1 сынып ата-аналары ?шін баяндама ж?не сауалнама


Бірінші сынып ата-аналары үшін жадынама
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде тек мектеп арқылы ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Бастауыш сынып мұғалімі – сіздердің сенімді одағыңыз және жанұяларыңыздың досы. Сонымен ақылдасыңыздар, мұғалімнің мәртебесін қолдаңыздар. Мұғалімнің жұмысындағы кемшіліктерді баланың көзінше айтпаңыздар, оны тек мектепте мұғалімнің өзіне айтыңыздар.
Сабақтарға, ата-аналар жиналысына қатысып отыруға тырысыңыздар. Егер жиналысқа қатыса алмамаңыз, оны мұғалімнің өзіне жеке барып айтыңыз немесе бала арқылы қолхат беріп жіберіңіз.
Оқушының оқудағы жетістіктерін жиі біліп отырыңыз және «Бүгін жаңа не білдің?» деп сұрап отыру қажет. «Бүгін қандай баға алдың?» - деп дәстүрлі сұрақ қоя бермеуі керек. Ұл-қызыңызға түскен сәтсіздіктерге ашуланбаңыз, жетістіктеріне қуана біліңіз.
Үй жұмысын орындауды жиі бақылап отырыңыз, орындау барысында дұрыс көмек бере біліңіз. Балаға көмек көрсету, бақылау баланы шаршататын мораль, дәріс түрінде немесе дүрелеу түрінде болмауы керек. Негізгісі баланың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын ояту.
Үй жұмысын тексере отыра, баланың өз мысалдарын келтіре білуге, орындалған тапсырманың дұрыстығын дәлелдей білуге бағыттап отыру қажет. «Неге?», «Дәлелде», «Басқаша болуы мүмкін бе?» деген сұрақтарды жиі қою керек.
Сыныпта өткізілген барлық іс-шараларға баланың қатысуына әрекет етіңіз.
Баланың әңгімелерін аяғына дейін тыңдауға тырысыңыз (өзі туралы, достары, мектеп туралы). Өзіңнің уайымыңызбен және балаңыздың қажеттілігімен бөлісіңіз.
Сыныпқа, мектепке міндетті түрде көмек көрсетіңіз.
 
«Бірінші сынып оқушысы нені білуі керек?»
6 жастағы бірінші сынып оқушысы білуге міндетті:
Өз үйінің мекенжайы мен телефоны, мектеп мекенжайы мен телефоны, өз аты-жөнін, ата-анасының аты-жөнін, ата-аналарының жұмыс орнын, үйінен – мектепке, мектептен-үйге дейінгі жолды, жол ережесін, көшелерді қиып өту ережелерін, пәтер есігін жабу, ашуды, телефон арқылы телефон шалуды;
Ауа райының өзгеруіне байланысты өзі киінуге, шешінуге, өз киімдері мен аяқ-киімдерін байқап отыруға, дұрыс жуынып, тарана білуге, өзі тамақты ысытып, ұқыпты ішіп, үстел үстін жинап кетуге, тамақ алдында және дәретханадан кейін қол жууды ескертпей-ақ өзі жууға үйрену;
Мұғалімді, ата-ананы тыңғылықты тыңдап, олардың нұсқамаларын өзі орындауға және мұғалімнің, үлкендердің сұрақтарына ұялмай ашық, нақты жауап беруге; көмек қажет жағдайында достарының таныстарынан, басқа таныс емес адамдардан көмек сұрай білуге; өз уақытын жоспарлауға, бөлуге және тапсырманы ескертусіз, көмексіз орындай білуге;
Жақсы дос болу – жаңа мектеп ұжымына баланың ойдағыдай енуінің бір кепілі. Баланы жақсы дос болуға үйрету; басқаларға көмек көрсете білу және қиындықтан алып шыға білуге үйрету; кітап, ойыншықтарымен еркін бөлісе білуге; басқалардың қателігіне ескертулер тыңдай білуге дайындау.
«Есте сақтаңыздар!»
Егер:
Баланы жиі сынасақ, жек көруді үйренеді;
Баланы келеке етсек, ол тұйық болып қалады;
Баланы мақтасақ, ол жақсылықты үйренеді;
Баланы қолдасақ, ол өзін бағалай білуге үйренеді;
Баланы кінәлай берсек, ол өзін кінәлаумен өмір сүретін болады;
Баланы шыдамдылықта өсірсек, ол басқаларды түсінетін болады;
Баланы шындыққа үйретсек, ол әділдікке үйренеді;
Қауіпсіздікте өссе, адамдарға сенетін болады;
Бала айғай-шу, ұрыс-керісте өссе, онда ашуқай болады;
Бала достық, түсіністік қарым-қатынаста болса, онда ол бұл әлемде достық пен сүйіспеншілік сезімді табады.
 
Сауалнама
«Дарынды бала өсіргіңіз келе ме?»
Педагог – психолог Л.Льюнсаның кеңесін тыңдайық.
Баланың барлық сұрақтарына шыншылдықпен және шыдамдылықпен жауап беремін;
Пәтерде бала өз жұмысын көрсете алатын арнайы сөре (көрме) бар;
Шығармашылық жұмыстарына байланысты бөлмеде, не үстел үстінде тәртіпсіздік, жинақылық болмаса, балаға ол үшін ұрыспаймын;
Баланың өзіндік шығармашылық жұмыс атқаруға арналған бұрышы не бөлмесі бар;
Бала өзінің жетістіктерімен ғана сүйікті емес, өзі қандай күйде болса, сондай күйде баланың сүйікті екенін көрсетемін;
Қамқорлық жасауда көп мүмкіндіктер жасаймын;
Мен балаға жоспар жасауға және шешім шығаруға көмектесемін;
Мен балаға қызықты жерлерді көрсетуге тырысамын (тарих, көрнекті жерлер, мұражай, кітапхана және тағы басқалар);
Балаға өз жұмысының нәтижесін жақсартуға көмектесемін;
Мен балаға басқа балалармен қарым-қатынас жасауға көмектесемін және оларды өз үйімде көретініме қуанамын;
Мен балаға сен басқа балалардан төменсің деп айтпаймын;
Мен баланы абыройын төгіп жазаламаймын;
Мен балаға өз қызығушылығы бойынша кітап сатып әперемін;
Мен баланы өз бетінше ойлауға үйретемін;
Мен балаға жиі кітап оқимын және кітап оқуды ерте жастан үйретемін;
Мен баланың қиялын, елесін дамытамын;
Мен баланың қажеттілігіне ынта қойып қараймын;
Мен күнде баламмен бірге болуға уақыт табамын;
Мен балаға жанұялық бюджетті жоспарлауға қатысуға мүмкіндік жасаймын;
Мен баланы істей алмағаны және қателігі үшін ұрыспаймын;
Мен оқудағы белсенділігі үшін мақтаймын;
Мен баланы үлкендермен емін-еркін қарым-қатынас жасауға үйретемін;
Мен балаға кез келген нәрсемен ойнауға мүмкіндік беремін;
Мен баланы өз проблемасын өзі шешуге үйретемін;
Баланың сабағында мақтауға тұрарлық істерін табамын;
Баламен талқыланатын тақырыптарды шектемеймін;
Мен балаға тұлға ретінде қалыптасуына көмектесемін;
Мен балада оның қабілетінің оң қабылдауын дамытамын;
«Мен де мұны білмеймін» деп, баланың сәтсіздігінен ешқашан қашқалақтамаймын;
Мен баланың үлкенге деген тәуелсіздігін мақтаймын;
Мен баланың ақыл-ойына сенемін және оған сенім артамын;
Құрметті ата-аналар! 
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Сізге ұсынылып отырған көмекші құралда ата-аналармен жұмыс жүйесі көрсетілген. Ата - аналардың міндеті, ақыл-кеңестер, сауалнамалар, сұрақ-жауаптар, тесттер ұсынылды. Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.
«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған.

Сіз қандай ата-анасыз?
Сауалнама
 
1.         Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2.         Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3.         Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4.         Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5.         Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6.         Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7.         Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8.         Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9.         Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10.       Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11.       Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12.       Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13.       Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1.         Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай
2.         Кейде ғана келісемін - 2 ұпай
3.         Келіспеймін - 1 ұпай
 
·         0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру
үшін педагог немесе  психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
·         17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда
тәрбиелік қабілет бар,  тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен
әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
·         31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек
түсініп қана қоймай,  әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Ата-анаға айтылар ұсыныс
«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,
15-ке дейін құлындай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла»
 
1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.
2. Таңертен  сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.
3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз.  Мектептен келген  балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.
7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағатойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудін сәтті кезі.
8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен,дәрігермен кеңесіңіз.
13.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.
14.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жердеқұпиялы әңгімен айтпаңыз.
15.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.
16.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.
17.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды  үйретіңіз.


Бала қабілетінің даму деңгейін анықтауға ата-аналар үшін анкета
Осы анкетаның көмегімен дарындылық дәрежесін бағалауға болады және сіздің балаңыздың  талаптылығын қандай да бір қызығулардың көріну аймағымен байланыссыз бағалауға болады.  Ол үшін дарынды және талантты балалрға  сипаттамалардың тізімін ұсынамыз. Анкета сұрақтарына «иә» және «жоқ» деп жауап беру қажет.
Дарындылықтан гөрі қабілетті.
1.      Менің балам жылдам қозғалады, еті тірі, инициатившіл.
2.      Ол барлық жаңалыққа пікір айтуға дайын.
3.      Барлық жұмбақтанған және түсініксіздерді жақсы көреді.
4.      Ересектердің қолдауын жиі қажет етеді.
5.      Бастаған ісін едәуір жеңіл ауыстырады және тастап кетеді.
Дарынды.
1.      Оның қызығуы айтарлықтай тұрақты.
2.      Оның білім құмарлығы тұрақты.
3.      Қиын сұрақтарды шешуді және бағыт беріп отыруды жақсы көреді
4.      Үлкендердің пікіріне жиі келіспейді.
5.      Өзінің көзқарасында тұрады және оны табандылықпен қорғайды.
6.      Бастаған ісін әрқашан соңына дейін жеткізеді.
7.      Пәнге немесе белгілі сабақ түріне ерекше бейімділігі бар.
8.      Алдағы мақсатқа жетуге қайсарлық танытады.
9.      Өз құрбыларының арасында көп достары бар.
10.  Оны қызықтыратын пәндер бойынша, көп сұрақтар қояды (сабақ үстінде де)
11.  Жиі өзімшіл болады.
Нағыз дарындылық
1.      Білім берудіі көптеген аймағында, өнерде, музыкада, шығармашылықта өзінің дарындылығын көрсетеді.
2.      Ересек жастағылардан бір, көп болса екі досы бар.
3.      Оның тілі өте дамыған, үлкен сөздік қорымен сипатталады, тілдің азғана өзгешеліктерін терең түсінеді
4.      Әрқашан өз бетінше шешім іздейді.
5.      Даулы сұрақтарды өзінің пікірінде тұрады, жалпы қабылданған пікірьлерді ұнатпайды.
6.      Қиын жағдайларда өзіне жауапкершілікті алады.
7.      Қоршағандарға «жасы бойынша емес» ересек көрінеді.
8.      Өз мүмкіндіктерін, мінез ерекшеліктерін және өзінің  мойындағандарын жақсы біледі.
9.      Гуманитарлық және техникалық аймақтарда бірдей дарынды.
Осы тоғыз сұрақтардан жағымды жауаптар алынса, сіздің  балаңыз дарынды.
«Мектеп, ата- ана , оқушы арасындағы байланыс»
Армысыздар, құрметті жиынға қатысушы ата- аналар!
Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақыл –ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін , халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін , мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жанартуды талп етеді. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда.Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық,экологиялық,этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.
Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан- жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешкенді бағдарламасы қолға алынды. Бұл заңды Білім және ғылым министірлігі ұсынып , оқушыларға БҰҰ-ның құқығы , ҚР-ның «Білім туралы» заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы»,«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген.Адамдар тұлға болып, өзәндәк жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаның қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлғаның ерекшеоігі- ол оның өзіне тән мінез- құлқындағы, іс- әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшеоігімен дараланады. Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастартәрбиесі- басты мақсат.Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүріс –тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі, киім киісі- бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген. Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбие жинақталып , белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасу керек. «Аамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата- аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңдеткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата- аналардың байланысы да күрт төмендеп кетті. Олай дейтінім отбасында берілген тәрбие мен мектептегі берілген тәрбиенің арасында байланыс жоқ сияқты. Яғни бала, мектеп, ата-ана арасында байланыс жоқ деген сөз.Бала –біздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. «Баланы бастан »дейді халық. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ата- ана , мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Қазіргі жас балғын бала- ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеииердің мән- маңызын түсінетін жаны да , тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді.Ендеше бала тәрбиесіне тобасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан ақ ата-ана, мектептыйым салып , дұрыс жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік , кішілік , әдептілік,ізгілік қасиеттерін дарыту керек. Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат үйірмеге қатысатын болса , қалған 16 сағаты үйінде , болмаса ат-ананың тәрбиесінде деген сөз.Сол16 сағатта өз баласына ақыл айтып, мағаналы әңгіме , сабағына қарап , оң тәрбие беретін ата-аналарымыз азайып бара жатыр. Бұл сөзімді дәлелдеп өтейін. Мұғалімнің жайы белгілі. Саяси науқан , көше тазалау, тағы тағылары мұғалімнің мойнында. Сол жаңағы айтқан баланы түнде көше аралап үйіне тарату да сол мұғалімнің мойнында.Неге?Өйткені ол балаға мұғалім не сынып жетекші сі жауап беруі керек. Ал сол баланы дүниегк әкеліп , қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын дейтін ата-аналарымыз қайда? Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген : «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі , мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген жасқыншақ болмақ, ашық көңілді, сауықшыл ел- жұрттың баласы да сондай болмақ».
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әректтерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік тұғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер, «Аулалық клубтар »т.б. сі-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез- келген үйірмелері мен секцияларға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатысып , өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді ұйренуге мүмкіндік алады.
Мектептегі тәрбие жұмысы елдегі барлық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, түрлі клубтармен бірлесіп жүргізгенде ғана нәтижелі болатыны белгілі.Өкінішке орай осындай ұйымдар, яғни ақсақалдар кеңесі , ата-аналар комитеті, әйілдер кеңесі т.б. клубтардың жұмысы көзге көрінбей келеді. Егер осы ұйымдардың жұмыстары жанданып отырса , тәрбие жүйесінде елдегі ең жоғары, ең керек ақылшы ұйым ретінде бағаланары сөзсіз.
Қазіргі таңда еліміздегі тұрақты дамудың стратегиялық бағыттарының қарқындылығы, қоғамның жедел саясаттануы мен ашықтығы , ақпараттанудың пәрменділігі білім берудің философиялық негіздеріне , білім алдында білім берудің философиялық негіздеріне , білім жүйесінің мақсаты мен мазмұнына, оны жүзеге асырудың әдіс –тәсілдеріне деген жаңаша көзқарастар қалыптастыруда.
Білім беру мекемелері мен педагогтар алдына жалпы адамзаттың құндылықтары мен ұлттық рухани мұраларды игерген , білімділігі мен қабілет- қарымы арқылы әлемдік кеңістіктен өзіне тиесілі орын алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жолдауындағы «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік , тәрбиелік деңгейімен анықталады» деген сөзі білім берудің ұлттық моделіне көшкен білім беру мекемелерінің ,әрбір педагогтың мақсат- мұратына , жол басшысына айналары сөзсіз.Жаңадан қабылданған ҚР-ның «Білім туралы»заңын, ҚР-да білім беру дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын,12 жылдық білім беруге көшу ұстанымдарын орындай отырып , ҚР- ның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін педагогтар қауымы өз бойындағы күш –жігерін оқушыларға сапалы білім , үлгілі тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала , баланың болашағы деп шырылдайтын ата- ана ,қоғамның өз деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ардагерлер кеңесі, әйілдер кеңесі т.б. жұмысы жандана берсін.
Баяндама
Тақырыбы: «Мектеп және ата- ана»
Орындаған:Кдралиева Д.С.
Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін  тербеткен баланың бас ұстазы ата- ана: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата- анасына ардақ тұтып, өзінің перзеттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында.
Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс. Егер әрбір сынып жетекшісі ата- ана өз баласының тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі байқалады.
Әрбір жиналысты өткізер алдында әрбір баланың ата- анасымен кездескен дұрыс. Ата- аналармен жұмыс жүргізудің негізі – алдын ала жоспарлау, алға мақсат қою, оны қалайда орындау.
1.     Оқушының ата- анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу үшін арнайы үйлеріне бару.
2.     Ата- аналарды  хат арқылы мектепке шақыру.
3.     Сынып оқушыларымен бірігіп жиналыс ашу; ата- аналар комитетінің есебін тыңдау, бағыт беру.
4.     Ата- аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар оқып, түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлер оқуды тапсыру.
5.     Белсенді ата- аналарды бсашылыққа алу, үлгі- өнеге ету.
Осындай түрлі жұмыстар жүргізу – менің әр күнгі төл ісім болып саналады. Үйіне барып байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез- құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.
Жиналыстың барысы:
Бала тәрбиесі ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгіме желісінен, іс- қимылынан танылып, сезім жіптері арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу үрдісінің мәні зор. Қалыптасқан тәлім- тәрбиелік әдеттері, рәсімдері мен салт- саналық дәстүрлері жас үрпақтың жан
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіпәкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалытастыру.
«Баланың құқық жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата- ананың, отбасы мүшелерінің қарым- қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата- ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке- бірлікті, түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қоралуы тиіс.
Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін- жерін сүйетін, өз ұлтының салт- дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда.
А. С. Макаренко «Ата- анаға арналған кітабында»... «Бала тәрбиесінде сіздің іс- қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Отбасында орныққан қарым- қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата- анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді» деген.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата- баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі сабақтастыру болып табылады.
Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққлгі- өнеге еткен, адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл- кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастырған. Мысалы, ойын ойнау, көркемөнермен шұғылдану арқылы баланың айналасындағылармен қарым- қатынасын нығайтуды көздеген.
Осы мақсатпен «Шаңырақ сыны» сайысын өткізуге болады.
6 кезеңнен құралған сайысқа үш отбасы қатыса алады.
1-кезең: «Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер» (әр отбасы өзін- өзі таныстыруы: не өлеңмен, не қара сөзбен).
2-кезең: «Ата мұра – асыл қазына» (салт- дәстүр, әдет ғұрыптарға байланысты тапсырмалар).
3-кезең: «Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» (әр отбасының ата- анасына, баласына жеке- жеке тапсырмалар беріледі. Мысалы: анасы ою ояды, баласы бейнесөз шешеді, әкесіне қолөнерге байланысты тапсырма - сұрақтар).
4-кезең: «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» (бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар).
5-кезең: «Ұяда не көрсен,
Ұшқанда соны ілер» (бата түрлері, шешен- би сөздерінен үзінді).
6-кезең: «Марапаттау»
Ұлттық педагогиканың қайнар көзі – отбасы. Ата- бабамыз балаларын батылдыққа, батырлыққа, шеберлік пен шешендікке, табандылық пен төзімділікке баулыды. Әже- аналарымыз қыздарын мейрімділікке, әдептілік пен баыурмалдыққа тәрбиеледі. Қазіргі қазақ мектебінде осы үрдісті жолға қоятын уақыт жетті. Сабақ кезінде әрбір отбасының салт- дәстүрі ескеріліп, баланың үйреншікті дағдысынан ауытқымай, психологиялық тежелуге ұшырамауы ескерілмеуі шарт.
Мектеп психологының сауалнамасы:
Біз қандай ата- анамыз?
1. Сіздің жанұяңызда түсінушілік бар деп санайсыз ба?
2. Балаларыңыз сізбен сырларын бөлісе ме?
3. Сіздің жұмыстарыңызға қызығушылықтары бар ма?
4. Сіз балаларыңыздың достарын білесіз бе?
5. Олар сіздің үйіңізде болып тұра ма?
6. Балаларыңыз сізбен бірге үй шаруасына араласа ма?
7. Жанұялық мерекелерді әзірлеуге балаларыңыз қатыса ма?
8. Үйде балаға жазалау әдісі қолданыла ма?
9. Бала мінезінің қандай сапалық жақтары айқын көрінеді?
10. Мектепке деген көзқарастарыңыз қандай?
11. Сізге мектеп өмірі туралы балаңыз айта ма?
12. Отбасы мүшелері балаға өз жұмыстары туралы айтады ма?
13. Сіздің балаңызда ұят сезімі дамыған ба?
14. Жанұяңызда халқымыздың қандай салт- дәстүрлері сақталады?
         Шешімі: 
«Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу, яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық- қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету», - деп жазады Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында.
Еліміздің Бірінші Ханымының жеткіншек тәрбиесіне деген жанашырлығы, еліміздің болашағына деген зор сенімі, қоғамның дамуына қарай ұрпағының қалыптасуына көңіл бөлу педагог қауымға ғана емес, барша жұртқа зор ықпал етері даусыз. Қазақ отбасындағы дәстүрлер арқылы оқушылардың рухани- адамгершілік қасиеттерін дамытып, оларды рахымдылыққа, мейірімділікке тәрбиедеу парызымыз.
Қорытынды:
«Бала нені білсе жастан, ұядан,
Өле өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың саналы тәрбие, білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.
Ата- аналарға ұсыныс: «Мектеп, оқушы, ата- ана» тақырыбына өз ойларын білдіріп әңгіме жазу.
Балаларды мектепке дайындауды жетілдіру
Баланың мектепке дайындығы үш астардан тұрады: денелік, арнаулы және психологиялық.
Оқуға психологиялық дайындық – көп қисынды ұғым. Ол біліммен үйренудің тұтас, барлық негізі құраушылары қатысатын құрал ретінде қарастырылады. Баланың психикалық жетілуін, мектепке оқуға дайындығын әуендік, еріктік, интелектуалдық, әлеуметтік және сөздік дайындығынан көруге болады.Әуендік дайындық- жағымды эмоциялық орнықтылықты, мектептегі сабақтарға оң қатынасты, «оқушының ішкі тұрғысын» қалыптастыру, яғни баланың оқушының өзіне елестетуі, жаңа әлеуметтік жағдай және онымен байланысты міндеттерді қабылдауы.
Еріктік дайындық (өзін-өзі қалыптастыру) – бұл баланың тыңдай білуі, түсінуі, үлкендердің айтқанын есте сақтауы, ереже бойынша жұмыс істеуі.
Интелектуалдық дайындық- мектепке дейінгі баланың ойлауын дамыту деңгейімен тікелей байланысты.
Бастауыш мектепте жақсы оқуға негіз болатын алты жасар бала мектепке барар алдында көрнекі - әрекеттік ойлау қабілеттілігі құрылуы тиіс. Әрі қарай ол білім негізі болып қалыптасады. Көрнекі - әрекеттік ойлау дәрежесі жоғары бала, көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда (конструктор бөлшектері, тетік механизмдерін), қойылған міндеттері шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.
Ойлау дайындығы баланың жан – жақтылығымен нақты білім қорын ғана қарастырмайды, сонымен қатар оқу әрекеттеріне тиімді танымдық қызметтерді құруды қамтиды.
 Мектепте оқытуға әлеуметтік дайындық – бұл баланың ұйымда жұмыс істей білуі, жолдастарымен араласуы, басқа балалардың ойымен санасуы.
Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым – қатынас арқылы мектепте оқытуға, метеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады. Бастауыш мектеп бағдарламасы салыстыра білуді, талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуді талап етеді.
Жаппай технологияны еңгізу ұйғарымы:
Мақсат қою, тұжырымды білім беру, ұлттық адамгершілік, психологиялық, медициналық, экологиялық негіздермен қазіргі заманғы технологияға келу, сонымен қатар айырмалап оқытудың тиімді жағдайын бағалап, педагогикалық технология пәндерімен болашақ оқу құралдарын құру. Республикамыздағы мектепке дейінгі бірнеше мекемелер Ресейлік бағдарламаларды «Кемпірқосақ» бағдарламасы, «Даму» бағдарламасы, «Дамыта оқыту», «Оқыту мен есеп шығару», Зайцев әдістемесі. Н.А. Зайцев әдістемесі 2-7 жас аралығындағы балаларды оқу мен есептеуге үйрету, есеп шығаруға, жазуға, оқуға қызығушылығын туғызуға бағытталған. Зайцев әдістемесі балабақша жағдайына түрленген. Бірақ, негізгі қолдану ортасы – жанұя. Әдістемелік  құралдар баланың ата – анасына арналған. Әдістеме мектепке дейінгі баланы оқуға және есептеуге жеделдетіп үйретуге арналған, мұнын тиімділігі баланың психо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі.
Зайцев әдістемесін пайдаланудағы негізгі ерекшеліктер:
-         оқытудың өзіндік қасиеті (3-4 адам болуы керек);
-         оқытуды ойын тәсілдермен өткізу;
-         сабақтардың тәртіптілігі және қайталануы.
Есептерді дұрыс шығару үшін әртүрлі жолдар қолданылады: ойын - сабақ, ойын – жұмбақ, дидактикалық ойындар. Әдістеме әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруді, оның талабын, мүдделерін және қаблеттерін ескеруге көзделген. Зайцев әдістемесі бойынша бала оқуды 2-3 жастан үйренеді. Бұл жастағы бала оқытудың ойын түрін тез меңгереді. әрбір халықтың өз ұрпағын тәрбиелеуде өзіне тән ерекшеліктер бар. Қазіргі таңдағы көкейтесті міндеттердің бірі- тәрбие үрдісіне халықтық дәстүрлерді  кеңінен пайдалану. Осы міндетті орындауға көмектесетін- «Балбөбек» бағдарламасы. Бағдарламаның ерекшелігі тәрбиенің адамгершілік мазмұнда бағыт алуында:
Ұлттық психологияда жеке тұлғаны жан – жақты тәрбиелеу және өз халқының әдет – ғұрыптарын сыйлайтын, ана тілін білетін, дені сау, жетілген рухани бай т.б. адамды тәрбиелеу.
Мектеп талабына сәйкес бірінші сынып оқушысын дайындау, оқу – тәрбие үрдісін оңтайландыру тікелей жаңа педагогикалық технолгияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады.