Коучинг-сессия жоспары О?ушыларды жас ерекшеліктеріне сай о?ытуда критерий ар?ылы ба?алауды? тиімді жолдары
1 апта 06.02.2015 жыл Тақырыбы Жас ерекшелігіне сай оқытуда критерийлер арқылы бағалаудың тиімді жолдары.
Мақсаты Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу.
Коучинг-сессия қатысушыларына жас ерекшелігіне сай критерийлер жасауды, сол арқылы бағалаудың тиімді жолдарын қолдану ерекшелігін үйрету
Дереккөздер
«Мұғалімге арналған нұсқаулық», үлестірме материалдары, интернет ресурстары,бейне және дыбыстық жазбалар,тәсілдер
Күтілетін
нәтижелер Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатын, топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игереді,күнделікті сабақта критерий арқылы бағалауды пайдалана отырып, оқу үрдісін жақсарту мен оқушыларды оқуға жетелеу жолдарын біледі;әріптестерге қолдау көрсетуге дайын болады.
Түйінді идеялар
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу. Критерий арқылы бағалау және оны тәжірибеде қолдану.
Көрнекі
құрал-жабдықтар Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті қаламдар, суреттер, желім мен қайшы, интербелсенді тақта,слайдтар
Коучингтің
өту барысы Коучтің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Психологиялық жағымды ахуал орнату (5 мин) Сәлемдесу. Танысу.
Мақсаты:
қатысушылардың бір-бірімен сәлемдесуі, аудиторияда психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Талқылау: 1. Қай ойыншының есімі есте жақсы сақталды?Неге?Қай қатысушының есімін еске түсіру қиынға соқты?Неге?Қатысушылардың сені есінде сақтамауы қалай әсер етті? Және т.б. Дөңгелене тұрып, сағат тілі бойынша кезек-кезек әр қатысушы өз атын және әріптестеріне деген жақсы бір тілегін айтады. Екінші қатысушы өзін таныстырмас бұрын алғашқы адамның атын атайды, содан кейін өзін таныстырып,тілегін айтады.Ал үшінші адам 1,2 адамның аттарын қайталап, сонан соң өзін таныстырады. Ойын осылай жалғаса береді. Барлығы бір-бірімен амандасып шығады және психологиялық ахуал қалыптасады.
Топтарға бөлу
(3 мин) Қатысушылардың жастарына қарай топтарға бөлу
Қатысушылар жастарына қарай топтарға бөлінеді.
1 топ-60-70,2-топ -71-81,3-топ -82-90жж туылғандар
Топ ережесін жасап, бекіту
(5 мин) 1.Әр топқа топ ережесін жазу ұсынылады.
2. Ең жақсы деген ережесін таңдап ортаға таныстыруды ұсынады. 1.Әр топ ережесін жазады.
2.Ұтымды шыққан ережелерін ортаға салады,іледі.
Жұптық жұмыс. (5 мин) Өзін-өзі презентациялау.
Сұрақтар (топ тыңдаушыларына):
Өзін табысты етіп көрсете алды ма?Алдында айтқанынан нендей өзгерістер,толықтырулар болды? Топ ішінен 1 жұп таңдалып алынады.Ол жұп бірін-бірі туралы мағлұмат жинайды.Берілетін уақыт- әрқайсысына 2 минут. Топтың қалған мүшелері тыңдаушы болып ,бақылап отырады.Көршісімен әңгімеде неғұрлым көп мағлұмат алуға тырысады.Соңында жұптың әрқайсысы 30 секунд ішінде өзін-өзі презентациялау керек.
Өзін-өзі презентациялауда төмендегі мәселелерді қамту керек:1.Өз бойымдағы қандай қасиетімді бағалаймын?
2.Менің мақтанышым.
3. Мен нені жақсы істей аламын?
4. Адамдардың қай қасиетін бағалаймын?
5.Коучинг/ топтық жұмыстардан не күтемін?
Топтық жұмыс
(5 мин) Әр топқа бағдаршам,аққала,алма ағашының суретін салуды ұсыну.Өзара бағалау.Алған бағаларына ырза ма,жоқ па?/ Критерий арқылы бағалаудың ерекшелігі неде?
Бағалау парақшалары
Топ Парақта орна
ласуы Түстердің үйлесімі Бөл
Шек
тер саны Жал
пы ұпай Баға
1 топ 2 топ 3 топ Бағалау шкаласы:
«1» - 0-2 балл
«2» - 3-4 балл
«3» - 5-6 балл
«4» - 7-8 балл
«5» - 9 балл
1-топ-алма ағашы Бағалау критерийі
АЛМА АҒАШЫ
1 балл 2 балл 3 балл
Парақта орналасуы Парақтың 1/3 бөлігін алады Парақтың жартысына орналасқан,бос орынды толық пайдаланбаған Сурет параққа толық орналасқан,дәл ортасында
Түстердің үйлесімі 1 түс қолданылған 2-3 түс қолданылған 3-тен артық түс қолданылған
Бөлшектер саны (діңі,бұтақтары,жапырақтары,жемісі және тамыры болу керек) 1-2 бөлшек 3-4 бөлшек 5-тен астам бөлшек
2-топ – аққала Бағалау критерийі
АҚҚАЛА
1 балл 2 балл 3 балл
Парақта орналасуы Парақтың 1/3 бөлігін алады Парақтың жартысына орналасқан Сурет параққа толық орналасқан
Түстердің үйлесімі 1 түс қолданылған 2-3 түс қолданылған 3-тен артық түс қолданылған
Бөлшектер саны (аузы,мұрны,көзі,түймесі,қолында сыпырғы,басында шелегі болу керек) 1-2 бөлшек 3-4 бөлшек 5-тен астам бөлшек
3- топ – бағдаршам Бағалау критерийі
БАҒДАРШАМ
1 балл 2 балл 3 балл
Парақта орналасуыПарақтың 1/3 бөлігін алады Парақтың жартысына орналасқан Сурет параққа толық орналасқан
Түстердің үйлесімі 1 түс қолданылған 2-3 түс қолданылған 3-тен артық түс қолданылған
Бөлшектер саны 1-2 бөлшек 3-4 бөлшек 5-тен астам бөлшек
Презентация
(10 мин) Бағалау. ЦПМ 65 видео.Критериалды бағалау Тыңдайды,пікірге белсене араласады
Сергіту сәті
(5 мин)
«Әріптер сөйлейді»
Бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай?
Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?
Сабағыңызда қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?
Үшдеңгейлік курсқа барғыңыз келе ме?
Курстан өзіңізге керекті әдіс-тәсілдер ала аламын деп ойлайсыз ба?
Семинарға не мақсатпен келдіңіз?
Маған айтар ұсынысыңыз… т.с.с. Ұсынылған кез келген алфавит әріптерін таңдап алып,қойылған сұраққа қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беру керек.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
Топтық жұмыс
(5 мин)
«Бүркіт пен оның балапандары» (аңыз)
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?
Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.
Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.
Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.
Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?
Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:
-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі бүркіт сонда ғана көкірегін кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.
Топтық жұмыс
(10 мин)
Тапсырма: әр топтан біреуі түсінік айтады.Уақыт белгіленеді.
Топтар критерий бойынша бағалайды. Сұрақ: Аңыздың мазмұнын өзіміздің ұстаздық жұмысымызбен байланыстыра аламыз ба? Болса,қалай?
Топтық жұмыс
(5 мин) Әр топқа берілген тапсырмаға жас ерекшеліктеріне сай критерий құрастыру ұсынылады. Қатысушылар тренингке белсене қатысады.
1-топ:Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қоя отырып,мәтінді көшіру.
2-топ.Сөйлемдердегі зат есімдерді тауып,синтаксистік рөлін анықтау.
3-топ – Берілген тақырыпқа мәтін құрастыру
Қорғау
Топтық жұмыс
15 мин «Бәйтерек» монументінің макетін жасау
Тапсырманы орындауға критерийі:
Ер мұғалімдер қайшы мен сызғышты ұстамайды.Әйел мұғалімдер клей мен қаламды ұстамайды.
Бағалау парақшасы
Топ Түп
нұсқаға ұқсастығы Орнықтылығы,мықтылығы Биік
тігі,
көлемі Жал
пы ұпай Баға
1 топ 2 топ 3 топ Бағалау шкаласы:
«1» - 0-2 балл
«2» - 3-4 балл
«3» - 5-6 балл
«4» - 7-8 балл
«5» - 9 балл
Макет жасап қорғайды. Өзін-өзі бағалау.Критерий бойынша бағалау.
«Бәйтерек» монументі
Критерий 1 балл 2 балл 3 балл
Түпнұсқаға ұқсастығы Монумент,бірақ «Бәйтерек» монументіне мүлдем ұқсамайды Түпнұсқаға ұқсайды, бірақ кейбір элементтері сәйкес емес (шпиль,антенна,аяқтары және т.б.) Түпнұсқадан айнымайды
Орнықтылығы,мықтылығы Қабырғаға сүйемелдегенде ғана аяғынан тұра алады,өздігінен қисайып қалады,құлай береді,орнынан қозғауға келмейді. Нық тұрады.Оң немесе сол жаққа сәл ғана қисайған.Дегенмен орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады. Нық тұрады,қисаймайды, орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.
Биіктігі,көлемі (діңі,бұтақтары,жапырақтары,жемісі және тамыры болу керек) 30 см 31-55 см 56-97 см
Топ аралық жарыс (өткенді пысықтау)
5 мин «Ой жүйрік» немесе «Насекоммен күрес» Кабинетте терминдер ілулі,анықтамасын мұғалім оқып тұрады,топ мүшелері сәйкестігін тауып, бірінші болып шыбынұрғышпен ұрып алады. Кім көп жинаса,жеңіске жетеді. Сөздік: бағалау,критерий, дескриптор,рубрикатор,формативті бағалау,суммативті бағалау,критериалды бағалау т.с.с.
Рефлексия
(4 мин)
«Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша кері байланыс ұсынады (алма –стикер)
3 түсті (қызыл, сары, жасыл) стикер алмаларға өз бағалары мен ұсыныстарын жазып, тақтадағы алма ағашының суретіне жапсырады.
2-3 мұғалім өз рефлексияларын ортаға салады.
Қорытындылау
(5 мин)
Коучтің қатысушыларға тілегі: 3 мин
«Зигзаг»
«Притча о ручейке» Қатысушылар коучингтен алған әсерлерімен және сезімдерімен бөліседі.
Қатысушылар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұра қалады. Шетте тұрған қатысушы қолындағы бір орам жіпті (лента т.б.) қарама-қарсы бетте тұрған әріптесіне бүгінгі коучингтен алған әсері жайында айтып болып береді.Жіптің ұшын өзі ұстап қалады.Осылай жалғаса береді.Соңында үздіксіз зигзаг пайда болады. Бұл тығыз байланыс пен жүйелілік жетістікке жеткізетінін білдіреді.