О?ушыларды? зейінін дамыту психолгиялы? тренинг
Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг.
Педагог-психолог: Жакупова.К.КМақсаты: Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті өмірде қолдануды әдетке айналдыру.
Міндеттері:
- Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;
- Оқушыларды әртүрлі адамгершілік қасиеттермен таныстыру;
- Оқушыларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, жақсы қылықтарды үйренуге , жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.
Интерактивті стратегиялар: пікір талас, шағын топтармен жұмыс, әңгіме, ойын «Мен және айна», «Құпия сурет».
Жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтауы керек.
«Жақсы қасиет» деп ---------------------------------- ?
«Жаман қасиет » деп ----------------------------------?
Адамдардың бойындағы қасиеттер--------------------?
Ақылсыз болу деп ---------------------------------------?
Ақылды болу үшін не істеу керек--------------------?
Түйін . Оқушылар өз ойын айтуға дағдыланды, ой- пікір қалыптасты. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беруге үйренеді.
«Ой талқы» . Жақсы адам деп қандай қасиеттерге лайық адамды айтады? Күн сәулесінің шығуына жақсы адам деп қандай адамдарды айтатындарын жазу.
Мысалы: Мейірімді, ақкөңіл, сыпайы, т.б.
Түйін. Жақсы адам Күндей айналасына жылу береді.
Әл Фараби бабамыздың « Ақыл дегеніміз адамның екі жақсы нәрсенің жақсырағын таңдап алу қасиеті» демекші , ақылдың атқаратын жұмысы, -ол салыстыру. Осыған байланысты қасиеттерді салыстыру тапсырылады.
«Мен және айна» жаттығуы.
Бұл ойында оқушылар бір-біріне қарап отырады. Әр жұптағы оқушылар біреуі жағымсыз қасиеті бар адам туралы айтса, оны екіншісі жағымды қасиетке айналдырып отырады.
І кезең.
1. Орман емшісі ( Тоқылдақ)
2. Абай жолының роман авторы кім? ( Мұхтар Әуезов)
3. Қыз қуу, ханталапай, көкпар нелер? ( Ойын)
4. 10 квадраты неше? ( 100)
5. Сәуле не? ( Бір жағы нүктемен шектелген түзу)
6. Санды нөлге көбейткенде неше болады? ( 0)
7. ҚР – ның бірінші президенті кім? ( Н. Ә. Назарбаев)
8. Жер серігі не? ( Ай)
9. Ыбырайдың туған жылы? ( 1841)
10. Әнұранның авторлары? ( Н.Ә. Назарбаев, Қ. Мырзалиев)
ІІ кезең.
1. Қазақстанда неше облыс бар? ( 14)
2. Әліппенің атасы? ( А. Байтұрсынов)
3. Шаршы не? ( квадрат)
4. Оттан да ыстық? ( Отан)
5. Дос сөзінің антонимі? ( Дұшпан)
6. Қазақтың үш биін ата? ( Төле би , Әйтеке би, Қазыбек би)
7. Мұхиттарды ата? Қайсы үлкен?
8. Төлегеннің ғашығы кім? ( Қыз Жібек)
9. Мемлекеттік тіл? ( Қазақ тілі)
10. Түйенің пірі ( Бота)