?аза?стан 1941-1945 жылдарда?ы ?лы Отан со?ысы д?уірінде


Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәуірінде.
Соғыс-халықтың күш-қуаты,
ерлік жігерін сынайтын
ұлы емтихан.
Бауыржан Момышұлы.
Жоспар.
I Кіріспе.
1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.
II Негізгі бөлім:
1. Майдандағы қазақстандықтар.
2. Москва шайқасы.
III Қорытынды бөлім:
Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия бір мың тоғыз жүз қырық еінші жылы жиырма екінші маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
Бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
«Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада екі миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті.Соғыстың алғашқы кезеңінде он төрт атқыштар және атты әскер дивизиясы, алты бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық отыз алты – жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден үшжүз он алты – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына бір миллион қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ.Жұматов, В.Фурсов, К.Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е.А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған үш жүз он алты – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарғанбір мың жетпіс бес ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Жиырма сегіз танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың он сегіз танкісін жойып жіберді. «Жиырма сегіз панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері
П.В.Вихров, М.Ғабдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
Үш жүз он алты – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. Бір мың то,ыз жүз қырық бірінші жылы он жетінші қарашада оған сегізінші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. М.Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды.
М. Ғабдуллинге Кеңес Одағы батыры атағы берілді.
Бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылы үшінші мамырда екі жүз отыз сегіз атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылы бұл дивизия отыз гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.
Әрқайсысы екі жүзден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ отыз жеті ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы алты ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Мәметова мен елу төрт атқыштар бригадасының мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.
Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З.Тұрарбеков, Х.Көбеков, Т. Бигельдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.
Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангельдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды.
Бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы екінші мамырда Берлин қаласы алынды. Бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылғы сегізінші мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды. Бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылғы тоғызыншы мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.
Бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылғы екінші қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің жиырма жеті миллионнан астам адамдары соғыста қаза болды. Оның алты жүз үш мыңы қазақстандықтар.
Бізді әрбір өткен жыл Ұлы Отан соғысының бірінші күніндегі оқиғалардан алыстатуда. Көптеген соғыста жеңіске жеткен жауынгерлер өмірден озып, жыл сайын майданға қатысқан сарбаздардың саны қысқарып, қара тізім ұзарып барады. Сол сұрапыл соғыс заманын көзімен көрген куәгерлермен бірге тарихтың маңызды егжей-тегжейлі естеліктері де жоғалып бара жатқан сыңайлы. Ардагерлердің өткен күндердегі еңбектерін еске алуы - тарихта баға жетпес ерлік жасағандарының айғағы.