На тему Тоты?у-тоты?сыздану реакциялары


сыныбы: 10а
пәні : химия
Сабақтың тақырыбы : Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Сабақтың мақсаты:
білімдік : тотығу дәрежесі, тотығу-тотықсыздану реакцияларын
жазу дағдысын қалыптастыру ; атомдардың
электрондарды беріп жіберу немесе қосып алу себебін
және ортақ электрондық жұп арқылы байланыс түзуін
түсіндіру;
дамытушылық : тотығу-тотықсыздану реакциясын жазып, оны талдай
білу дағдысын дамыту .
тәрбиелік : оқушыларды білім алуға , оны өмірде пайдалана білуге,
ұқыптылыққа баулу;
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі : зерттеу ,электронды оқулық арқылы түсіндіру;
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
б) түгелдеу
үй тапсырмасын сұрау
Сыныптағы оқушы санына қарай тапсырма беріледі.
Әр оқушыға химиялық реакция теңдеуі беріліп оны сипаттайды.
Мысалы : Na + H2O ----- NaOH + H2
орынбасу реакциясы
тотығу-тотықсыздану реакциясы
экзотермиялық реакция
қайтымсыз реакция
гетерогенді
катализдік емес
Жаңа сабақ
Оқушылардың 8-9 сыныптардағы алған білімдерін есіне түсіре отырып тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы мағлұматты тереңдетеміз.
Бүгін біз сіздермен тотығу-тотықсыздану реакцияларын толықтырып қарастырамыз.
Тотығу-тотықсыздану реакциясы дегеніміз не ?
Тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде атомдардың тотығу дәрежесі өзгереді.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері :
молекуларалық тотығу-тотықсыздану реакциялары
молекулаішілік тотығу-тотықсыздану реакциялары
диспропорциялану реакциялары ( дисмутация , өздігінен тотығу және тотықсыздану )
конмутация реакциясы (молекулаішілік тотығу дәрежесі өзгереді )
Мысал келтірейік.
а) Zn0 + Cl20 ---- Zn +2Cl2 -1
( молекуларалық тотығу-тотықсыздану реакциясы)
Zn0 -2e ---- Zn+2 2 1 тотығу , тотықсыздандырғыш
Cl02 +2e ---- 2Cl-1 2 1 тотықсыздану , тотықтырғыш
б) 2 KCl +5 O3 -2 ----2 KCl-1 + 3 O20

Cl +5 +6e ----- Cl-1 4 2 тотықсыздану , тотықтырғыш

2O-2 -4e ----- O20 6 3 тотығу , тотықсыздандырғыш
Бұл реакция молекулаішілік тотығу-тотықсыздану реакциясы болады.
Дисмутация мен конмутация реакцияларын салыстыру
KClO3 ---- KClO4 + KCl
NH4 NO3 ---- N2О + H2O
Бекіту :
№1 жаттығуды орындау (72 бет)
№2 жаттығуды орындау ( 72 бет)
Қорытынды:
тотығу-тотықсыздану реакциялары деген не ?
Оның қандай түрлері бар ?
Тотығу-тотықсыздану реакциясын қандай әдіспен теңестіреді ?
Тотықтырғыш деген не ?
Тотықсыздандырғыш деген не ?
Үй тапсырмасы : § 3.2 Тотығу-тотықсыздану реакциялары
№3,4 жаттығуды орындау ( 72 бет )
Бағалау : жауап берген оқушыларды бағалаймын .