?алалы? семинарда О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алауды? теориялы? негіздерімен кретериалды? ба?алауды? практикада?ы ?олданысы та?ырыбында ?ткізілген коучингті? жоспары


Өтілетін күні: 05.03.14.
Коучинг үдерісінің тақырыбы:
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың теориялық негіздерімен кретериалдық бағалаудың практикадағы қолданысы
Мақсаты: *Әріптестеріме оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерту;
*Әріптестеріме сыныпты топқа бөлу тәсілін үйрету;
*Топқа бөлінген мәтіннің мағынасын ашу;
*Топты тағыда реттік сан бойынша топқа бөлу;
*Топтағы адамдармен берілген мәтінді басынан аяғына дейін талқылау ;
Міндеттері: Табыс критерийлері:
*Жеке орындап, жұпта ой бөлісіп, топта талқылау жұмыстарын жүргізуге бағыт беру;
*Мәселені тереңінен бойлап ойлауға, байыппен шешім қабылдай білуге ықпал ету;
*Қарым-қатынас жасай отырып, бірлесе білім үйренуге және оны өмірде қолдану жолдарын қарастыруға көмектесу;
сұрақтарға жауап бере алды;
топтық жұмыстарда белсенділік танытты;
өзін-өзі бағалауда әділ бола алады;
рефлексия жасай алды
Күтілетін нәтиже: жеке, жұпта, топта жұмы жасға бір-бірін үйретеді, өз ойымен бөлісуге мүмкіндік алады, ұйымшылдығы артады;
тапсырмаларды талқылап, шешім қабылдай алады;
алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана алады.
№ Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Уақыты
1. Қызығу-шылықты ояту 1.Сыныпты топқа бөлу
Шаршы - байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары аз, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған ісін аяғына жеткізетін, көшбасшы, өз-өзіне сенімді адам.
Шеңбер - өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышын да бөлісе алады.Көпшіл, ынталы, достары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
Тіктөртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл-күйі құбылмалы, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.
2.«Оқыту үшін бағалау»,«Оқуды бағалау» слайдымен таныстыру.
3. «Бағдаршам »бағалау
4.Мини тест « бірін –бірі бағалау»
1.Қоршаған ортаны және табиғат көрінісін бейнелі түрде бейнелеу-пейзаж
2.Әр түрлі түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын әсем әрі жарқын етіп бейнелейді -кескіндеме
3.Бейнелеу өнерінің бір түрі(сурет салу,жазу және сызуды білдіреді)-графика
4..Суретшінің өзін бейнелеуі-автопортрет.
5.Қысқа мерзімді орындалатын сурет-этюд.
6.Бояу араластыратын тақтайша-политра.
7.Суретші графиктің құралы -қарындаш
5.Қызықты сурет «Ой қозғау»
1-топ «Шаршы»
2-топ «Үшбұрыш»
3-топ «Шеңбер»
4-топ «Тіктөртбұрыш»
Өткен сабақтарды еске түсіру мақсатында тест арқылы бірін-бірі бағалау .
1-сурет «Әже ме ,әлде ару ма?»,2-сурет«Не байқаймыз? 1 минут
5минут
3 минут
2 минут
ІІ
Ш Мағынаны тану
Рефлексия 6. Джигсо тәсілін қолдана отырып « Адам болып қалу»мәтінін талқылау
7.«Ақылдың алты қалпағы»
8.Конверттегі сұрақ.
9.Мәтін желісі бойынша сурет салу
9.Сергіту сәті
10.Суретті карточкамен жұмыс
11.Мадақтау сэндвичі
*1-ші жеке жұмыс,2-ші топтық жұмыс орындалып мәтінді ортада мағынасы талқыланады.
*Топ 1,2,3,4-сандарын ретімен қайталау арқылы қайта топқа бөлінеді.
*Топта қайта талқылау жүреді.
*Мәтінің мағынасы ашылғаннан кейін топ мүшелері өз топтарына қайтады.
Мақсаты:
Мәселені барынша мұқият талқылап, жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.
4 топқа 4 сұрақ беріледі .Сол сұраққа түйінді ойларын жазып парақшаны келесі топқа береді.Өздерінің толтырған қағаздары қайтып келгенде топ басшысы тақырыпты қорғайды.
Мәтін бойынша иллюстрация орындап өзін –өзі бағалайды.
«Қара жорға»биіне бой жазып ,дем алу.
Қатысушыларға алты сурет және сөздері бар карточкалар беріледі.Таңдау арқылы суретке тақырыптар таңдау керек.
1-бөлік– позитивті комментарий, не ұнады;
2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсеніжақсартукерек;
3-бөлік – келешеккеарналған комментарий: мағанұнады, бірақкелесіжолы …
6 минут
6 минут
3 минут
6 минут
1 минут
10 минут
2 минут

1-бөлік– позитивті комментарий, не ұнады;
Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі, сыныпты топқа бөліп жұмыс жүргізгеніұнады.Ал бағалауды бағдаршам арқылы бағалағандығы қызықты және тиімді екендігін көрсете білді.Бағдаршам арқылы түсінікті жұмыс жасадық.
Ақылдының алты қалпағымен жүмыс жүргізу өте тартымды өтті.Алты қалпақ арқылы кез келген мәтін болсын,шығарма болсын толық жан жақты меңгерілетіндігін айтқым келеді. Онымен жұмыс жүргізу сабақтың барысында тиімді болатынын дәлелдеді.Бағалаудың түрлері,топтық жұмыс,барлық тәсілдер ұнады.Сабақта қолданған топқа бөлу,Джигсо әдісі (семьямен жұмыс жүргізу),оқушының өз ойын ортаға сала білуге дағдыландырады және өз ойларын ашық айтуға үйрететінін өзіміздің осы сабаққа қатысқандығымыздың тиімді болғанын айтқым келеді. 2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсеніжақсартукерек;
Алты қалпақты жасап көрсетіп және оны пайдалану жолдарын тиянақты нақты көрсеткенде болар еді. .Кембридж тәсілін басқа әріптестерге осындай семинарлар арқылы үйрету керек. Семинарлар жиі болып тұрса.
3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
Сабақ өте қатты ұнады.Келесі жолы тағы да осындай сабақтар болып,арнайы бір тақырып бойынша сабақ көрсетсе.Осындай сабақтарды ай сайын ұйымдастырып тұрса барлық мұғалімдерге үйренуге жақсы болар еді..
71120800735122555352361564001655064125Бұл менің қалада ұйымдастырып отырған үшінші коучинг сабағым. Алдыңғы екі коучинг үдерісіме қатысқан мұғалімдерім осы семинарда нәтижелі сабақ көрсетіп шығарды.Мен оған қатыса алмадым, бірақ жоспарларымен танысып,алдын ала ақылдасып , талқыласып шешілген жоспарлар болатын. Соныменүш әріптесім сабақ көрсетті,сабағына қатысушы әріптестеріміз қанағаттанған. Ал мен әдіскеріміздің сұранысы бойынша алдыңғы коучинг сабағыма қатыспаған, осы семинарға қатысушы әріптестеріме «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың теориялық негіздерімен кретериалдық бағалаудың практикадағы қолданысы » тақырыбында сабақ көрсеттім.Топқа қалай бөлінудің түрлерін геометриялық денелермен бөле отырып ,таңдаған фигураларына байланысты мінез –құлықтарын айту арқылы жағымды ортаны қалыптастырып алдым. Сонымен бірге бұл коучинг сабағымның тақырыбына байланысты бағалаудың түрлерін практикада қолдану тәсілдерін көрсеттім.Бұл жерге жиналған тек бейнелеу өнері пәнінің мұғалім76841352540дері болғандықтан барлық тапсырманы пәніме байланыстырып алдым.«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың» слайдымен таныстыра отырып «Бағдаршамның» қолдану 76219052710815тәсілін, оның тиімділігін қолданудан бастадым.Әр тапсырманы орындау барысында әріптестерімнің түсінген-түсінбегендерін осы бағдаршам арқылы анықтап отырдым.Джигсо тәсілін қолдана отырып « Адам болып қалу»мәтінін талқылауда «Ақылдының алты қалпағы» әдісін қолдандым. Бұл коучинг сессияға қатысқан мұғалімдердің басым көпшілігі мұндай үдеріске бірінші рет қатысып отырған әріптестер. Қандай тапсырманы орындасақ та мұғалімдер белсенді жұмыс атқарды. Кері байланыстарымен танысу барысында түрлі әдістерді қолданып осындай семинарлар тағыда ұйымдастырып беруімізді сұранған. Мен семинардың әсерлі болғанын бүгінгі әріптестеріміздің көңіл-күйінен байқадым. Өйткені барлығы білген үстіне білгілері келіп, келесіде тағы да әдістердің түрлерімен таныстырып тұрсаңыз дегендей ұсыныстар айтып жатыр. Менің байқағаным үйренгісі келетін әріптестермен жұмыс жүргізген қандай жақсы әсерлі болады.