?БТ дайынды??а арнал?ан психологиялы? тренинг


«Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» 11 «А», «Ә», «Б» сынып оқушыларымен жүргізілген ҰБТ-ға даярлық мақсатында психологиялық тренингтің жүргізілуі туралы анықтама
1.Мақсаттарына жету жолдары (видео көрсетілді).
2.Жазуына қарап мінез құлқын білу
3.ҰБТ бұл......(ойын жазу) жаттығуы
4.«Біздің сурет» ойыны ойнатылып, суреттерді топ бойынша талқылады.
5.ҰБТ дайындық кезіндегі психологиялық ахуал жайында психологиялық кеңестер берілді.
6.«Қар» ойыны
7.«Жаңбыр» ойыны ойнатылып, сұрақтар қойылды.
8.Рефлекция
1. «Табиғат ғажайыптары» атты видео көрсетіліп, проективті тақта арқылы табиғат ғажайыптарын әуенмен тамашалап оқушылардың ойлары жинақтатылды. Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісіп, оқушылар көріністен алған әсерлерін ортаға салды.
2. «Жазуына қарап мінез құлықын білу» проективті әдістемесі
3.ҰБТ бұл... тіркесіне А.Енсеповтің «Балалық шақ» күйін тыңдап отырып, өз ойларын жазды.
ҰБТ бұл...
Сейтқалиева Арайлым – өз білімінді тексеру. Қандай балл алса да, ешқашан мойымай алға ұмтылу керек. ҰБТ мен өмір тоқтап қалмайды. Алға қойған мақсатқа жете білу керек.
Сакенов Елдос – ҰБТ менің менің болашаққа қадам басуым. Өйткені осы ҰБТ-дан бәрі шешіледі. Бірақ ҰБТ басты емес.
Тоқтырова Дария – 11 жылдық білімінді 3-5 сағат ішінде сынақ түрінде алу. Біреудің бағы жанып, біреу (қанша жақсы оқыса да) сүрініп кететін сәт. Біліміңді шыңдап, дайындап өмірде үлкен қадам жасайтын сәт. ҰБТ адам психологиясына да қатты әсер етеді.
Батырбай Адина – ҰБТ... 11 жыл оқыған біліміңді тексеру. Сол 11 жыл оқыған біліміңді тест арқылы білдіру. Ол ертеңгі болашағын. ҰБТ-ға баратын адам өзіңе-өзі сенімді, психологиялық жағынан дайын болу керек. Қорқыныш сезімін жою керек.
Шакертхан Жұлдыз - біздің болашаққа деген алғашқы қадамымыз. Ең үлкен бір асу десек те болады. Жаңа өмірге осы ҰБТ – деген сынақтан өтіп қана, жаңа бір белеске жетеміз. Әр бала бұл өмірден өз орнын табады.
Қасен Айбол – жаңа өмір бастауы. Балалық шақтан өсуге есік ашатын қақпа. ҰБТ мақсат арман болашаққа жол ашу. Мен үшін осы ҰБТ өмірдің кішігірім сынағы.
Кенжебаева Назым – біз үшін үлкен сынақ. 1. біздің болашаққа бастар бір қадам, жаңа өмірге аттанар бір жол. 2. ҰБТ деген біз үшін бір үлкен сынақ. Бұл сынақтан өту үшін көп күш жігер жұмсауымыз қажет.
Бақытжол Гүлина – 1. Үлкен болашаққа бастайтын алғашқы қадам.
2. ҰБТ-дан қандай баға көрсеткішін көрсетсем сол менің болашақ өмірімнің бағытын бағдарламақ.
3. Үлкен өмір жолына түсетін алғашқы қадамым.
Серік Айбота – ең бастысы көңілді болу. Сен өзін әрекет етсен сен өз арманына қол жеткізе аласын және армаңына қол жеткізесін.
Бақытбек Лина – мен үшін өз білімімізді көрсетіп дәлелдейтін сынақ, және ҰБТ-дан кейін біз өмірдің бір баспалдағынан көтерілеміз. Қазіргі кезде көп оқушылар ойлайды ҰБТ олардың өмірін шешеді деп, бірақ ол тек сынақ. ҰБТ мен өмір тоқтап қалмайды.
Абсейт Аяулым – болашағымыздың бастауы, көптеген армандарымыздың бастамасы, ҰБТ көп нәрсені өзгертеді, болашақ мамандығымызды ҰБТ шешеді, бірақ ҰБТ-дан аз балл алдым деп таңдаған мамандығымыздан бас тартпауымыз керек.
Каберова Мадина 1. Ең біріншіден сен өзіннің 11 жыл бойы алған білімінді сынайсың.
2. Сол ҰБТ-дан алған баллың бойынша жоғары оқу орнына түсіп, өзіңнің болашақта болар мамандығына оқисың.
3. ҰБТ – бұл деген сенің 11 – ші сыныпты бітіріп үлкен өмірге қадам басқаның.
Абылхасымов Әділет – бұл адамның білімін тексеретін 11 жылғы жинаған тәжірибесін тексеретін жер. Барлық жастар яғни оқушылар ҰБТ – дан қорқады. Менің ойымша бұл қорқатын дүние емес.
Сакенов Айдос 1. Өмірдегі ең бірінші өтетін қиындықтың бірі.
2. Ертеңгі болашаққа қадам басу.
Толеубекова Мадина – ЕНТ, для меня испытательный. ЕНТ мое будущее. Я хочу набрать хороший «балл». У меня есть мечта, моя мечта учить «детей», и помогать беспомощным людям. Это зависит от ЕНТ. И я достигну своей цели. Я не боюсь ЕНТ. У меня много мечты.

4. «Біздің сурет» ойыны
Жаттығуды сипаттау: Әрбір қатысушыға қағаз беріледі. Тапсырма беріледі: осы қағазға суретін салу үшін бүтіндей бір композиция ойлап, оған тәнтек бір ғана бөлшегін салу қажет. Осыдан кейін парақ көршісіне беріледі, ол басқа бір бөлшегін салу қажет. Осыдан кейін парақ көршісіне беріледі, ол басқа бір бөлшегін салады және сол сияқты жалғасады. Осылайша суреттер шеңберді аралап, түрлі детальдармен толығады, парақтарды көрші отырғандарға беру жүргізушінің белгісімен жүзеге асады. Әр қатысушыда сурет 15 – 20 секунд болады. Орындау процесінде сөйлесуге болмайды. Сурет толығымен барлығының қолында болған соң, ойындағы композицияны бірінші бейнелеген парақты алып, нәтижесінде не пайда болғанын салыстырады.
Жаттығудың психологиялық мәні. Қарым – қатынас бойынша серіктестер біздің қиялымыздағы емес, нақты іс-әрекеттен пайда болған ойларды ғана түсінетін болады. Әдетте жаттығу күлуге де, кейде аяқ астынан туындайтын пікірталастарға да сылтау болуы мүмкін.
Талқылау. Бейнеленген сурет, оны жасауды қолына алған адамдардың бастапқы ойына қаншалықты сәйкес келеді? Нәтижесінде пайда болған суретті көргенде қандай эмоциялар пайда болды?
5.ҰБТ тапсыруға психологиялық кеңестер берілді.
6.«Қар» ойыны
Жаттығудың сипаттамасы. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Еденде бөлмені екіге бөлетін сызық сызылады. Әрбір қатысушы алдыңғы жаттығулардан қалған қағаздардан 4 «қар» жасайды. Жүргізушінің белгі беруімен ойын басталады. Ойынның міндеті – қарсы команда жаққа барынша көп «қар» лақтыру. Турдың ұзақтығы 1 минут, осы уақыт аяқталғанда «қар» қай команда жағында аз болса, сол команда жеңімпаз. Ойынның 2 – 3 турын өткізген дұрыс. Қосымша ереже: қолдарында төрт «қардан» артық ұстауға тыйым салынады (әйтпесе, қатысушылар құлық жасап: қолдарына «қарды» көптеп жинапалады және ойынның соңғы сәттерінде қарсы жаққа лақтырып тастайды).
Жаттығудың психологиялық мәні. Алдыңғы жаттығулардан кейінгі «жағдайды қуаттандыратын» жеңіл қимылды жаттығу.
Талқылау. Алған әсерлерімен қысқаша алмасу.
7. «Жунглидегі жаңбыр» психологиялық сергіту жаттығуы жүргізілді.
8.Рефлексия
Сакенов Айдос – маған осы тренингте бәрі ұнады. Шаршап жүргенімізді басып, жеңілдеп, сергіп қалдық.
Абылхасымов Әділет – Менің бұл сабақтан түйгенім.
Жазуға қарап адам мінезін білу.
Өмір үлкен теңіз ал біз сол теңізде кемеміз. Өмірдің теңізге ұқсауы бұл толқындарда, не болмаса нөсер жайында.
Ойын ойнаудың арқасында миды тынықтырып сергіп алдық.
Өмірге деген көзқарасымды толықтыра түстім.
Каберова Мадина – маған осы тренингте ұнағаны балалық шаққа бір барып қайтқандай болдым. Ойнадық, биледік, кішкентай балалардың суреттері сияқты сурет салдық. Топ топқа бөлініп ойнадық. Біздің топ ең көңілді топ болды.
Ұнамаған жағы – 11 сынып оқушыларының біразы бос нәрсе деп, көңіл бөліп қарамаған сияқты. Бәрі ұялды, ат салыспады.
Абсейт Аяулым – маған осы тренингте ең қатты ұнаған ойын. Себебі екі жақта өте көңілді көңіл – күймен шықты және де ұйымшылдықты ескердік, әр түрлі видеороликтер көріп біз видеодан өзімізге керекті мәліметтер алдық.
Бақытбек Лина – маған бұл тренинг өте қаты ұнады. Біз бірінші ҰБТ – дан бастадық, ҰБТ жайында өз ойларымызды айттық. Апай бізге көп ақыл-кеңестер айтты.
Бақытжол Гүлина – маған бұл сабақ ұнады. Расында да біраз көңілімді көтеріп ары қарай үздіксіз дайындалуға көмегін бергендей болды. Білгім келген сұрақтарға да жауап алдым. Сабаққа деген құштарлығымның артуына көмек берді.
Кенжебаева Назым – бүгінгі тренинг маған қатты ұнады. Әсіресе ең қызықтысы ойын болды. Көптен бері бұлай қуанып, шаттанып ойнаған емеспіз. Сабақ өте қызықты өтті.
Қасен Айбол – маған бәрі ұнады. Менің ойымдағы сұрақтардың бәріне жауап алдым.
Шакертхан Жұлдыз – тренинг қызықты өтті. Ең қызығы бәріміз қағаз лақтырып ойнағанымыз, билегеніміз. Біраз болсын көңіл – күйіміз көтеріліп қалды.
Батырбай Адина – кеңес беру кезеңінде бәрі жақсы болды, әсіресе апайдың мына сөзі «өзінді сенімді ұстап, қобалжымау керектігі». ҰБТ туралы шығарма жаздырғанда кішкене ойымды жинақтай алмадым. Билегенде кішкене ұялдым
Тоқтырова Дария – тренинг өте жақсы өтті. Адамды ойландыратын видео көрсетті. Тест туралы сұрақтар болды. Ойындар адамды сергітті. Тек, сурет салған кезде бізде бәрі пассивті болғаны ұнамады.
Сейтқалиева Арайлым – маған барлығы ұнады. Әсіресе ойын ойнап, билегеніміз, сурет салғанымыз қатты ұнады. Бүгінгі күн өте қызық өтті. ҰБТ туралы сөйлестік. Неден қорқамыз соны айттық. Осылай аптасына бір рет өткізіп тұрсақ жақсы болатын еді.
Сакенов Елдос – маған осы тренинг өте ұнады. Күшті әсер қалдырды.
Толеубекова Мадина – мне сегодняшний день понравилось. Было интересно, хорошо, чудесно даже прекрасно. Мне игра очень понравилось, я почувствовала себя еще ребенком.
Мектеп психолгы: С.Жұмақан