Поурочные планы по казахскому языку на тему Мені? жаз?ы демалысым. (2 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Менің жазғы демалысым
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Модуль бойынша өткен тақырыпты жалғастыру арқылы тақырыпқа сай түсініктерін кеңейту.
дамытушылық: оқушының түсіну, ауызша сөйлеу қабілеттері мен сөздерді орынды қолдана білу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушылардың білік-дағдыларын жетілдіру сабағы.
Сабақтың түрі: әңгіме-сұхбат
Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, түсіндіру, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: жаз мезгілі туралы түрлі-түсті суреттер, таблицалық көрнекілік, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныппен сәлемдесу, түгендеу.
2.Тіл дамыту: - Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Күзде не жинайды?
-Күз айын неге теңейді?
Жауаптан алынатын сөздер: күз, жауын, бұлт, астық, алтын.
3.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Оқушы нені білуі тиіс: Грамматика бойынша сын есімнің жасалу жолын.
Оқушы нені үйренуі қажет: мысалдар келтіре алуы, сөз, сөз тіркесі, сөйлем.
4.Үйге берілген тапсырманы тексеру:
5. Жаңа сабақ:
6.Мәтінмен жұмыс:59-бет. Оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру, сөздік жұмысы.
Грамматикалық тақырып бойынша өткен сабақты жалғастыру.
-Сын есім дегеніміз не?
-Қандай сұраққа жауап береді?
-Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Сын есім тұлғасына қарай 2-ге бөлінеді: негізгі, туынды.61-бет ереже.
7.Жаттығу жұмысы. қымбат, арзан, жаңа, биік, таза, тәтті, ұлттық дәмді, таңғы, түскі, мейірімді, ақшалы, тұзды.
Тапсырма: жоғарыдағы сөздерден туынды сын есім жасау,сөз тірксін, сөйлем құрастыру, сөз құрамына, сөйлем мүшесіне талдау.
Мысалы: Күзде ауа райы салқын болады, жауын жиі жауады.
8.Қорытындылау: - Жаз мезгілін балалар неге ұнатады?
-Жазда не істеуге боады?
-Жазда ауа райы қандай болады?
- Сын есімнің жасалу жолдары қандай?
9.Үйге тапсырма:ереже, жұрнақтар, жаңа сөздер.
Жазғы демалыс туралы шағын әңгіме жазу.
10.Бағалау: