). Сандық білім беру ресурсын оқушылар интернет желісінен тауып, өзіне жақын тілді таңдап, тақырыптар жиынтығынан керекті материалды ашып толық теориялық мәліметтерді танып, алған білімін интербелсенді тапсырмалар немесе тесттер арқылы бекіте алады. Сандық білім беру ресурсын сабақ үрдісінде пайдаланудың артықшылықтарын айтып өтетін болсам:
Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мəліметтер көлемін ұлғайтады.
Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан əр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
518287015811500 Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуымен оқу сапасын арттырады. 
Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Оқушының танымдық іс –əрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім -хабарлайды . Жақсы мұғалім-түсіндіреді. Керемет мұғалім -көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен.Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе.
Тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы  -білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.