Технология п?нін о?ытуда о?ушыларды? шы?армашылы? е?бек да?дыларын ?алыптастыру


БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық еңбек дағдыларын қалыптастыру»
Атадан балаға мұра болып келе жатқан бұйымның бірі — БЕСІК. Көп жылдар бойы «ескіліктің қалдығы» саналып келген бесікті қазіргі жастар біле де бермейді. Меніңше, қасиетті бесіктің қадірін білмей, ескіліктің қалдығы деп үрке қарау — білімсіздік пен мәдениетсіздік. Бесікті зиянды деп жүрген педиатрлардың оның қандай мүлік екендігінен және баланы оған қалай бөлеу керектігінен хабары жоқ. Олардың ұғымы бесікке бөлеген бала үнемі аяқ-қолы таңулы жатқандықтан аз қимылдайды, соның салдарынан нәзік және аурушаң болып өседіге саяды. Ал шындығына келетін болсақ, бесік деген - сәби үшін де, оның шешесі үшін де өте тиімді. Бесіктегі бала, біріншіден, таза өседі, екіншіден, асты құрғақ баланың ұйқысы да тыныш болып, анасының мазасын көп алмайды, үшіңшіден, бесікте күн ұзақ құндақтаулы жатқан балаға салқында тимейді, көп ауырмайды. Төртіншіден, көп уақытын бесікте өткізетін бала сырт көзден тыс болады, яғни сәбидің тіл-көзден аулақ болуына септігін тигізеді. Бесіншіден, дүниеге келген сәттен бастап, құндақта жатқан баланың денесі тіп-тік, аяғы түп-түзу болып өсетіні барша жұртқа аян. «Нәресте ұйқымен өседі» демекші, нәрестенің тыныш ұйықтауына бесіктен артық жайлы орын жоқ. Алтыншыдан, бесік белгілі бір ырғақпен тербетіледі, олай болса жүйкені бір қалыпқа түсіріп, мінезінің сабырлы болуына және ана әлдиін тыңдаған бала қайырымды, ұлттық қасиет дари өсері сөзсіз. Бесік — баланың денсаулығына, тәлім-тәрбиесіне, ми қыртыстары қызметінің жақсаруына нәрестенің салмақты да ұстамды болып өсуіне гигиеналық жағынан алып қарағанда өте пайдалы ата-бабамыздан қалған қасиетті де киелі бұйым. Ата-бабамыздың даналығы сол, бесікте жатқан баланың жамбас тұсына «жылы болсын» деп қой терісінің кішкентай бір бөлігін төсеген, ал қазіргі кездегі Израйльдің дәрігер-ғалымдары АҚШ-тан әдейі алдыртып қолданатын шала туған балаларға арналған кювездердің астына қой терісін төсеуі де осы мақсатты көздеген.. Оның қасиетін бағалаған ұста саудаласпай, алушы не берсе, соны риясыз көңілмен ала берген. Бесік ұрпақтан-ұрпаққа қалатын мұра болғандықтан, өз баласының бесігін сұраған адамға ұстата да салмаған. Бесік ұрпақ жалғасуының белгісі ретінде ұрпағының дүниеге келуін күтіп, киелі бұйым ретінде қастерленіп, киіз үйдің төрінде ілулі тұратын атадан балаға мұра болып келе жатырған нәресте жиһазы.
БЕСІКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
1. Бел ағаш, арқалық, арыс. Бесіктің арқалығы үстіне жапқан көрпені баланың бетіне түсірмеуге, бесікті тербету әр түрлі сылдырмақ, ойыншық, тұмарша, үкі тағуға қолайлы. Нәресте оянған кезде екі қолын босатып қояды. Сонда ол сол ойыншықтармен ойнап жатады.
2,3. Алдыңғы бас, артқы бас немесе бөген. Жас талдан немесе қайыңнан иіп жасалынады.
4. Сирағы-төрт бұрышты немесе дөңгелектеп оюлап, тал, қайың немесе қарағайдан жасауға болады.
5. Жақтау. Екі басын қосып түрады.
6. Сабау. Баулардың ұшын тігіп қояды.
7. Шыбық.
8. Тақтай. Ортасын түбек орнататын жерін тесіп қояды.
9. Жорға (табан) табаны дұрыс тербетілуі үшін дөңестеу болып келеді.
10. Түбек үлкен дәрет үшін. Қазақтар киізден жасап орталап күл салып қойған.
11. Шүмек (кіші дәрет үшін) қойдың асық жілігінен жасаған.
Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрет жүретін жерді тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап таңып кояды, басына кішкене жастық салады. Баланың бесікте кіші дәретке отыруына қолайлы етіп қойдың асық жілігінен тесіп шүмек, үлкен дәретке арнап киізден түбек жасайды. Оған орта беліне дейін күл салады.
Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бүйымдар, жабылады. Тон, шапан жабу — ержеткенде бала халыққа қадірлі болсын деген тілек; жүген жабу — ат ұстайтын азамат болуын тілеу, кебенек, қамшы жабу — ел-қорғайтын батыр болсын деген тілек
Бесікті халық шеберлері өз қалауынша сәндеп жасаған. . Бесіктің түрлері
Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу течнологиясын оқыту әдістемесіне сүйенсек, еңбекке баулу сабағының алғашқы күндерінен бастап оқушылар дәлдікке, есептеу және өлшеу дағдыларын, қарапайым нәрселерді құрастырудан біртіндеп күрделі конструкторлық-техникалық іскерлікті меңгеруге дағдыланады. Қазіргі жаңа бағдарламада конструкторлық-техникалық іскерлікті дамытуды бірінші сыныптан бастап жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар сызбамен жұмыс істеуден бұрын сызбада берілген бүктеу, кесу, жалғау сияқты шартты белгілерді оқи білуді үйрене отырып жұмыс істеуге дағдыланады. Қағаз бен картоннан конструкциясына қарай әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға керекті жабдықтар, тұрмыстық нәрселер жасауға болады. Қағаз және картонмен жұмыс істеуді балалар тез үйренеді. Бастауыш сыныптың үшінші сыныбынан бастап циркулмен жұмыстар орындап шеңберлерді бірнеше бөліктерге бөледі. Төртінші сыныпта осы өтілген әдіс-тәсілдерді қайталай отырып жұмыстанады. Оқушылар өзгеде халықтардың үлгі жұмыстарын орындаумен қатар өз халқының, яғыни қазақтың ұлттық сәндік бұйымдарын, соның ішінде үлкен қасиеті мен мағынасын, оның болашағын медицинамен байланыстыра отырып насихаттау, бесік малетін оқушылардың өз қолдарынан орындап шығармашылық бағытта түрлі дизайн қолдануына жол беру. Балалардың алдына мақсат қою және сабақтың тапсырмасы: а) істелетін жұмыстың қажеттілігі мен маңызын түсіндіру; ә) белгіленген жұмысты ойдағыдай орындау үшін қандай іскерлік пен дағдылар керектігін түсіндіру.Жұмыс орнын дайындау: жабдықтар, материалдар, үлгілер, тақтаға сызылған сызба және т.б. жұмысты ұйымдасқан түрде орындауға қажетті ережелерді балалардың естеріне салу.
Орындалған еңбек қимылдарын алдын ала жоспарлау: а) үлгіні таңдау: бөлшектер саны, қажетті материалдар, берілген өлшемдер; ә) сызбаны оқи білу. Бұйымның сызбадағы бейнесін және оның бөлшектерін, жұмыс сызықтарын таба білуге дағдылану, жұмыс қимылының алдымен қайсысын, қандай құралмен орындау керектігіне дағдылану, бірінен кейін бірі орындалатын жұмыс қимылдарын анықтай білуге үйрену.
Сызбадағы берілген өлшемді материалға көшіру. Балалар белгілеу тәртібін мұғалімнің айтуы бойынша немесе ол сызған кезде мұғаліммен бірге орындауы керек.
Белгілеу бойынша орындалатын жұмыстар. Бөлшектерді дайындау, оларды қиыстыру, құрау, бұйымды және бөлшектерді өңдеу кезінде қажет болатын біліктер мен дағдыларды меңгеру.
Бұйымның жұмыс кезіндегі қалпын тексеру.
Сабақты қорытындылау.
Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Жарияланды 27-10-2012, 15:31 Категориясы: Технология
Тақырыбы: Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Технология пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз –Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде .
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу»бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену –Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс –қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған . Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.
Болашақ кәсіпкер:
- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
- азаматтық нарыққа қатыса алады;
- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
- жұмыстың сапасына жауап беруші.
Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу
- мектептің материалдық –технологиялық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау.
Ата-ана, ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу-тәрбиелік шығармашылық орта құруы қажет.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу».
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы . Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.
Технология - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі.
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн .
Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.
Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды .Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.
Жобалау әдістемесінің талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а)берілген бұйым кімге арналған
б)арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4) Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту
Сызбаны және технологиялық картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдымдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті. Қолданбалы экономика мақсаттары:
- жеке меншік, баға белгілеу және бәсеке жүйесіне көп көңіл бөлу
- экономикалық заңдардың іскерлік шешімдерге әсерін анықтау:
- нарықтық экономикадағы үкімет ролін көрсету
- кәсіпкер мен тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін оқушылардың түсінісуіне көмектесу
- мамандықты, сонымен қатыр жеке экономика мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін ұсынады. Олар:
- оқу, хат және базалық білім
- Графиктер мен таблицаларды түсіну
- Алынған мәліметтерді зерттеу және талдау
- Кішігірім топтарда жұмыс істеу және оларды басқару және т. б.
Шығармашылық жобаны рәсімдеу:
1. Бастапқы бет
2. Мақсаты, міндеті, болжамы, күтілетін нәтижесі
3. Шығу тарихы
4. Жалпы эскизі
5. Нұсқау карта
6. Қажетті құрал-жабдықтар
7. Құны
Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында әр кезеңде мақсатқа қол жеткізудегі ұмтылыс нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер:
- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуі
- Ата-аналардың өз балаларының іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы
- Баланы шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі.
- Ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы
Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен бірігіп немесе әр оқушы өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау және жоба жұмысының кезеңдері
Тірек сызба:
Жоба
Практикалық Теориялық
Бұйым Түсіндірме парақтары
Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі
Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау.
Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегі дей жұмыстар істелу керек:
- Мұғалім мен оқушылар арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады.
- Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде ауадай қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.
Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері
Дамудың жаңа сатысында бағыт алған мектептің ең негізі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жалпы пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі бойынша трек-конспект, диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады.
1-кезең: Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау.
2-кезең:Ойын кезеңі
3-кезең:Қорытындылау
Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.
Модульдік оқыту технологиясы
Тігін бұйымдарын модельдеу
Модульдік оқыту технологиясы - балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасына теңдік жағдай жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады.
Қолданбалы экономикалық керемет бөлігінің бірі - оқушылардың жеке бизнесінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Мектеп компаниясында» практика жұмыстары зерттелді. Қорыта айтқанда, сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл әдістерімен жүргізу тиімді, яғни сабақты бір тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты технологиялық әдістері пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсілімен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенемін.
Күні: 21.11.2013ж
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Белдемше түрлері,тарихы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыны белдемше тарихымен таныстыра отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.1.Білімділік: оқушыларды белдемше түрлерімен таныстыра отырып, түсініктер беру.
Дамытушылығы: өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін, қабілеттерін, өнерге ұмтылысын дамыту.
Тәрбиелігі: жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді ескере отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылықққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Оқыту әдісі: сұрақ жауап, түсіндірмелі, сарамандық, танымдық диктант.
Сабақтың көрнекілігі:тігін машинасы,слайд-презентация, белдемше түрлері
Пәнаралық байланысы:сызу, бейнелеу өнері, тарих, қазақ тілі,математика
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Барлығымыз жұмыла,
4-5ке қолжеткізу- дей отырып, жанарымызбен бір- бірімізге қарап сәттілік тілейік.
ІІ. Өткен үйге берілген материалды тексеру.
Пысықтау сұрақтары: (слайд көрсетіледі, тігін машинасының шыққан жылдары)
а) Тігін машинасының түрлері қандай түрге бөлінеді?
ә) Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды, қай жылы?б) Машина тігіс түрлерін ажырата білесің бе?
г) Машина инесінің құрылысын ата
д) Карл Вайзенталь қандай машина ойлап тапқан?
е) Тігін машинасының құрылысын ата
ж) Тігін машинасымен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесін білесің бе?
ІІІ.Қызығушылықты ояту.
Тігін машинасы бізге не үшін керек?
Тігу үшін, киімдер тігу үшін. Сол тігу жұмыстарымен дайындалатын киімнің бір түрі- белдемше. Олай болса, бүгін біздер белдемше түрлері және тарихымен танысатын боламыз.
ІҮ. Мағынаны тану.
Күннің жады, тақырып жазылады.
1.Белдемше түрлері,тарихы. (слайдтар көрсетіледі)
Белдемше көне тас ғасырында аң терісін беліне қыстырып қолданған кезден пайда болған, белдемшені тек қыздар ғана емес, оны кейбір елде (Шотландия) ерлер де киген. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.
Орта ғасырларда белдемше дегеніміз белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.
ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді.
ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған кринолин — каркас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады.
XVII ғасырда бүрмелеу, түлі — түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.
XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды.
XIX ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалды. Белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.
Ұстаздар сайты
Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмнің бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.
Белдемше: силуэті бойынша — тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.
Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті — жиырылған немесе қатпарлы болады. ХІХғасырда қыздардың белдемшелері кең етекті, бірнеше қабаттан тұратын ұзын болды.Оларды қымбат матадан желбір салып,гүлмен әшекейлеген. Заманның өзгеруіне байланысты белдемшенің ұзындығы мен көлемі кішірейді.Өйткені қазіргі кезде әйел адамдар да көлікпен жүреді. Мұндайда ұзын белдемшелер ыңғайсыздық тудырады.Белдемшені кез- келген матадан тігуге болады.
2.Матаны таңдау.
Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда салқын түстегі (ақ, көк, көгілдір), жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады.Сонымен бірге матаны таңдағанда оның құнын, қанша мата қажет болатын сапасына қарай алу керек.
Сарамандық жұмыс:
Белдемше тігуге дайындау үшін ең алдымен қағаз бетіне үлгі сызып алу керек,белдемшені пішу үшін мата ақауын, негізгі және арқау жіпті анықтап алады.
Белдемшенің 3 эскизін салу. Салынған 3 белдемшелерге сипаттама жазу. Оқушыларға белдемшенің сызба үлгілерін үлестіре отырып, өз беттерімен белдемшенің түрлерін сызуға мүмкіндік беру.
3.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
1.Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсу керек.
Инемен жұмыс жасағанда инені ауызға салуға болмайды, жастықшаға түйреп қою керек.
3.Қайшыны ашық тастамау және біреуге ұсынғанда ұш жағымен ұсынба.
4.Бұйым тігу кезінде шашты орамалмен жасырып қою керек.
Жіпті тіспен үзбеу керек.
6.Үлгіні мата бетіне дұрыс орналастыру қажет.
7.Жұмыс аяғында үстел үстін жина.
4.Танымдық диктант (Сөйлемді аяқта)
1. Матаның екі жағының, тарқатылмайтын жиегі ………………………..
2. Матаның көлденеңнен жатқан жібі ………………………………………….
Матаның ұзына бойымен орналасқан жібі ………………………………..
Екі жіптің тоқылуы ………………………………………………………………..
Рефлексия:Не білдім?Не үйрендім?Не білгім келеді?
Қорытындылау: Силуэтіне қарай белдемше қалай бөлінеді? тік, етегі кең, етегі тартылған.
1. Киімге қандай талаптар қойылады?
2. Жаздық белдемшенің матасы қандай болады?
3. Қыстық белдемшенің матасы қандай болу керек?
4. Жылы түстерге қайсы түстер жатады?
Үйге тапсырма: Белдемше сән үлгісін жасау, мата әкелу
Бағалау: Жақсы салынған эскиздерді көрсету, мадақтау.
Не білдім?Не үйрендім?Не білгім келеді?
Не білдім?Не үйрендім?Не білгім келеді?
Не білдім?Не үйрендім?Не білгім келеді?
Не білдім?Не үйрендім?Не білгім келеді?