?аза?стан тарихы п?нінен ??н мемлекетіні? ?алыптасуы. ??ндарды? т?рмысы мен шаруашылы?ы ашы? саба?
Сабақ тақырыбы:
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан жерінде мекендеген ғұн мемлекетінің қоныстану тарихын, мемлекет болып қалыптасуын меңгерту
Тәрбиелік: Оқушылардың топ болып жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, тарихи фактілерді жаттауға, ой қорыта алуға, сонымен қатар тақырыпты меңгерте отырып, Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: сабақта оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, қорытынды жасай білуге үйрету және ойларын дамыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, ізденіс, өз бетінше жұмыс, талдау.
Көрнекілік құралдары: Интерактивті тақта, карта, тақта.
Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау: Қаңлы қоғамы, шаруашылығы және тұрмысы
Әр топқа сұрақтар беру арқылы оқушылардың білімдерін тексеру
1 топқа
1. Қаңлы мемлекеті қай ғасырда құрылды? (б. з. б. III ғасыр)
2. Қаңлы тайпаларында билік қандай жолдармен қалдырылды? (Әкеден балаға мұра ретінде)
3. Қаңлылардың астанасы қалай аталды? (Битянь)
4. Мүлік теңсіздігінің шығу себебі неде? (әлеуметтік жіктелу)
2 топқа
1. Қаңлылардың халқының саны қаншаға жетті? (600 мың адам не 420 мың үй)
2. Қаңлылар қандай елдермен байланыс жасады? (Қытай, Парфия, Рим, Кавказ)
3. Қаңлылар мен Үйсіндер арасындағы соғыс қай ғасырда болды? (б. з. б I ғас. орт)
4. Қаңлылар қандай күштерге сиынды? (Табиғат күштеріне және ата - баба рухына)
1 топқа
1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап беріңдер?
3. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы не білесіңдер?
4. Қаңлыларда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қалай дамыған және өзіндік ерекшеліктері қандай?
5. Тағы басқа қандай кәсіппен айналысқан?
6. Шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата.
7. Мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?
2 топқа
1.Қаңлы мемлекетінің хронологиялық уақыты:
2.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері:
3.Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны:
4. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы:
5. Қаңлы елінің астанасы:
6. Шыршық өзенінің оң жағалауындағы қаңлы каналы:
7. Қаңлылардың негізгі атамекені:
Кім жылдам?
1 топқа
1 Сыма Цянь қай елдің тарихшысы?
2. Қаңлылардың археологиялық мәдениеттерінің бірі.
3. Жетіасар мәдениеті қандай өзен аңғарында орналасқан?
4. Қаңлы тайпасы негізінен қандай шаруашылықпен айналысқан?
5. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұртын ата
2 топқа
1. Тұтқынға түскен адамды қалай атады?
2. Қаңлылар байланыс жасаған елдердің бірі.
3. Олар жинаған сырты қатты жеміс түрін ата
4. Қаңлылар табынған аспан денелерінің бірі
5. Ыдыстары неден жасалған?
Ортақ сұрақтар?
1. Қаңлылар туралы деректер
2. Қаңлылардың шаруашылығы
3. Қоғамдық құрылыс орналасуы
4. Археологиялық ескерткіштері
5. Металл өндірісі, сауда қатынастары
6. Қаңлылардың мәдениеті және діни ағымдары
Жаңа сабақ: Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
«Ғұн» сөзі «Гун рун, хун ю» т. б. атауларымен белгілі
Ғұн атауы б. з. д III ғ Қытай деректерінде кездеседі.
Қазақстан жеріне б. з. д. Іғ - ң соңы мен I ғ - да келген.
Халқы 1, 5 млн адам, 24 руға бөлінген. Оларды Шаньюйдің туысқандары басқарды.
Түменбасыларын шаньюй тағайындаған. Олардың әрқайсысында мыңнан әскер болған. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылған.
Ғұндардың билік жүйесі
Тәңірқұты (Шаньюй) рубасылар кеңесі
Түменбасылар (24)
Мыңбасылар
Жүзбасылар
Онбасылар
Халық жиыны 3 жылда
Ғұндардың даңқты қолбасшысы Атилла шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген, қазақтар Атилланы - Еділ деп атаған. Атилланың сырт келбетін «бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады, орта бойлы, мығым денелі, көзі өткір, сұсты болған. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Ол - Еуропаны, Африканың солтүстік бөлігін, Батыс Азияны қамтыған, Рим империясын жеңіліске ұшыратты. 453 жылы Атилла қайтыс болып, империя ыдырай бастады.
Мына пікірлермен келісесің бе?
№ ПІКІРЛЕР ИӘ ЖОҚ
1 Ғұн билеушісін «хан» деп атаған +
2 Ғұн мемлекеті 24 тайпадан құралды. + 3 Цинь патшалығы сақтардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. +
4 Шаньюден кейінгі басты тұлға «түменбасы» болды. + 5 «Халықтардың ұлы қоныс аударуын бастаған» қаңлылар +
6 Ғұндардың негізгі өмір салты –көшпелі өмір болды. + 7 Халықтардың ұлы қоныс аударуы б.з.б II ғасырда басталып б.з. IV ғасырына дейін созылды. + Кестені толтырыңдар. Ғұндар.
Ғұн тайпалық одағының қалыптасқан уақыты Мемлекеттің негізін қалаушы Шаруашылығы
Б.з.б III ғ. Моде шаньюи Көшпелі мал шаруашылығы
Бекіту:
Ғұндардың негізін қалаған кім және билеушісін қалай атады?
Ғұн қанша руға бөлінді және оларды кім басқарды?
Ғұндардың екінші көші қай жылы басталды және тарихта бұл көш қалай аталды?
Еуропаны Рим үстемдігінен азат еткен кім?
Атилланы қазақтар неліктен Еділ деп атаған?
Солтүстік ғұндардың әміршісі кім болды? Оқушылардың білімін бағалау:
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу
Ерікті тапсырма: «Еділ батыр бабамыз» атты ой - толғау жазу