?аза? ?дебиеті п?нін о?ытуда о?ушыларды? шы?армашылы?ын арттыру-?стаз алдында т?р?ан абыройлы міндет


ТайбагароваГакку Ердибековна С.Бердіқұлов атындағы
орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталығымен
Жамбыл ауданы Алматы облысы
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылығын арттыру-ұстаз алдында тұрған абыройлы міндет
Білім саласына өзгерістер енгізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Себебі, қазіргі заман ақпараттар тасқыны заманы, сондықтан да әлем өмір бойы білім алу қағидасы бойынша өмір сүруде. Бүгінгі таңда «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері барлық ұстаздардың қағидасына айналуы тиіс деп ойлаймын. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы өзгерістер ұстаздарлың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Ұстаздардың жаңашылдықпен жұмыс жасау нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған тұлға болып қалыптасады. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады»,-деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, бала мінезі мен болмысының қалыптасуына біздің тікелей қатысымыз бар. Өзін бала жанының бағбанымын деп есептейтін әрбір ұстаз өз жұмысын шығармашылықпен, озық педагогикалық шеберлікпен уақытты ұтымды пайдалана отырып, әр сабағын шәкірт жүрегінен орын алатындай етіп, түрлендіріп жүруі керек.
Білім беру саласындағы қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктері оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оның ішінде оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған. Осы мақсатта мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай білуіне жағдай жасауға, оқушылардың бірлесіп бағалауы, бір-бірін тыңдай білуіне назар аударып отырамын. Сабақты түрлендіріп оқыту арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, баланы ізденіске ойын еркін жеткізуге бейімдеймін.
Осы мақсатта мен 9-сыныпта Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы тақырыбындағы сабағымда зейінді шоғырландыру тапсырмасын орындату барысында оқушылардың Махамбет Өтемісұлы туралы білімдерін еске түсіріп ой қозғау жүргізіп, топқа бөлдім. Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылар Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы презентация дайындап келді. Топ болып бірлесіп қорғап ақын өмірі мен шығармашылығы туралы ізденіп жұмыс жасағандарын көрсете білді.
«Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап–таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан»,-деп 3.Қабдолов айтқандай оқушылардың ақын шығармаларын оқып, тануын дамыту мақсатында топқа тапсырмалар бердім.
1-тапсырма І топ. Ақын шығармаларын топтастыру ІІ топ Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне талдау. Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны идеясы, көркемдік ерекшеліктері.ІІІ топ. Хронологиялық кесте толтырады. ІҮ топ. Исатай бейнесі, Махамбет бейнесі моделін жасау бойынша жұмыс жасады. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылар бірлесе жұмыс жасап, ұсынылған қосымша материалдармен тиімді жұмыс жасай білді.
Келесі тапсырмада салыстыру кестесін толтыруды ұсындым. Оқушылар кесте толтыру кезінде Махамбет өмір сүрген кезең   мен  қазіргі кезеңді салыстыра отырып жазғанда жеткен жетістіктерімізді мақтана көрсеткен. Десе де, бүгінгі таңдағы жүрек қынжылтар әттең-ай тұстар да оқушы назарынан тыс қалып жатпағанына көз жеткізесің. Бұдан түйер қорытынды шығармашылықпен іздене жұмыс жасаған оқушылар қоғам көріністеріне де сыни көзқараспен қарайтындығы аңғарылады. «Көршімізге бір тілек»  кері байланысын жасап, оқушы ойларын жинақтай келе «Елім беттеп барады ертеңіне» деген тобықтай түйін жасалды.
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бүгінгі күннің басты талабы. Оқу сауаттылығы оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білуі, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына пайдалана білуі, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Махамбеттен ұлағат» ақын өлеңдеріндегі терең ойлы, өсиет сөздерді теріп жазғызып, мағынасын ашу тапсырылды. Бұл тапсырманы оқушылар ықыласпен орындап, бір-бірінің жұмысын оқығанда қызу талқылау жасады. Оқушылардың кері байланыс кезінде бір-бірінің жұмысына смайликтермен лайк басу, тапсырманы аса қызығушылықпен орындағандарын көрсетті .
Келесі тапсырмада оқушылар «Әдебиетте бейнең қалды ел сомдаған...» тақырыбы бойынша Махамбеттің әдеби және ғылыми еңбектердегі бейнесі туралы оқушылар шығармашылықпен іздену жұмыстарын жүргізді. Әр топқа қосымша материал берілді. Оқушылар Махамбет шығармаларының зерттелінуі, Махамбет бейнесі көркем әдебиетте, өнерде, Махамбет туралы зиялы адамдар пікірі туралы мәліметтер білді. Іздене жұмыс жасау оқушылардың эссе жазу жұмыстары кезінде ойын жинақтап, көркем тілмен сөйлей және жаза білуге үйретері анық.
Тәуелсіз елімізде бүгінгі күні Махамбеттің жебесі жырға айналды. Бізде ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, «Махамбет-жыр жебе» атты поэзия минутын өткіздік. Сабақты қорытындылауда «Махамбет рухымен сырласу» өлең немесе ойтолғау жазу кезінде оқушылар «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында өз ойларын мақтанышпен, шаттана жеткізе білген.
Әр сабақта оқушылардың шығармашылығын шыңдасақ, мұғалімнен бақытты адам болмас, өйткені білімді шәкірт мұғалім еңбегінің жемісі. Уильям Уордтың «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім-көрсетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегеніндей мұғалім тек бағыттаушының рөлінде тұрып, оқыту үдерісінің қызықты әрі тиімді болуына тікелей өзі жауапты екенін ұмытпағаны жөн. Оқушының шабытына шабыт қосып, білім саласында болып жатқан оң өзгерістерден қалмай, жақсы жаңалықтардың жаршысы болып, талмай талаптансақ, нұр үстіне нұр болары анық.