Урок: К?мірсутектерді? жіктелуі, номенклатурасы ж?не изомериясы. ?аны??ан к?мірсутектер, метан. №7 лабораториялы?
"Қаралды"
Бірлестік жетекшісі
Хаттама №_______
__________Г.Кежей
"____"______2015ж.
"Келісемін"
Оқу ісінің меңгерушісі
__________Қ.С.Айтжанова
"____"________2015ж. "Бекітемін"
Мектеп директоры
__________Б.А.Шибутова
"______"____2015ж.
Қазақстан Республикасының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы бағдарламасының үшінші (базалық) деңгейі бойынша мектептегі тәжірибе кезеңін іске асыру барысындағы Бидайық орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Кожахметова Айгуль Калиаскаровнаның тізбектелген сабақтар топтамасының
қысқа мерзімді жоспары
Сыныбы: 9-сынып
Пәні: Химия, Алматы: Атамұра, 2013 ж.
Авторлары: М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова
Оқу жүктемесі: аптасына - 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Пән мұғалімі: А.К.Кожахметова
№1 Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалімі: Кожахметова Айгуль Калиаскаровна
Күні: 6.04.2015ж
Сыныбы: 9
Пәні: химия
Тақырыбы: Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы. Қаныққан көмірсутектер, метан. №7 лабораториялық тәжірибе
Мақсаты: -органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидаларын білу, түсіну;
-органикалық қосылыстарды жіктеуде, қасиеттерді қолдану, талдау;
-есептердің шығарылу жолдарын, молекуланың моделін топтық жұмыста жинақтау, нәтижесін қорытындылау, бағалау.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.
Стратегиялар: «Жүректен-жүрекке», «Түрлі-түсті тастар», «1 қадам артқа», «Позитивті доп», «Көбелек галереясы», «Джиксо 1»,
«Аустралия жаңбыры», «Конверттегі сұрақтар», «2 жұлдыз, 1 тілек»
Сабақ жоспары:
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе
4 мин.
1 мин.
3 мин.
«Жүректен-жүрекке»
Мақсаты: жылы лебіз айту
«Түрлі-түсті тастар»
Мақсаты: топтасу
«1 қадам артқа»
Мақсаты: тастар туралы ой қозғау, топқа ат беру Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, бір-біріне алақандарын ұстап шеңбер бойымен бүгінгі күнге тілек айтуларын сұрау:
Көңіл-күйлерініз қалай?
Бүгін сабақта кім жоқ?
Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
Оқушыларға түрлі-түсті тастарды беру арқылы түстеріне қарай төрт, бес оқушыдан тұратын 5 топқа бөлінулерін сұрау.
Оқушыларға топтасқан тастарына байланысты ой қозғай отырып, топқа ат беруді ұсыну.
Оқушылар кезектесіп шеңбер бойымен бір-біріне тілек айтады
Оқушылар алған тастарына байланысты төрт, бес оқушыдан тұратын 5 топқа бөлінеді.
Оқушылар топта әркім өз ойларын ортаға салып, бірлесіп топқа ат береді
«Тамаша!»
«Шапалақ»
«Жарайсыңдар!» 383540263525Түрлі-түсті тастар
Тұсаукесер
5 мин.
4 мин. «Позитивті доп»
Мақсаты: сұрақ-жауап арқылы өткен А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидаларын білу.
«Көбелек галереясы»
Мақсаты: тақырыптың мазмұнын ашу, түсіну, білу.
Оқушыларға бір-біріне доп лақтыру арқылы үй тапсырмасын қайталауға арналған сұрақтар қою және допты алған оқушы сол сұраққа жауап беруі керектігін түсіндіру. Сұраққа жауап бералмаған оқушы сұрақ қоймай допты келесі оқушыға лақтыратындығы түсіндіріледі.
Интерактивті тақтада тақырыпқа байланысты слайдтар көрсетіп, сол бойынша ойларын сұрау:
-Бұл слайдтардан не көрдіңіздер?
-Көміртек пен сутектен тұратын қосылыстар қалай аталады?
-Көмірсетектер қалай жіктеледі?
-Сонымен бүгін қандай тақырып өтеміз?
Оқушылар допты лақтырып сұрақ қояды, допты алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға лақтырады.Сұраққа жауап бермеген оқушы сұрақ қоймай допты келесі оқушыға лақтырады.
Оқушылар слайдты қарайды, көрген материалдары бойынша топта ой қозғайды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Тамаша!
Смайликтер
Доп
АКТ
Таныстырылым.
Смайликтер
Негізгі бөлім
20 мин.
1 мин «Джиксо 1»
Мақсаты: мәліметтерді оқу, талқылау, жинақтау, қайта талқылау, қолдану
«Аустралия жаңбыры»
Мақсаты: бойды сергіту Оқушыларға оқулықтағы 208-213 беттеріндегі мәтіндерді ір топқа бөліп беру және мәтінмен танысуға, топта талқылауға уақыт беру. Басқа топтармен пікір алмасу арқылы барлық мәтінді қамтуға тапсыру.
Оқушыларға шеңберге тұрып қалай жасау керектегін түсіндіру және жасату. Оқушылар топтаса отырып, белсенді әрекет жасайды. Топта талқылайды, басқа топтардан мәліметтер жинақтайды, оны қайта талқылайды.
Оқушылар шеңберге тұрып жасайды. Критериалды бағалау парағы
Оқулық.
Флипчарт
Қорытынды
3 мин.
3 мин.
1 мин.
«Конверттегі тапсырмалар»
Мақсаты: көмірсутектердің жіктелуі, қаныққан көмірсутектер тақырыбы бойынша тапсырмалар орындау арқылы қорытындылау
«Аквариум»
Мақсаты: көмірсетектердің моделін жасау
«2 жұлдыз, 1 тілек»
Мақсаты: сабақтан алған әсерлерімен бөлісу Әр топқа конвертте алдын ала дайындалған тапсырмалар беру.
Мысалы:
С4Н10-тің изомерлерін жазыңдар.
СН4-тің химиялық қасиеттері.
С4Н10-ның құрамындағы элеметтердің массалық үлестерін анықтаңдар.
Топтан бір оқушыны тапсырманы қорғауға шығару
Әр топқа химиялық формула жазылған тапсырмалар беріледі(А,В,С) және сол формулалар арқылы молекуланың моделін жасау тапсырылады. Әр оқушы өздік жұмыс жасайды.
Топ басшысына «Критериалды бағалау»парақшасы арқылы өз тобының оқушыларын бағалауды
және әр оқушыға кері байланыс жасау арқылы өзіне баға беруді ұсыну. Әр топтағы оқушылар конверттегі тапсырмаларды орындайды, бір-біріне көмектеседі. Топ ішінен бір оқушы тапсырманы тақтада түсіндіреді.
Тапсырманы орындаған оқушылар жасау жолын нақты түсіндіреді.
Топ басшысы әділ түрде өз топ мүшелерінің жұмысына баға береді және оқушылар сабақтан үйренгендерін стикерға жазып өзін – өзі бағалайды. Критерий бойынша бағалау
Жарайсыңдар! Смайликтер
Модель жасайтын шариктер
Стикерлер
Үй тапсырмасы §45-46 оқу 208-219 бет А(6,8), В(3), С(4) жаттығуларды орындауды тапсыру. §45-46 оқу 208-219 бет А(6,8), В(3), С(4) тапсырмаларды күнделіктеріне жазып алады. Оқулық
Күнделік
№1 Сабақты бағалау
Сыныбы: 9 «А»
Сабақ қалай өтті?
Сабақты бастамас бұрын оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын құру нәтижесінде «Жүректен-жүрекке» стратегиясын қолдандым. Оқушылар бір-біріне тілектер айтып, күнінің сәтті болуына тілектестік білдірді. Мұнда оқушылар арасында бір-бірінен ұялу, ұлдар-қыздар болып бөліну сияқты кедергілер кездесті.Одан әрі топқа түрлі-түсті тастар арқылы бөлдім. «Бір қадам артқа» стратегиясымен оқушыларға топтасып ойланып топқа ат беруді ұсындым. Нәтижесінде «Менделеев», «Жақұт», «Маржан» және «Кристалл» топтары болды. Үй тапсырмасын тексеру үшін «Позитивті доп» страегиясын қолдандым. Оқушылар өткенді еске түсіріп, ойларын жинақтады. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, «Көбелек галереясы» стратегиясы арқылы презентация көрсетіп ой қозғап оқушыларға:
-Бұл слайдтардан не көрдіңіздер?
-Көміртек пен сутектен тұратын қосылыстар қалай аталады?
-Көмірсетектер қалай жіктеледі?
-Сонымен бүгін қандай тақырып өтеміз? – деген сұрақтар қою арқылы «Көмірсутектердің жіктелуі» туралы өтетінімізді анықтады.
Оқушылардың бір-бірімен тілдесіп, еркін пікір алмасуына жағдай туғызатын сыни тұрғыдан ойлаудың «ДЖИГСО» әдісін қолдандым. Яғни, аталған тақырыпты 4 бөлікке бөліп, оқып-үйренуді тапсырдым. Топта мәтінді талдап болғаннан кейін басқа топтарға өкілдер жіберіп олардың талдауына қатысып, бастапқы өз топтарына оралып, түсіндіруге кірісті. Мәтінді пысықтау үшін проблемалық сұрақтар қойдым. Мысалы, «Көмірсутектерді неге байланысты жіктейді» деген сұраққа оқушым П: «Көмірсутектердің құрамындағы көміртек пен көміртек арасындағы байланысқа қарай жіктейді» деп жауап берді. «ДЖИГСО» әдісі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына көмектесетінін байқадым. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру үшін «ДЖИГСО» әдісімен әр топ өз түсінгенін басқа топқа түсіндірді. Осы әдіс нәтижесінде серіктестік оқыту пайда болып, оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге тырысты. Осы жұмыстардан соң, сергіту сәтін өткіздім. Сергіту сәтін жасау барысында оқушылардың қызыққандықтарын байқадым. Бірақ оқушыларда әлі де ұяңдық бар екенін байқадым. Сабақты бекіту үшін «Конверттегі сұрақтар» стратегиясын қолданып әр топқа конвертте тапсырмалар бердім. Мұнда В деңгейлі Б.оқушым тапсырманы өте жақсы орындап түсіндірді. «Аквриум» стратегиясы арқылы №7 лабораториялық жұмыс «Көмірсутектер моделін жасау» тақырыбы бойынша оқушылар молекула моделдерін берілген тапсырмаға қарай жасады. Бұл тапсырмады оқушылар аса қызығушылық танытты. Оқушылар алған ақпаратты 75% тәжірибе жасау кезінде сақтайды (Нұсқаулық 31-бет).
Жаңа сабақ барысындағы алған білімін саралап, өздерінің не үйренгенін байқап, тереңдете түсу мақсатында «2 жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін ауызша бағалаттым. Топтар мына шарттар бойынша бағалады.
* Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсу керек
* Мәтіндегі ой анық болу керек
*Сұрақтарға нақты жауап беру керек
*Идея ұсыну
*Топтан қорғауға қатысу
Не сәтсіз өтті?
Ұяң, жуас оқушылар сырт қалып қойды. Себебі топтарда бірлескен жұмыста лидерлер оларға пікірін айтуға мүмкіндік берген жоқ.Бұл іс-әрекет сабақ бойы өз әсерін тигізіп, кедергі келтірді.
Жаңаша оқыту әдісі бойынша өтілген алғашқы сабақ болғандықтан, оқушылар бойында қобалжу мен жүрексіну байқалды. Сондықтан да өз ойларын жеткізу барысында толық ашыла алмауы, сенімсіздік секілді сезімдер білініп тұрды. Постермен жұмыста өз ойларын дұрыс безендіре алмады.
Не сәтті болды?
Оқушыларға бүгінгі сабақта қолданған стратегиялар ұнады. Ерекше қызығушылығын танытты. Оны жазған рефлексияларынан айқын аңғаруға болады.
Нені дамыта аласыз? Күшті жақтарға сүйенесіз?
Алдағы уақытта жаңаша оқыту әдістерін, Фриманның (1998) талантты және дарынды балаларды анықтаудағы зерттеуін, Александердің (2004) сыныптағы диалогтік әңгімені дамытуды және оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды негізге ала отырып, тәжірибемде пайдалансам жақсы болар еді. Жалпы алғанда, жаңаша оқыту әдістерін пайдалануды әдетке айналдыру арқылы, оқушылардың ойлау еркіндігін, сауатты сөйлеуін, ынтымақтаса әрекет ету қабілеттерін, топта жұмыс істей алу мүмкіндіктерін дамытамын.
№2 Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалімі: Кожахметова Айгуль Калиаскаровна
Күні: 10.04.2015ж
Сыныбы: 9
Пәні: химия
Тақырыбы: Қанықпаған көмірсутектер. Этилен.
Мақсаты: -қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатары, номенклатурасы, изомериясы мен қасиеттерін білу, мысалдар арқылы түсіну;
-қанықпаған көмірсутектердің формулаларын, алынуы мен химиялық қасиеттеріндегі реакция теңдеулерін есеп шығаруда қолдану;
-қаныққан және қанықпаған көмірсетектерді салыстыру арқылы қорытындылау, бағалау.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.
Стратегиялар: «Ыстық алақан», «Өрмекшінің торы», «Түрлі-түсті ленталар», «Бірлескен жоба», «Екеу, төртеу - барлығы», «Ауада жазу», «Венн диаграммасы», «Қосу, алу, қызықты»
Сабақ жоспары:
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе
5 мин.
2мин.
«Ыстық алақан»
Мақсаты: жылы сөздер айту
«Түрлі-түсті ленталар»
Мақсаты: топтасу
Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа деген сенімділіктерін арттыру. Бір-бірінің қолынан ұстап жылы лебіз айтуларын ұсыну.
Оқушыларға түрлі-түсті ленталар арқылы түстеріне қарай 4-6 оқушыдан тұратын 4 топқа бөлу.
Оқушыларға топқа ат беруді ұсыну.
Оқушылар кезектесіп шеңбер бойымен бір-біріне жылы сөздер айтады
Оқушылар алған ленталарына байланысты 4-6 оқушыдан тұратын 4 топқа бөлінеді.
Оқушылар топта әркім өз ойларын ортаға салып, бірлесіп топқа ат береді. «Тамаша!»
«Жарайсыңдар!» АКТ
Түрлі-түсті ленталар
Тұсаукесер
8 мин.
«Өрмекшінің торы»
Мақсаты: өткен материалды пысықтау, сұрақ-жауап
Үй тапсырмасына байланысты жылдам сұрақ қойып, оған жылдам жауап берулерін ұсыну.
Мысалы болжам сұрақтар:
1.Көмірсутектер қалай жіктеледі?
2.Қаныққан көмірсутектердің қарапайым өкілін ата?
3.Қаныққан көмірсутектердің атауында қандай ұқсастық бар? Оқушылар бір-біріне жіпті лақтырып сұрақ қояды, жіпті алған оқушы жауап беріп жіпті әрі қарай лақтырады.
Мысалы болжам жауаптар:
1.Көмірсутектер қаныққан, қанықпаған және ароматты болып бөлінеді.
2.Метан
3.Барлығының атауы ан жұрнағымен аяқталады. Жарайсыңдар
Смайликтер
Жіп
Смайликтер
Негізгі бөлім
20 мин.
2 мин «Бірлескен жоба»
Мақсаты: топтық жұмыс арқылы тақырыпты түсіну, тақтада қорғау
«Ауада жазу»
Мақсаты: бойды сергіту Оқушыларға оқулықтағы 208-213 беттеріндегі мәтіндерді әр топқа бөліп беру және мәтінмен танысуға, топта талқылауға уақыт беру. Тақтада постерді қорғау.Басқа топтарды тыңдау, пікір алмасу арқылы барлық мәтінді қамтуға тапсыру.
Оқушыларға шеңберге тұрып қалай жасау керектегін түсіндіру және жасату. Ауада қолмен, аяқпен 1-10 дейін жазуды ұсыну. Оқушылар топтаса отырып, белсенді әрекет жасайды. Топта талқылайды, тақтада қорғайды. Басқа топтарды тыңдайды, пікір алмасады, тақырыпты толық талқылайды.
Оқушылар шеңберге тұрып жасайды. Критериалды бағалау парағы
Жарайсыңдар Оқулық.
Флипчарт
Қорытынды
5 мин.
2 мин
1 мин «Екеу, төртеу - барлығы» Мақсаты: сын тұрғысынан ойлау арқылы жұппен бірлесе есеп шығару, топта талдау, қорғау
«Қосу, алу, қызықты»
Мақсаты: кері байланыс
Оқушыларға оқулықтағы есептерді алдымен жұптасып шығаруды, соңынан топтасып талқылап дұрыс шешімді шығаруды тапсыру.
Оқушыларға кері байланыс жасату.
Оқушылар топта жұптасып шығарады, топтасып дұрыс жауабын табады.
Кері байланыс жасайды.
Өзін-өзі бағалайды
Критерий бойынша бағалау
Өзін-өзі бағалау
Жақсы! АКТ
Стикерлер
Үй тапсырмасы §47 оқу 221-229 бет А(1), В(4), С(4) жаттығуларды орындауды тапсыру. §47 оқу 221-229 бет А(1), В(4), С(4) тапсырмаларды күнделіктеріне жазып алады. Оқулық
Күнделік
№2 Сабақты бағалау
Сыныбы: 9 «А»
Сабақ қалай өтті?
Екінші сабағымды бастамас бұрын сыныпта психологиялық ахуал орнату үшін және оқушылардың еркін сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында «ыстық алақан» стратегиясын қолдандым. Алғашқы сабағыма қарағанда оқушылар ашылып, еркіндікті сезінді.
Топқа түсті ленталар арқылы бөлдім. Топтастырудың бұл түрінде алғашқы сабағыма қарағанда оқушылардың жылдам топтасып, топтағы міндеттерді өздігінен бөліскенін байқалды. Одан әрі үй тапсырмасын жылдам қайталау үшін «Өрмекші торы» әдісі арқылы сұрақ-жауап жасадым. Сұраққа оқушылар көп ойланып, толық жауап бермей сенімсіздіктерін байқатты.
«Бірлескен жоба» стратегиясын қолдану арқылы жаңа тақырыптағы мәтінді 3-ке бөліп әр топқа өздігінен оқып, топта талдап, мәтіндегі негізгі идеяны флипчартқа түсіру керектігін тапсырдым. Барлық топ қорғап болған соң сұрақтар қойып түсінбеген жерлерін толықтырып түсіндірдім. «Ауада жазу» стратегиясын оқушылардың бойларын сергіту үшін қолдандым. «Екеу, төртеу – барлығы» стратегиясында тақырыпты қорытындылауға байланысты тапсырмаларды оқулықтан бердім. Алдыңғы сабақта топта ұяң оқушылар үндемей қалғандықтан мұнда жұптасып жұмыс жасағандықтан әр оқушы пікірімен бөлісті, содан соі топта талдап, ортақ шешімін дұрыс таба білді. «+, -, қызықты» стратегиясымен топтар өздеріне ненің қызықты болғандығын , қандай кемшіліктер кеткендігін анықтады.Мысалға, «Бутан» тобының мүшесі Е. өзара бағалаудың бұл түрінде өз ойын жетік , жинақы жеткізе алды. Сабақ соңында бағалау парақшаларымен, әр топ бір- бірін бағалады.
Не сәтсіз өтті?
Тақырып өте күрделі әрі ауқымды болғандықтан қысқа уақыт аралығында оқушыларға сыни тұрғыдан ойлану, тапсырмалардың көптігі кері әсерін тигізді.Реакция теңдеуін дәстүрлі сабақтарымда өзім жазып бірнеше рет көрсететіндіктен,оқушыларға өздігінен іздену қиынға соққандай болды.
Не сәтті өтті?
Алғашқы сабағыма қарағанда сыныпта ынтымақтастық атмосферасы сезіліп тұрды. Әр топ мүшелері кезкелген тапсырманы ұйымшылдықпен орындады. Джин Раддок «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну....» демекші үнсіз оқушылар: А., Ж. жұптасқан жұмыста еріксіз тапсырмаларын орындауға тырысып, басқа оқушылар оларға «көпірше» болып бағыт көрсете білді.
Нені дамыта аласыз? Күшті жақтарға сүйенесіз?
Алдағы уақытта уақытты тиімді пайдалану, әңгімені зерттеушілік әңгімеге бағыттау керек.
№3 Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалімі: Кожахметова Айгуль Калиаскаровна
Күні: 13.04.2015ж
Сыныбы: 9
Пәні: химия
Тақырыбы: Ацетилен
Мақсаты: -алкандар мен алкендерді байланыстыра отырып σ және π байланыстарды білу, қасиеттерін түсіну;
-метанның, этанның құрылыстарын ацетиленнің құрылысын жасауда қолдану;
-ацетиленнің алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы туралы алған білімді жинақтау, қорытындылау, бағалау.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Сен бүгін...», «Фигуралар», «Қытай қағазы», «Миға шабуыл», «6 ойлау қалпағы», «Құлақ, мұрын», «Ыстық орындық», «Чемодан, себет,еттартқыш».
Сабақ жоспары:
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе
3 мин.
1 мин.
3 мин. «Сен бүгін...»
Мақсаты: жылы сөздер мен тілек айту
«Фигуралар»
Мақсаты: топтасу
«Қытай қағазы»
Мақсаты: сұрақ – жауап арқылы өткен тақырыпты қайталау
Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа деген сенімділіктерін арттыру және ынтымақтастық атмосферасын құру үшін сабақты шеңберде тұрып бір-біріне жылы лебіз айтуды «Сен бүгін...» деп бастау.
Оқушыларға түрлі фигуралар беру арқылы топқа бөлу.
Оқушыларға топқа ат беруді ұсыну.
Үйге берілген үй тапсырмасын қайталауға арналған сұрақтарды жұптасып бір-біріне қоюды ұсыну
Оқушылар кезектесіп шеңбер бойымен бір-біріне жылы сөздер айтады. Мысалы: А. «Сен бүгін өте әдемісің»...
Оқушылар алған түсті фигураларға байланысты 4-6 оқушыдан тұратын 4 топқа бөлінеді.
Оқушылар дайындап келген қытай қағаздарынан бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. Тамаша!
Смайликтер
Фигуралар
А4 қағаздары
Смайликтер
Тұсаукесер
5 мин.
«Миға шабуыл»
Мақсаты: түрткі сұрақтары арқылы тақырыпты ашу
Интерактивті тақтада
СН3-СН2-СН3
СН3-СН3
СН2꞊СН-СН3
СН2 ꞊СН2
СН≡С-СН3
СН≡СН формулаларының қандай ұқсастығы, қандай айырмашылығы бар?
Біз бұлардың қайсымен таныспыз?
Ал енді бүгін нені үйренеміз?
Оқушылар ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. Ұқсастығы үш және екі көміртектен тұрады. Екі элементтен тұратын қосылыстар, яғни көмірсутектер.
Бұлардың ішінен дара және қос байланысы бар алкандар мен алкендерді біледі, аттарын атайды.
Бұдан құрамында үш еселі байланысы бар қосылыстарды бүгін өтетіндіктерін анықтайды. Критериалды бағалау парағы
АКТ
слайдтар
Смайликтер
Негізгі бөлім
20 мин.
1 мин «6 ойлау қалпағы»
Мақсаты: топтық жұмыс жасау арқылы тақырыпты жан-жақты талқылау
«Құлақ, мұрын»
Мақсаты: сергіту
Оқушыларды 6 топқа бөліп 6 түрлі қалпақ беріп, әр қалпақтың міндетін түсіндіру. Оқулықтағы ацетилен тақырыбы бойынша әр түсті қалпақ өздігінен топтасып дайындалуға уақыт беру. Уақыт болған соң ортағы шығып өз ойларын айтуға жағдай жасау.
Қалай жасау керектігін түсіндіру, оқушылармен бірлесе жасау. Оқушылар топтаса отырып, белсенді әрекет жасайды. Топта талқылайды, тақтада қорғайды. Басқа топтарды тыңдайды, пікір алмасады, тақырыпты толық талқылайды.
Оқушылар шеңберге тұрып жасайды. Критериалды бағалау парағы
Өте тамаша!
Оқулық
6 түсті қалпақтар
Қорытынды
5 мин.
2 мин «Ыстық орындық»
Мақсаты: алған білімдерін сұрақтар қою және жауап беру арқылы қортындылау
«Чемодан, себет,еттартқыш»
Мақсаты: кері байланыс
А,В,С оқушыларды шығарып тақырыпты қорытындылау үшін оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша орындықта отырған оқушыға сұрақтар қоюды ұсыну.
Оқушыларға кері байланыс жасату.
Бүгінгі сабақтан сізге не ұнады?
Сізге әлі не түсініксіз?
Сізге не ұнамады? Оқушылар топта жұптасып шығарады, топтасып дұрыс жауабын табады.
Кері байланыс жасайды.
Өзін-өзі бағалайды
Смайликтер
Өзін-өзі бағалау
Смайликтер
Стикерлер
Үй тапсырмасы §48 оқу 230-236 бет А(3), В(2), С(4) жаттығуларды орындауды тапсыру. §48 оқу 230-236 бет А(3), В(2), С(4) тапсырмаларды күнделіктеріне жазып алады. Оқулық
Күнделік
№3 Сабақты бағалау
Сыныбы: 9 «А»
Сабақ қалай өтті?
«Ацетилен» тақырыбы оқушылардың сыни ойлауы мен белсенділігін арттыруға бағыттала отырып өткізілді. Сабақты сыныпта қалыпты психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Сен бүгін...» стратегиясы бойынша балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Бұл кезде оқушылардың алғашқы сабақтарға қарағанда бір-біріне деген шынайылылығы, көңілдерінің ақ екендіктері байқалды. Одан кейін оқушылар геометриялық фигуралар түрлері арқылы топтарға бөлінді. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Қытай қағазы» стратегиясын қолданып нақты сұраққа, нақты жауап беруді ұсындым. «Миға шабуыл» стратегиясын оқушылардың жүйелі ойлап, тақырыпты ашу үшін қолдандым. Мұнда химиялық формулалар арқылы түрткі сұрақтар қойып, соңында келесі өтетін тақырып құрамында үш еселі байланысы бар қосылыстарға байланысты екенін анықтады. Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында оқушылардың сын тұрғысынан ойланып тапсырманы орындауына «6 ойлау қалпағы» стратегиясын қолдандым. Бұл күні табиғат салдарынан оқушылар аз болғандықтан 4 оқушыдан 3 топ болды. Сондықтан қалпақты жұптық топтарға таратып, тапсырмаларын түсіндірдім. Оқушылар мәтінді қоып шығып әр жұп өз тапсырмаларын сәттә орындады. Бұл тапсырма оқушыларға ұнап, әдебиет сабағында қолдансақ қалай болар еді деген өзара пікірлерін айтты. Оқушылардың бойын сергіту мақсатында «Құлақ, мұрын» стратегиясы арқылы жылдам бейімделуге жаттығу жасаттым, оқушыларымның көңілі бір сергіп қалды. Оқушылардың ойларын жинақтап алған соң, оқушыларды орындыққа отырғызу арқылы «ыстық орындық» стратегиясын іске асырдым. Оқушыларға бұл әдіс өте қатты ұнағандығы соншалықты олар әр топтан шығуға таласып, бір-біріне жаңа тақырып бойынша сұрақтар жаудыра бастады.Уақыт шектеулі болғандықтан сұрауды тоқтатуға тура келді. Дұрыс жауап берген оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Әлі де толықтырулар қажет!» деген сөздермен ынталандырып отырдым.
Одан әрі оқушылар «Чемодан, себет, еттартқыш» стратегиясы арқылы кері байланыс жасап, соңынды бағалау парақшасына өзін-өзі бағалады. Бағалаудың бұл түрі арқылы оқушылардың көбінде сөйлеу мәнерінің қалыптасқандығын жазған стикерлерінен байқалды.
Не сәтсіз өтті?
Жұмыс барысында соның ішінде «6 қалпақ» ойларын жинақтауға уақыт өте көп жұмсалды. Сондықтан келешекте оқушыларды уақытты тиімді пайдалану үшін жылдамдыққа, жинақылыққа баулу қажет деп ойлаймын.
Не сәтті өтті?
«Миға шабуыл» стратегиясында оқушылар сын тұрғысынан ойланып, қорғау барысында зерттеушілік әңгіме болды. Барнс(1976) және Мерсер (2000) айтуы бойынша зерттеушілік әңгіме – оқушыларды мұғалімдер әңгімеге тарту барысында дамыту керек әңгіменің түрі.Қазіргі кезде біздің оқыту үдерісінде ақсап тұрған проблеманың бірі осы деп білемін. «Ыстық орындық» стратегиясын пайдаланғанды үнсіз оқушылардың соның ішінде Н. дауысы естілді.Алғашқы сабақтарға қарағанда оқушылар арасында ынтымақтастық, ұйымшылдық ерекше байқалды.
Нені дамыта аласыз?Күшті жақтарға сүйенесіз?
Болашақта уақытты үнемді пайдалануға дағдыландыру. Зерттеушілік әңгімені әлі де әрі қарай дамыту керек.
№4 Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалімі: Кожахметова Айгуль Калиаскаровна
Күні: 17.04.2015ж
Сыныбы: 9
Пәні: химия
Тақырыбы: Ароматты көмірсутектер. Бензол
Мақсаты: -алкендер мен алкиндерден алған білімді байланыстыра білу, қос байланыстың ерекшелігін түсіну;
-ароматты көмірсутек бензолдың құрылысы мен қасиеттерін тапсырмалар орындауда қолдану;
-тапсырмалар орындау арқылы алған білімді жүйелеу, қорытындылау, бағалау.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Сиқырлы таяқша», « Түрлі-түсті жұлдызшалар», «Тұжырымдамалық карта», «Автобус аялдамасы», «Санамақ», «Қызыл өрік», «Қойын дәптер», «Блоб ағашы», «БҮБ».
Сабақ жоспары:
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе
3 мин.
2 мин.
«Сиқырлы таяқша»
Мақсаты: жақсы сөз айту
« Түрлі-түсті жұлдызшалар»
Мақсаты: топтасу
Сәлемдесу.
Оқушылардың сабақта көңілдері жақсы болу үшін таяқша арқылы бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсыну.
Оқушыларға түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөлу.
Оқушыларға топқа ат беруді ұсыну.
Оқушылар кезектесіп бір-біріне таяқшаны беру арқылы жақсы сөздер айтады. Мысалы: тамаша, күшті, ақкөңіл, рахмет т.б
Оқушылар алған түрлі-түсті жұлдызшаларға байланысты 4-6 оқушыдан тұратын 4 топқа бөлінеді. Жақсы!
Таяқша
Түрлі-түсті жұлдызшалар
Тұсаукесер
8 мин.
«Тұжырымдамалық карта»
Мақсаты: алдынғы тақырыптарды қайталау, жаңа тақырыпты ашу
Алкандар, алкендер, алкиндер жайлы алған білімдерін флипчартқа түсіру.
Қорғау барысында оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпқа көшу.
Өткен тақырыптан түйінді ойларыңды флипчартқа тұжырымдамалық карта жасаңдар.
Бүгінгі өтетін тақырыптың негізгі өкілі парфюмерлік заттар жасауда қолданылады, сондықтан оны қандай көмірсутектерге жатқызуға болады? Оқушылар өткен алкандар, алкендер, алкиндер тақырыптары бойынша постер жасайды және қорғайды.
Сұрақтарға хош иісті көмірсутектер, ароматты көмірсутектер деп жауап береді. Критериалды бағалау парағы
АКТ
Флипчарттар
Негізгі бөлім
20 мин.
2 мин «Автобус аялдамасы»
Мақсаты: сын тұрғысынан ойлай отырып, топпен жұмыс жасау
«Қызыл өрік»
Мақсаты: Бойды жазу Оқулықтағы тақырыпты оқуға уақыт беру. Уақыт өткен соң топпен флипчартқа тақырып бойынша, тақырыпты өрбітетін ой жазу, басқа топпен орын ауыстырып, олардың ойларын жалғастыруды тапсыру.
Бейнекөріністі қайталап жаттығулар жасауға жағдай жасау Оқушылар тақырыпты оқып шығады. Топпен талдай отырып түйінді ой жазады немесе сұрақ қояды. Келесі топқа ауысып, олардың ойларын жалғастырад немесе сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар жасайды Критериалды бағалау парағы
Керемет! Оқулық
Флипчарттар
Парақшалар
Бейнежазба
Қорытынды
5 мин.
2 мин
2 мин
1 мин «Қойын дәптер»
Мақсаты: алған білімді жинақтау,
«Блоб ағашы»
Мақсаты: оқушының өзін-өзі бағалауы
«БҮБ»
Мақсаты: кері байланыс Оқушыларға қойын дәптерге
4 сұрақ қойып көршісіне беруді, өздері алған көршілерінің сұрақтарына жауап жазуды тапсыру.
Оқушыларға «Блоб ағашы» парақшаларына осы 4 сабақтағы өзін қандай деңгейде болғанын бояуды тапсыру.
Сабақ қалай өткендігі туралы кері байланыс жасау.
Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар жазады, көршілерінің сұрақтарына жауап жазады.
Сабақта қандай әдіс-тәсілдер және сабақ қалай өткендігі туралы кері байланыс жасайды.
Өзін-өзі бағалау
"Блоб" ағашы
«Post-It» А4 қағазы
Блоб ағашы парақшалары
Стикерлер
Үй тапсырмасы §49 оқу 237-244 бет А,В,С тест жаттығуларды орындауды тапсыру. §49 оқу 237-244 бет А,В,С тест тапсырмаларды күнделіктеріне жазып алады. Оқулық
Күнделік
№4 Сабақты бағалау
Сыныбы: 9 «А»
Сабақ қалай өтті?
Сабақты бастамас бұрын оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын құру нәтижесінде «сиқырлы таяқша» стратегиясын қолдандым. Оқушылар бір-біріне шын жүректен жылы лебіздерін білдіріп, күнінің сәтті болуына тілектестік білдірді. Одан әрі топтарды түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөлдім. Үй тапсырмасына өткен тақырыптардан алған білімдерін еске түсіріп флипчартқа тұжырымдамалық карта құруды тапсырдым. Оқушылар жқмыстарын қорғаған соң жаңа тақырыпты ашу үшін түрткі сұрақтар қойып, жаңа тақырып хош иісті заттар туралы болатындығын анықтады. Жаңа тақырыпты оқып танысуға уақыт беріп, «Автобус аялдамасы» стратегиясын қолданып тақырыптағы түйінді мәліметтермен пікір алмасты. Соңынды әр топ жинақталған мәліметтерді қорғап шықты. Мұнда байқағаным бұрынғы дәстүрлі сабақта ұлдар сабаққа қатыспай тек қыздар ғана белсенділік көрсететін, ал осы 4 сабақта ұлдар белсенділік көсете бастады, тіпті үнсіз оқушыларым тақтаға қорғауға шықты. Оқушыларды бойын жазып бір сергіту үшін «қызыл өрік» әдісін қолданып біраз сергіп қалды. Сабақты бекіту мақсатында жаңа тақырыпқа байланысты «қойын дәптер» стратегиясын қолданып, оқушылар өзара сұрақтар қойып, оған жауап жазу арқылы тақырыптағы негізгі ойларды жинақтады. «Блоб ағашы» стратегиясы арқылы оқушылардың 4 сабақ барысындағы өзгерістерін білу үшін өздерінің қандай көңіл-күйде болғандарын суреттен бояуын тапсырдым. Барлығы төменнен жоғары көтерілгенін сезінді. Яғни шамалы болса да өзгеріс байқалды. Мен оқушылаабақтың соңында «БҮБ» стратегиясын қолданып, оқушылардың нені білгенін, нені үйренгенін, нені білгісі келетіндігі жайлы ойларын стикерға жазуын тапсырдым. Әр топ басшылары топты критерийлер бойынша бағалап, таныстырды.
Не сәтсіз өтті?
Тақырып өте күрделі әрі ауқымды болғандықтан қысқа уақыт аралығында оқушыларға сыни тұрғыдан ойлану, тапсырмалардың көптігі кері әсерін тигізді. Оқушылармен тұжырымдамалық карта жасау стратегиясында қалай жасау керектігін білмегендіктен дұрыс жасай алмады.
Не сәтті өтті?
Алғашқы сабағыма қарағанда сыныпта ынтымақтастық атмосферасы сезіліп тұрды.Әр топ мүшелері кезкелген тапсырманы ұйымшылдықпен орындады. Джин Раддок «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну....» демекші үнсіз оқушылар: М., А., Н. постерді қорғауда өздерін көрсете алды. Оқушылар өз-өздерін реттей алатындарын да байқатты.
Нені дамыта аласыз? Күшті жақтарға сүйенесіз?
Алдағы уақытта уақытты тиімді падалану, сабақтың мәніне қарай, оқушылардың мінез-құлқына қарай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуді дамыта аламыз.