Педагогика п?нінде жобалау ?дісін ?олдану
ШЕТЕЛ ТІЛДЕР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Әдістемелік баяндама
Педагогика пәнінде жобалау әдісін қолдану
Педагогика пәнінің оқытушысы: Садирова Г.Т
Педагогикалық жоба – оқытудың технологиялық жағы. Жобалау әдісінің білімдік процеске енуіне ғалымдардың зерттеулері ықпал етті. Зерттеу бойынша адам ақпараттарды оқығанда оның 10 пайызын, естігенде 20 пайызын, көргенде 30 пайызын, көріп естігенде 50 пайызын, өзі тапқанда 70 пайызын, өзі айтқанда және жасағанда 90 пайызын есінде сақтайды. Сондықтанстуденттердің құзыреттілігін қалыптастыруда жобалау әдісі тиімді болып саналады. Жобалау әдісі – оқушылардың өмірдегі түрлі мәселелерді шешу үшін жүргізетін өздік жұмысының тәсілдері. Оқушыға білім алуда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге үйрету жобалау әдісінің негізгі мақсаты болып табылады. Жобалау әдісіндегі ең бастысы – студенттердің өз бетімен құнды материальдық және рухани заттарды жасай алатындығына сенімін арттыру, кәсіби қызметінің саласы туралы туралы түсінігін тереңдету.
Жоба жасауда ескеріледі:
мектептің және елдің экономикалық жағдайы;
мектептің жақсы тәжірибесі;
педагогикалық процесті жетілдіруге арналған ғылыми зерттеу нәтижелері
оқу – тәрбие жұмысындағы елеулі кемшіліктерді жою шаралары.
Жоба мұғалімнің арнайы ұйымдастыруымен және оқушы өзі үшін маңызы бар өнімді өз бетімен жасап, оны ауызша және жазбаша презентациялаумен аяқталады. Жобаның пәнаралық сипаты болғандықтан студенттің әртүрлі салалардан алған білімдерін жинақтап жүйелеуін, қолдануын және қолдану барысында өз бетінше жаңа мағлұматтар алуын көздейді. Зерттеушілер оқушы мен оқытушының іс - әрекетінің төмендегідей жүйесі мен құрылымын ұсынады. 1 - кезең – жобаны дайындау. Алдымен студент өмірдің түрлі салаларында мектепте, үйде, бос уақытта, қоғамдық пайдалы іс - әрекетте, өндірісте, қарым – қатынаста көңілі толмайтын жағдайға сипаттама береді. Бұл процесте мұғалім жетекші сұрақтар арқылы жағдаятты нақты көруге көмектеседі. себебі мәселені тұжырымдау және талдау мүмкін болады. Жобалау іс - әрекетінің басы жағдайды студенттер оқытушымен бірге мұқият талдаған соң нақты өмірден алынған, студентке таныс және маңызды. мәселені, оны шешуге көмектесетін тақырыпты анықтау және мақсатты(Не өзгеруге тиісті?), міндеттерді(«Не пайда болу керек?», «Не істелу керек?», «Қандай болу керек?») белгілеу. Оқытушы студентті ынталандырады, ақыл кеңес береді. Студент жүмыс істейтін жердің шекарасы айқындалады. Студент нақты жағдайға қайта оралып, оны егжей – тегжейлі суреттейді. 2 - кезең - жоспарлау. Дерек көздерін, ақпараттарды жинау және талдау тәсілдерін анықтау, нәтижені және процесті бағалау өлшемдерін анықтау, есеп формасы, рөлдерді (ақпарат беруші, зерттеуші, хатшы, редактор, баяндамашы, референт, сарапшы т.б.) бөлу. Студент жұмыс жоспарын жасап, міндеттерді тұжырымдайды. Оқытушы түзетеді, идеяларын ұсынады, нәтижені болжауға көмектеседі. 3 кезең - зерттеу. Ақпараттарды жинау, міндеттерді орындау. Құралдары: сұқбат, сауалнама, бақылау, эксперимент, анықтама әдебиеттермен жұмыс т.б. студенттердің зерттеу жұмыстары.. Осы кезеңде оқушының өздік деңгейі жоғары. Оқытушы жанама түрде бақылап, керек жағдайда ақыл – кеңес береді. 4 - кезең – зерттеу нәтижелерін қорыту. Ақпараттарды талдау, құрылымдау, қорытындылау(оқытушы - ақылшы, кеңесші)5 - кезең – есеп – нәтижені көрсету(презентация): Студенттер есеп береді, баяндайды, оқытушы студенттермен, сарапшылармен бірге жауаптарды тыңдайды, сұрақтар береді, түзетеді.Студенттердің көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін қалыптастыратын, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға керекті жобаны презентациялау түрлері : ауызша журнал, баяндама, реферат, курс жұмысы, стенд, жазбаша есеп, кітап, ғылыми баяндама, іскерлік ойын, бейнефильм, қойылым, баспасөз конферециясы, басшыларға хат жазу, макет, сөздік. Презентация мазмұнына жоба жасау барысында жасалған жұмыстардың өнімі, және не нәрсеге үйренгендігі, білгендігі жөніндегі әңгіме енеді. Презентация бағытталады:
өнімді өткізуге (мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындарға);
өнімді жетілдіруге және көптеп шығаруға керекті қорлар көзін қарастыруға;
ақпарат беруге(ағарту, қоғамдық пікір қалыптастыру)
өзін - өзі презентациялауға (өзін белгілі бір саладағы маман ретінде көрсету)
Презентациядан соң оқушыларды коммуникативтік құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатымен мұғалімге сұрақ қоюға ынталандыру керек. 6 - соңғы кезең, нәтижені және процесті бағалау. Бағалау объектілері:
жобалау жұмысының нәтижелілігі;
оқушылардың өсуі(жеке өсу: білдім, үйрендім, жасай алдым, түсіндім, жеңдім);
жобалау жұмысының нәтижесі;
негізгі құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі.
Өнім бағасы жоспар мен өнімді салыстыру арқылы беріледі. Студенттер жобамен жұмыстың кемшіліктерін , жетістіктерін, сәтсіздіктер мен табыстың тәсілдерін атап, қиындықты жеңу жолдарын ұсынады. Студенттер бағалауға қатысады, жобаға қатысушылардың рейтингісін анықтайды. Оқытушы студенттер мен жобаға қатысушылардың пікірлерін ескеріп, студенттердің жұмысының сапасын бағалайды, зерттеу жұмысын жалғастыруға ынталандырады. (әсіресе зерттеу іскерлігі бар студенттерді ынталандырады).Тексеру кезеңіде рефлексия жүргізіп, презентацияның аудитория ерекшелігіне сайлығы, құралдарының презентация мақсатына көмектесткіндігі, қандай сұрақтар берілгені, олардың мақсатқа сайлығы анықталады. Жобалау әдісіне қойылатын талаптар:
Мәселені көру - білімді жинақтауға көмектесетін, зерттеуді талап ететін тапсырмалардың болуы(балалардың дәстүрлі емес сабақтарға көзқарасы, жас өспірімдер тәртібі, мектеп мұғалімдерінің жиі қолданатын оқыту әдістері. Нәтижелердің теориялық және практикалық, танымдық маңызы.
Өздік(топтық, жұптық, жеке жұмыстар)
Жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау.
Зерттеу әдістерін қолдану: мәселені анықтау, одан туындайтын міндеттерді белгілеу, гипотеза ұсыну , зерттеу әдістерін талқылау, нәтижелерді безендіру. «Ой майданы», «дөңгелек жоза», статистикалық әдістерді, шығармашылық әдістерді қолдану.
Ұжымдық жобаның типтері: зерттеу, шығармашылық, ойын, ақпараттық, практикаға бағытталған жобалар. Зерттеу жобалары жобаның мұқият ойластырылған құрылымын, мақсатын, өзектілігін, әдістерді, экспермиент және тәжірибе жұмыстарын, мәліметтерді өңдеу әдістерін талап етеді. Ақпараттық жоба қандай да бір объекті туралы ақпарат жинап, оны көпшілік алдында талдау, қорытындылау. Жобаның құрылымы: мақсаты, көкейтестілігі, ақпараттарды алу және өңдеу әдістері, нәтиже, презентация( БАҚ –на мақала беру, Бүкілдүниежүзілік өрнекке ақпарат беру).Шығармашылық жобаның мұқият ойластырылған құрылымы болмайды. ол жұмыс барысында белгіленіп, дамытылады. Бірақ нәтижесі (өнім – альманах, бейнефильм, сахналау, бейнелеу өнері шығармасы, сәндік – қолданбалы өнер) туралы келісуге болады. Кешендігі бойынша жобалар моножоба және пәнаралық жоба деп. бөлінеді.Моножобалар бір оқу пәні аясында жасалады.Пәнаралық – сабақтан тыс уақытта әртүрлі салалардағы мамандардың басшылығымен орындалады. Қарым – қатынас аясына байланысты – сынып ішілік, мектепішілік, аймақтық, және халықаралық болады.Ұзақтығы бойыншашағын жоба – бір сабаққа не сабақтың бір кезеңінде орындалатын жобалар;
қысқа мерзімді – 4 -6 сабаққа есептелген жобалар;
апталық - 30-40 сағатқа есептелген, сыныптық және сыныптан тыс жұмыс формаларын ұштастыру қарастырылады.
ұзақ мерзімді(жылдық) жеке, топтық, сыныптан тыс уақытта орындалады.
Жобаның кезеңдеріне қарай студенттің рөлі өзгереді. Таңдайды(шешім қабылдайды) Оқушының таңдау құқығы оны оқуға ынталандыратын фактор, Өзінің бір пайдалы іске қатысын сезіну оның санасында жауапкершілік сезімін бекіту керек.Адамдармен қарым –қатынас нормаларын орнатады. Бағалайды. Бұл функцияны оқушылар жобаның әрбір кезеңінде орындайды.. Пайдалылық тұрғысыныан басқа біреулің еңбегін, өзінің іс - әректінің өнімін бағалайды. Сәтсіздіктердің объективтік және субъективтік себептерін, іс –қимылдардың күтпеген салдарын талдау(өзін - өзі талдау), қатені түсіну, жоба ғылыми мәліметтердің жеткіліксіздігінен жасалмағанда оқушыны жаңа білімге ынталандырады. Енді назарларыңызға жобалау әдісімен құрастырылған бір сабақ үлгісін ұсынамыз.