Мемлекеттік емтихан?а психологиялы? дайынды? тренинг


А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп
Мемлекеттік емтиханға дайындауға арналған психологиялық тренинг сабақ


Тақырыбы: ҰБТ-ге дайындауға арналған психологиялық тренинг сабақ
Мақсаты: ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез - құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.
Міндеттері:
Өзіндік сенімді болуға баулу;
Стресті жеңуге жол көрсету;
Эмоционалдық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесетін әдістермен таныстыру; 
1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.
Нұсқау: Қыс,көктем,жаз,күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті - мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап құрастыру.
Талдау:
Жаттығу сіздерге ұнады ма? Сәлемдесу әдісі қанша уақыт та ойлап табылды? Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды? Бір - біріңізге өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіздер?
2. «Өзін-өзі тексеру»
Мақсаты: Өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы өз ойын дамыту, жеке позициясын түсіну.
Нұсқау: Әрбір қатысушы бір парақ қағаз алады және оны төрт бөлікке бүктейді.
«Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны бірінші бағанға жазыңыз. Екінші бағанға сол сұраққа ата -ана пікірі сіздің ойыңызша қалай, соны жазыңыз. Үшінші бағанға сізде қандай қындықтар кездеседі, себебі неден болуы мүмкін? Сенің жазғандарың көрінбейтіндей етіп, парақты бүкте де, сол жақтағы көршіңе бер. Парақты алып, бос бағанға «Осы парақты саған берген адам қандай және алға қойған мақтарына үшін не қажет?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Осыдан кейін жүргізуші парақты жинап алады да, араластырады. Ең соңғы бағандағы мінездеме кезекпен дауыстап оқылады, ал топ кім туралы екеніні анықтау керек. Осы берілген мінездемемен топтың қаншалықты келісетіні талқыланады.
Талдау: Содан кейін парақ қатысушыларға таратылады, ал олар өздері 4 бағандағы жауаптарды салыстырады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды.
Нәтижесінде үйге тапсырма беріледі: тренинг аяқталған соң өзіңіздің жақындарыңызға сіздің жеке ерекшелігіңіз туралы 10 анықтаманы беруді ұсыныңыз және оны сіздің жорамалдаған ерекшелігіңізбен салыстырыңыз
3. «Суретті аяқта және жалғастыр» жүйке – психологиялық күшті түсіру тәсілі
Мақсаты: психофизиологиялық кедергілерді жою, топты біріктіру.
Нұсқау: Сіздерге бір – бір ақ бет таратып беремін және сіздер өздеріңіздің ең жағымды түсті карандашты таңдап аласыздар. Мен қол соққаннан кейін, тілегіңізге қарай сурет салуға кірісесіз. Тағы қол соқсам суретіңізді сол жақ көршіңізге бересіз, ол суретті толықтырып салады. Содан соң тағы қол соғамын, сурет әрі қарай шеңбер бойынша келесі қатысушыға беріледі, жаттығу сурет ең бірінші иесіне жеткенше жалғасады. Мүмкін өз суретін толықтырғысы келетіндер бар болса, өзгерткісі келсе мүмкіндік беріледі.
Талдау:
Туынды сізге ұнады ма? Сезіміңіз, көңіл – күйіңізбен бөлісіңіз? Басқа адамның суретін, ойын жалғастыру қиын болды ма?
4. «Шарлар» жаттығуы.
Міндеті: Стресті жеңуге жол көрсету,эмоционалдық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесетін әдістермен таныстыру; 
Жаттығу сипаттамасы:
Мен Сіздерге шар үруді ұсынамын. Мына үрілген шарды - адам, ал ішіндегі ауаны – ашу мен түршігу деп елестетіңдер. Ашуланып, тітіркеніп жүрген адам байсалды салмақты бола ала ма? Ашу кернеп, түршігу шардың ішін толтырғанда шар қандай күйге ұшырайды? (әрине, кішкене балалар болса – шар жарылар еді, өйткені олар әлі өз ашуын құрықтауға шамасы келмейді: біреуді ұрып жіберу, айқай шығару, еденге басын соғу)
Үлкендер өз эмоциясын қолында белгілі бір уақытқа дейін ғана ұстай алады. Сол уақытта шарларыңызды жіберіп қалыңыз, біздің не істейтінімізді сонда көресіз (жан-жаққа аһ ұрамыз, ситуациядан шығу жолдарын іздейміз, долданамыз, ал біреулер соңында депрессияға ұшырауы мүмкін).
Ашуды осылай шығару қауіпсіз болуы мүмкін бе? Неліктен?
Шарды қайтадан үрлейміз, ауа сыртқа шықпайтындай етіп мықтап ұстаймыз.
Естеріңде сақтаңдар, шар — бұл адам, ал ішіндегі ауа — кернеген ашу-ыза.
Біз өз ашуымызды бақылап қолда ұстай алатын болсақ ешкімге зиянымызды тигізбейміз.
Ал енді шардын кішкене ауа шығарып, қайтадан мықтап ұстаймыз. Сіздер байқадыңыздар ма шардың кішірейгенін? Ашуды осылай шығару қауіпсіз деп есептеуге бола ма? Өздеріңіздің ашуды ақылға қалай жеңдіресіңдер, сол уақытта бір – бірімізге деген қарым қатынасты сақтауға да мүмкіндік туатынын ұмытпайық.
Жаттығу «Майшам»
Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
Менің қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Алдағы ҰБТ-дан барлығымыз жақсы сүрінбей өтейік!
Рефлексия.
Психолог Ж.Қанатова
А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп
Мемлекеттік емтиханға дайындауға арналған психологиялық тренинг сабақ