?стаздар к?ні мерекесіне арнал?ан сценарий Ал?аш?ы ?стаз. ?стазды? еткен жалы?паз
Айзада: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтаған ұлағатты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жанат:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда.
Бүгінгі ұстаздар күніне арналған құттықтау сөз мектеп директоры Жұмабек Абзалға беріледі.
Айзада:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресін құйып санама,
Біз үшін сенсің – мұғалім,
Ұстаз да, ғылым да дана.
Ән: Ұстазым менің (4 сыныптың қыздары)
Жанат:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның.
Ортаға мың бұралған бишілер шығып «Шығыс» биін билейді.
Айзада:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін.
( көрініс – 9 сынып)
Жанат:
Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
( Ойын – 2 мұғалім, 2 оқушы)
Айзада:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсын мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Айзада, Жанат:
Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!
Ән – «Көңілді күн»
Жанат:
Құрметті ұстаздар, бір сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан – жақты білім бергені үшін ұстазымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
(Ортаға 7 оқушы шығады)
М- мейірімді
Ұ-ұлағатты
Ғ- ғазиз
А- ақылды
Л- лайықты
І-іскер
М- маман
(Ойын – сурет салу) : мұғалімдерді құттықтау.
Айзада:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайы саған бұл әнің.
(Ән: «Ұстазым менің, ұстазым» )
Ойын: Қасықпен су тасу
Жанат:
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
( Испан биі) орындалады
Айзада:
Оқытыңдар, ұл-қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете, ұстаздар. (9 сынып- көрініс)
Мұғалімдерге арналған тақпақтар.
Жанат:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі хормен: Сыймызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы.
Айзада: Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашаларығандырыңызға көп-көп рахмет!