Ашы? саба? Акробатикалы? жатты?улар (5 сынып)


«№11.М.Байзақов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар.
Сыныбы: 5 «Ә»
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сахова Жазира
Тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар.
Сыныбы: 5 «Ә»
Мақсаты: А) Оқушыларға жаңа сабақты толық түсіндіру.
Ә) Жалпы дене қасиеттерін дамыту .
Б) Сенімділікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сілтеме АКТ арқылы акробатикадан слайдтар көрсету,
Күтілетін нәтиже: Акробатикалық жаттығулар түрін білу, меңгеру
Сабақ түрі: Топтық, жекелей.
1. Топтағы жұмыс: Топтағы жұмыс ережелері
2. Бірлескен жұмыс. 3. Сыни ойлау.
Дерек көздер: «Мектептегі дене шынықтыру» журналы, интернет материалдары. Дене тәрбиесі.
I. Дайындық бөлімі: 15 минут
1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
2. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері бұрылулар.
3. Жүру жаттығулары: Аяқ ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып жүрулер.
4. Жүгіру жаттығулары: Бір қалыпты баяу жүгіру, оң, сол қапталмен жүгіру, арқамен кері қарай жүгіру, тізені көтеріп жүгіру
Тыныс алу жаттығулары
Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау: Сынып оқушыларының спорттық киімдерін қадағалау. Жаттығуларды ережеге сай орындау.
II. Негізгі бөлімі: 25 минут
1.Қазақстандық гимнасшыларға тоқталу. Ернар Ерімбетов және Әлия Жүсіпова туралы көрсетіп алу олардың еңбектеріне ауызша тоқталу.

ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы; Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері; Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы; Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан. ҚР үздік спортшысы (2004). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006). Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B" \o "Оңтүстік Қазақстан облысы" Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2004). «Құрмет» орденімен (2004); «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған
2. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.



Слайдтан көрсетілетіндер:
Акробатикалық жаттығулар түрлері
Акробатикалық жаттығулар жасау.
Әдістемелік нұсқау: Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жаттығу кезінде оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін байқап соны айтып, қайталамауға тырысады.
Ұзақтығы 15 минут.
II топқа бөлу.
Топпен жұмыс жүргізу /10минут/
Сұрақ-жауап:
I топ. Спорттық гимнастикада, акробатикаға жаттығуларға арналған құрал-жабдықтар?
II топ. Қандай акробатикалық жаттығуларды білесіңдер?
Практикалық:
I топ. Қолдың көмегімен «жартылай шатқа» отыру.
II топ. Жауырынға тұру.
Әдістемелік нұсқау: Әр бір жаттығуларды орындауда топ мүшелері келесі топтың дұрыс орындалуына сырттай қарап отыра, кемшіліктерін түзеп отырады. Кемшілігі болса қарсы топ мүшелері сол жаттығу түрін көрсету
III. Қорытынды бөлімі. 5 минут
Оқушыларды сапқа тұрғызу, сапта тыныс алу жаттығуларын орындау. Жақсы, дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау, жіберілген қателіктерді айту.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
Оқушылармен қоштасу.