О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алауды? теориялы? негіздерімен кретериалды? ба?алауды? практикада?ы ?олданысы та?ырыбында ?алалы? семинарда ?ткізген коучинг жоспары


Өтілетін күні: 14.02
Коучинг үдерісінің тақырыбы:
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың теориялық негіздерімен кретериалдық бағалаудың практикадағы қолданысы
Мақсаты: *Әріптестеріме«Оқыту үшін бағалау»,«Оқуды бағалауды»түсіндіру;
*Әріптестеріме сыныпты топқа бөлу тәсілін үйрете отырып бағалаудың түрлерімен таныса отырып ,жұмыс жүргізу ;
*Топқа бөлінген мәтіннің мағынасын ашу;

Міндеттері: Табыс критерийлері:
*Жеке орындап, жұпта ой бөлісіп, топта талқылау жұмыстарын жүргізуге бағыт беру;
*Мәселені тереңінен бойлап ойлауға, байыппен шешім қабылдай білуге ықпал ету;
*Қарым-қатынас жасай отырып, бірлесе білім үйренуге және оны өмірде қолдану жолдарын қарастыруға көмектесу;
*Бағалаудың түрлерін біледі;
*дискриптор құра алады;
*сұрақтарға жауап бере алды;
*топтық жұмыстарда белсенділік таныта алады;;
*өзін-өзі бағалауда әділ бола алады;
*рефлексия жасай алды
Күтілетін нәтиже: жеке, жұпта, топта жұмы жасға бір-бірін үйретеді, өз ойымен бөлісуге мүмкіндік алады, ұйымшылдығы артады;
тапсырмаларды талқылап, шешім қабылдай алады;
алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана алады.
№ Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Уақыты
1. Қызығу-шылықты ояту 1.Сыныпты топқа бөлу
Шаршы - байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары аз, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған ісін аяғына жеткізетін, көшбасшы, өз-өзіне сенімді адам.
Шеңбер - өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышын да бөлісе алады.Көпшіл, ынталы, достары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
Тіктөртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл-күйі құбылмалы, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.
2.«Оқыту үшін бағалау»,«Оқуды бағалау» слайдымен таныстыру.
«Бағдаршам »бағалауы
4.Мини тест « бірін –бірі бағалау»
1.Қоршаған ортаны және табиғат көрінісін бейнелі түрде бейнелеу-пейзаж
2.Әр түрлі түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын әсем әрі жарқын етіп бейнелейді -кескіндеме
3.Бейнелеу өнерінің бір түрі(сурет салу,жазу және сызуды білдіреді)-графика
4..Суретшінің өзін бейнелеуі-автопортрет.
5.Қысқа мерзімді орындалатын сурет-этюд.
6.Бояу араластыратын тақтайша-политра.
7.Суретші графиктің құралы -қарындаш
5.Қызықты сурет «Ой қозғау» 1-топ «Шаршы»
2-топ «Үшбұрыш»
3-топ «Шеңбер»
4-топ «Тіктөртбұрыш»
«Оқыту үшін бағалау»,«Оқуды бағалау» слайдымен таныстырып, бағалаудың түрлерін атап, бағалауды қалай жүргізу жолдарын түсіндіріп болған соң «Бағдаршам »бағалауы бойынша түсінген-түсінбегендерін көрсетті.Осы үдеріс барысында« бірін –бірі бағалау», сурет салу арқылы дискрипторларды қалай құру жолдарын түсіндіре отырып өзін-өзі қалай бағалауға болатынын орындау.
Өткен сабақтарды еске түсіру мақсатында тест арқылы бірін-бірі бағалау .Дұрыс жауапты парақшаға жазып сағат тілімен көршісіне беріп дұрыс жауабын белгілеп ,әр сұрақ 1 балдан тұратыны ескертіледі.
1-сурет «Әже ме ,әлде ару ма?»,2-сурет«Не байқаймыз?
2 минут
7 минут
5 минут
2 минут
ІІ
Ш Мағынаны тану
Рефлексия 6.«Жауапкершілік жүгі»мәтінімен танысу
9.Сергіту сәті
10.Суретті карточкамен жұмыс
11. Мадақтау сэндвичі
«Болжау» стратегиясы бойынша мәтінді төртке бөліп беріп , болжау арқылы мәтінді әр топ талқылайды.Мәтіннің мағынасын түсініп болған соң мәтіннің желісі бойынша иллюстрация салып,өзін –өзі бағалау парағына тақтадағы дискриптор бойынша табыс критериін түсіне отырып бағалау.
Қатысушыларға алты сурет және тақырыпшалар жазылған сөздері бар карточкалар беріледі.Таңдау арқылы суретке тақырыптар таңдап,әңгіме құрастырады.
1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;
2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
10 минут
2 минут
10 минут
2 минут
1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;
2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
Топпен жұмыс жүргізудің тиімділігі және топтағы қатысушылардың барлығы дерлік қамтылғандығы және бірігіп жұмыс жасағандығы ұнады. Бүгінгі коучинг сабақтағы түрлі әдіс-тәсілдер бойынша өткізген сабағы маған үлкен әсер қалдырды.Оқушылардың жан-жақты қызығушылығын арттырады,бос отырған оқушы болмайды,ойлау жылдамдық қабілеттерін дамытады.Бағалаудың түрлерімен танысып, бірнеше түрлерімен жұмыс жүргіздік түсінікті болды. Қойылатын сұрақты нақты жауабы астарлы болды, түсініңкіремей қалдым.
Сабаққа оқушылырды көп қатыстыру керек.
Бақылау бойынша сабақта қандай әдістерді пайдалану қажеттігі ашылса екен.Бір әдіспен жұмыс жүргізген соң түсіндірме жұмысы болса екен. Топпен жұмыс сабақты терең түсінуге,қайталау сабақтарына өте тиімді екен.
Осындай тәсілдер жиі қолданылса.Орта мерзімді жоспарды құру әдісін үйретсеңіз.Келесі жолы технология сабақтарында қандай тәсілдер арқылы сабақ өтуге болатынын ,қалай жоспарлар құрылатынын айтсаңыздар.Топтық жұмыс ұнады,келесі жолы топты ойын түрінде және басқа да қалай бөлуге болатынын көрсетсеңіз.Уақытты үнемдесеңіздер, келешекте тағы да бағалаудың қандай ерекшелігі мен әдіс- тәсілі болуын білгім келеді.Алдағы уақытта сабақтарыңыздың жемісті долғанын тілеймін.
Екінші коучинг сабағым «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың теориялық негіздерімен кретериалдық бағалаудың практикадағы қолданысы» тақырыбында өтті . Қатысушы мұғалімдер бірінші коучинг сабағыма қарағанда бұл сабақта белсенді қатысып отырды. Алдыңғы сабағымдағы өткізген «Джигсо»тәсілін, «Ақылдының алты қалпағы» тәсілін , мәтін бойынша жұмыс жүргізіп, өз сабақтарында қолданып көрген. Әрине, барлығы емес. Сурет бойынша эссе жаздырған.Сабақтарының қызықты болғанын,ұқушыларға ұнағандарын айтып өтті. Сонымен бірге бүгінгі сабақтың бағалаудың түрлерін «Оқуды бағалау» слайдымен таныстырылды. Ол жерде бағалаудың қандай түрлері бар екендігін бағалаудың мақсаты мен міндеттері жайлы түсіндірілді. Бағалаудың тиімділігі туралы айтқанда , бағалаудың өте керек және оқушылардың білімдерін көтеру үшін және сабақтың үстінде бірнеше оқушы ғана емес, сыныпты толығымен бағалауға болатынын және өте тиімді болатындығын қызыға айтты.
Бұл коучинг сабағымды шаршы арқылы топқа бөлдім. Осы жолы топқа бөліну жылдам іске асты. Топқа бөліп сабақ өтудің тиімді екендігін айтып, түрлі әдістермен сабақ өту оқушылардың қызығушылықтарын арттыратындығы өздері жұмыс орындау барысында көздері жеткендерін айтуда. Сабақтың басында «Бағдаршам» арқылы қалай бағалауға болатынын практикада қолдандырып көрсеттік. Келесі тапсырма арқылы мини тест жүргізу арқылы « бірін –бірі бағалаудың » жүргізілу тәсілін көрсеттілді. Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Жауапкершілік жүгі» мәтінімен танысып тақырып бойынша сурет салып табыс критерийі бойынша өздерін бағалау парағын қалай пайдаланып, бағалауға болатындай іс-әрект қолданылды.
Алдағы аптада осы коучинг сабаққа қатысқан төрт мұғалім қала семинарында сабақ беретін болды. Ол әрине менің жетістігім шығар деп ойлаймын.