Баяндама Жобалау технологиясыны? элементтеріні? география п?нін о?ытуда ?олдану презентация


Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Питер Клайн Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы (Түсіндірме сөздік)Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті. (М.В. Кларин) Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау негізінде күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі (түсіндірме сөздік). Қашан? Қайда? Кіммен? XIX ғасырдың екінші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектебінде Негізін қалаушы психолог және педагог Джон Дьюи Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінде Профессор Уильям Херд Килпатрик XX ғасырдың басында Ресейде 1905 жылдан бастап С.Т. Шацкий оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту;өз бетімен жұмыстар жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру;ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру;сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге дайындау. Оқушылар санына байланысты жоба: жеке немесе топтық;Оқу пәні мен мазмұнына байланысты: бірпәндік немесе пәнаралық;Қатысушылар құрамына байланысты: әртүрлі жастағы және жастары бірдей оқушылардың болуы;Ұйымдастырылу деңгейіне байланысты: мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық;Мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді (1 апта), орта мерзімді (1-4 апта), ұзақ мерзімді (4-аптадан 1 жылға дейін) Оқушының іс-әрекеті Оқытушының іс-әрекеті Оқушы - оқыту субъектісі Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы Мақсатқа дербес өз іс әрекетімен жетуші белсенді субъект Бағыт бағдар беруші, кеңесші Өзін-өзі және бірін-бірі оқытушы Оқушының жетістігін құптаушы Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі Ынталандырушы Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға Мақсатқа жетелеуші Тоқтарғазинова Раушан 9«ә» сынып оқушысы 2013-2014 оқу жылы Ғылыми жоба “Балалар-біздің болашағымыз”2014-2015 оқу жылы “Сарқылмайтын энергия көзі - күн” аудандық кезеңде III – ші орын Жоба жұмысының кезеңдері Жұмыстың мазмұны Оқытушының тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дайындық кезеңі Жоба тақырыбын анықтау Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. Әр оқушы өмірлік өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды. Жоспарлау Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдау жолдарын көрету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жоба бойынша күнделегін тексереді. Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау, жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді. Зерттеу жұмысы Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, сауалнама, бақылау арқылы алынған түрлі ақпаратты талдау. Оқушының күнделігін бақылап, топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру. Жеке және жұптық жұмыс, сауалнама сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарымқатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады. Нәтижені талқылау Ақпаратты талдау, шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио-видеотехниканы жабдықтайды. Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгісін белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады. (жалғасы) Жұмыстың тұсау кесері Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бірін-бірі мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып, бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады. Бағалау және жоспарлау Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмысты құрады. (жалғасы) Жазбаша немесе ауызша есепМультимедиялық презентацияФильмҚойылымИнтернет жүйесіндегі бетДайындалған макетМодель (нобай) Оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау - жобалау технологиясының негізі. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үдерісінің басты күре тамырының ролін атқарады. Назарларыңызға рахмет !