2-сынып о?ушыларына арнал?ан дидактикалы? материалдар
«Балтасап негізгі мектебі»КММ
Қазақ тілі пәнінен
2-сынып оқушыларына арналған
дидактикалық материалдар.
бастауыш сынып мұғалімі:Кожмагамбетова А.Ж.
Дайындаған:бастауыш сынып мұғалімі Кожмагамбетова А.Ж.
Мазмұны
Түсінік хат........................................................................................................3
1-сыныпта өткенді қайталау.Сөз,сөйлем,дыбыс ........................................4-6
Дауысты, дауыссыз дыбыстар тақырыбы бойынша тапсырмалар...........7-8
Мәтін тақырыбы бойынша тапсырмалар.....................................................9-11
Сөйлем тақырыбы бойынша тапсырмалар..................................................12-14
Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбы бойынша тапсырмалар......15-17
Сөз және оның мағынасы тақырыбы бойынша тапсырмалар...................18-20
Сөз құрамы тақырыбы бойынша тапсырмалар..........................................21-23
Қайталауға арналған деңгейлік тапсырмалар............................................24-26
Деңгейлік тапсырмаларды бағалау критерийлері........................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................28
Түсінік хат.
Тіл – адамдар қатынасының аса маңызды құралы. Адам өз ойын екінші біреуге тіл арқылы, яғни сөзбен айтып жеткізеді. Осындай аса маңызды қатынас құралын дұрыс пайдалану, яғни дұрыс сөйлей білу – үлкен өнер.Оқушы қазақ тілі сабағында алған білімдерін іс жүзінде толықтырып,шығармашылық жұмыстармен жалғастырып отырса ғана тілді толық игереді..
Мемлекеттік тілдің іргетасы бастауыш мектепте қаланады.Өйткені қазақ тілін оқыту арқылы - бастауыш сынып оқушылары өз ұлтының мәдениетімен терең танысып, қазақ тілінде таза сөйлеуге үйренеді. қызыушылығын қалыптастыруға бағытталады. Оқушыларға оқу материалын жан - жақты терең ұғындырып,оқушының қызығушылығы арту үшін түрлі әдістерді пайдалана білу қажет. Әр сабақтағы дұрыс қолданылған әдіс оқушылардың назарын аударумен қатар, қызығушылығын, ынтасын да арттырады.Ұсынылған дидактикалық тапсырмалар жинағының мақсаты:- Тапсырмаларды орындау барысында қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, - есте сақтау, ой - өріс қабілеттерін арттыру;- ұйымшылдыққа тәрбиелеу;- сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.Міндеті:- Сабақтағы материалды оқушыларға меңгерту, тәрбиелеу жұмысын іске асыру;- оқушылардың қазақ тілі материалын толық меңгерту;- өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру;- ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайтуға көмектесу.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының жалпы ой - өрісін кеңейеді.Есте сақтау қабілеті артады.Дарындылық қабілеттері ұшталады.Оқушының өз ойын дәлелдей білуіне мүмкіндік жасалады.
Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп және буынды қайталау.
Мақсаты: Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп және буын тақырыптары бойынша
1 сыныпта алған білімдерін еске түсіру; сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету; Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, көркем жазуға баулу.
Тапсырма №1
Ойын: «Адасқан дыбыстар».
Шарты: Оқушылар орындары ауыстырылып берілген дыбыстардан сөз құрастырулары керек.Құрастырылған сөздеріне сөйлем құрау.
1 і к а п т 2. м ұ а м ғ л і о ш қ у ы 4.ү л г м к е г т е п
кітап мұғалім оқушы гүл мектеп
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген дыбыстардан сөз құрастырады 1.Берілген дыбыстармен сөз құрастыра алады.
2.Құрастырған сөздерін қатесіз жаза алады 1
1
Құрастырған сөздеріне сөйлем құрайды 1.Жазған сөздерден сөйлем құрай алады.
2.Сөйлемдерді қатесіз жаза алады. 1
1
«4»ұпай-5
«3»ұпай-4
«2»ұпай-3
Тапсырма №2
Кестені толтыр.Берілген дыбыстан басталатын сөз,сөйлем құрау.
ДыбысСөз Буын Сөйлем
Кк Нн Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген дыбыстардан сөз құрастырады
1.Берілген дыбыстардан сөз құрастыра алады.
2.Құрастырған сөздерін қатесіз жаза алады 1
1
2.Құрастырған сөздерін буынға бөледі.
Құрастырған сөздерін буынға бөле алады.
1
3.Құрастырған сөздерден сөйлем құрайды. 1.Құрастырған сөздерден сөйлем құрай алады.
2.Сөйлемдерді қатесіз жаза алады.
1
1
«5»ұпай-5
«4»ұпай-4
«3»ұпай-3
Тапсырма №3
Суреттегі заттардың аттарын жаз.
Әр сөзде неше дыбыс,неше әріп,неше буын барын анықта.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Суреттегі заттардың атын жазады
1.Суреттегі заттардың атын жаза алады.
2.Сөздерді қатесіз жаза алады 1
1
2.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. 1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№4 Логикалық тапсырма
Ұйқас тауып ойнайық !1. Қағазға қайшы өтпедіСоғанда Балнұр ...........2.Жоғалды қара қарындашОндайы енді.............
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген өлеңнің ұйқасын тауып,жазады.
1.Өлеңнің ұйқасын тауып жаза алады.
2.Өлеңді мәнерлеп оқи алады. 1
1
2.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. 1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Мақсаты:дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу; олардың бір-бірінен ерекшелігін түсіне білсауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
адамгершілікке тәрбиелеу.
Тапсырма №1
1.Берілген сөздерге жоғалған әріпті қой.Жоғалған дыбыстың дауысты,дауыссыз екенін анықта.
Алм....рт, өр...к, көш..., ж...зім, қ...бат, д...ла, ...қу.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
1.Берілген сөздерге тиісті әріпті қояды .
2.Қойған дыбыстың дауысты,дауыссыз екенін анықтайды.
1.Берілген сөздерге тиісті әріпті қоя алады.
2.Қойған дыбыстың дауысты,дауыссыз екенін анықтай алады.
3.Сөздерді қатесіз жаза алады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№2 Сәйкестендір.
Дауысты дыбыстан басталатын сөздер Жапырақ, көл,табиғат, қалам.
Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер Өрік,үйрек,ұшақ,ыдыс.
Қатаң дауыссыздан басталған сөздер
Радио,нан,мектеп.
Ұяң дауыссыздан басталған сөздер
Көктем,фабрика ,шелек.
Үнді дауыссыздан басталған сөздер
Балапан,ғарыш,жаңғақ.
Жуан дауыстылар Ә,е,ө,ү,і
Жіңішке дауыстылар А,о,ұ,ы.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
1.Дауысты,дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді сәйкестендіреді Дауысты,дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді ажырата алады. 1
2.Дауыссыз дыбыстардың түлерін сәйкестендіреді. Дауыссыз дыбыстардың түлерін ажырата алады. 1
3.Жуан және жіңішке дауыстыларды сәйкестендіреді. Дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата біледі.
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№3
1.Сөздерге тиісті әріптерді қойып, 2сөзге дыбыстық талдау жаса.
Бал..а, су...қ, қо. н, түл..і, ұс..а, бал..қ ш.бын, с..біз, сағ..м, жа...быр.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қоя алады.
1
2.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.
Сөздерді қатесіз жаза алады. 1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№4 Логикалық тапсырма
Ұйқас тауып ойнайық !
Атам кеше құс атты Біреуін маған............
Аппақ қағаз – ақ қағаз,Ондай қағаз ...................
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген өлеңнің ұйқасын тауып,жазады.
1.Өлеңнің ұйқасын тауып жаза алады.
2.Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
3.Өлеңді қатесіз жаза алады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Мәтін.
Мақсаты:Оқушыларға мәтін туралы жалпы түсінік беру. Мәтін деген не?
Салыстыру, талдау.
Сөз байлығын, сауаттылығын, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тапсырма№1
Берілген сурет бойынша әңгіме жазу.Мәтінге ат қою. Мәтінде неше сөйлем барын анықта.Мәтіннің қай түрі.
lefttopБағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Сурет бойынша әңгіме жазады.
1.Сурет бойынша әңгіме жаза алады. 1
Мәтінге ат қояды. 1.Мәтінге ат қоя алады.
2.Мәтін неше сөйлемнен тұратынын анықтай алады.
3.Мәтіннің қай түріне жататынын ажырата алады. 1
1
«4»ұпай-5
«3»ұпай-4
«2»ұпай-3
Тапсырма№2
«Ия-жоқ»кестесі.
Сұрақтар Ия Жоқ
Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтінге жоспар құруға болады. Мәтінде мағына болмайды Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңы болады. Мәтіннің әңгімелеу, сипаттау, пайымдау деген түрлері болады. Мәтіндегі сөздер бір бірімен байланыспайды Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Мәтін туралы білгендерін жинақтайды.
1.Мәтіннің тақырыбы болатынын біледі.
2.Мәтінге жоспар құруға болатынын біледі.
3.Мәтіннің құрылымын біледі.
4.Мәтін түрлерін біледі. 1
1
1
1
Дұрыс жауап пен қате жауапты ажырата алады. 1.Мәтін туралы дұрыс емес жауаптарды ажырата алады. 1
«5»ұпай-5
«4»ұпай-4
«3»ұпай-3
«2»ұпай-2
Тапсырма№3
Өлеңді оқы.Өлең не туралы?Мәтіннің қай түріне жатады?
Есек құлақтас,
Ит сирақтас,
Түйе еріндес,
Жапалақ көздес,
Бұта түбі кеуегі,
Кеуегінде көжегі.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңнің не туралы екенін айту.
1.Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
2. Өлең не туралы екенін айта алады. 1
1
Мәтіннің қай түріне жататынын айту. 1.Мәтіннің қай түрі екенін ажырата алады. 1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№4Логикалық тапсырма
Бестік алсаң жарайсың Білмесең жерге ........... .Көрші ауылдан жолшыбай,
Бұрылдық біз .....................
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген өлеңнің ұйқасын тауып,жазу.
1.Өлеңнің ұйқасын тауып жаза алады.
2.Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
3.Өлеңді қатесіз жаза алады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Сөйлем
Мақсаты: Сөйлем туралы түсінік қалыптастыру. Сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен айтып,жазуда соңына тыныс белгісін қоя білу дағдысын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Тапсырма№1
«Жалғастыр» ойыны
1. Сөйлем аяқталған ...............
2. Сөйлем сөзден ............
3. Сөйлемдегі сөздер .........
4. Сөйлем бас әріптен .........
5. Сөйлемнің соңына ..........
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ...........
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ..........
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Сөйлем туралы білгендерін жинақтайды.
1Сөйлем аяқталған ойды білдіретінін біледі.
2.Сөйлем сөздерден тұратынын біледі.
3.Сөйлемдегі сөздер өзара байланысты екенін біледі.
4.Сөйлем бас әріптен басталатынын біледі. 1
1
1
1
1
Сөйлем түрлерін ажырату 1.Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылатынын біледі.
2.Сұраулы сөйлемнен кейін қойылатын тыныс белгіні біледі.
1
1
«7» ұпай-5
«6»ұпай-4
«5»ұпай-3
«4»ұпай-2
Тапсырма№2
Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыр.
Атам кеше Астанаға кетті. Жақсы адамның жақсылығын айту керек.Достар ешқашан жамандық жасамайды.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
1.Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазады. 1.Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыра алады.
2.Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қоя алады.
3.Сөйлемдерді қатесіз жаза алады.
1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№3
Суретте қай ертегі берілген? Лепті сөйлемдері бар әңгіме жаз. Ат қой.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
1.Берілген суреттегі қандай ертегі екенін жазады. Суретте қандай ертегі екенін айта алады. 1
2.Лепті сөйлемдері бар әңгіме жазады. 1.Лепті сөйлемдері бар әңгіме жаза алады.
2.Сөйлемдерді қатесіз жаза алады. 1
1
Мәтінге ат қояды. Жазған тақырыбына байланысты мәтінге ат қоя алады. 1
«4»ұпай-5
«3»ұпай-4
«2»ұпай-3
Тапсырма№4
«Сиқырлы қалам»ойыны.Тыныс белгілерін дұрыс қой.
Ерте-ерте,ертеде кемпір мен шал болыпты ( )
Мен ертең балабақшаға барамын( )
Мені ешкім сағынбаған ба ( )
-Немене, тағы ренжіп қалдың ба( )
Нағыз қазақ осы,міне,танып қой( )
-Мен анаммен мақтанам( )
Ықыласпен тоқылық( )
Тәуелсіздікке 25жыл толды ма ( )
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
1.Берілген сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қояды. 1.Берілген сөйлемдер соңына тиісті тыныс белгісін қоя алады.
2.Сөйлемдерді қатесіз көшіре алады.
3.Не үшін қойғанын дәлелдей алады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№5 Логикалық тапсырма.
Тосқауылдан қат-қабатЕнді қалай ......................Келе жатса сұраншақБала біткен .................
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген өлеңнің ұйқасын тауып,жазу. 1.Өлеңнің ұйқасын тауып жаза алады.
2.Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
3.Өлеңді қатесіз жаза алады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысын оларға сұрақ қою арқылы
білетінімізді, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысатыны туралы түсінік беру.
Тапсырма№1
Сөйлемдерді тауып,көшіріп жаз.
Алма,алмұрт,өрік.Жанар аулада кітап оқып отыр.Ара,гүл,жапырақ,ұшты.Орманда құстардың сайрағаны естіледі.Аю қыста апанына ұйықтайды.Ауыл,көше,дала,қала.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
1.Берілген мәтіннен сөйлемдерді көшіріп жазады. 1.Берілген мәтіннен сөздер мен сөйлемді ажырата алады.
2.Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаза алады.
1
1
«2»ұпай-5
«1»ұпай-4
Тапсырма№2
Терме диктанты
1.Найзағай........2.Құстар жылы жаққа .........3.Оқушылар мұражайға ......4.Орманда бұлбұл ...........5.Нан астықтан ............
Көп нүктенің орнына заттың қимылын білдіретін сөздерді қойп жаз.3сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады. 1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаза алады.
2.Сөйлемдерді қатесіз жаза алады 1
1
Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетеді. 1.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсете алады.
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№3
Тиісті сөздер қойып жаз.1.(Кімдер?) мектепте оқиды. (Қандай?) бала анасының тілін алады. Анар өшіргішпен (не істеді?)
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Жақша ішіндегі сұрақтарға жауап беретін тиісті сөздерді қойып жазады. 1.Жақша ішіндегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді қойып жаза алады.
2.Сөздерге дұрыс сұрақ қоя алады.
3.Сөйлемдерді қатесіз жаза алады 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№4 Логикалық тапсырма.
Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? 2.Ақ доп Қара теңізге түссе не болады? 5. Кішкентай сұр пілден аумайды. Ол не?
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген логикалық сұрақтарға логикалық жауап тауып жазу. 1.Логикалық сұраққа жауап тауып жаза алады.
2.Жауаптарды қатесіз жаза алады.
3.Тапсырманы қатесіз көшіре алады 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№5
«Сиқырлы қалам» Өлеңге ұйқас тап.
Қар жауады ...........
.................... жүр шапалақтап,
Балалар ............. киеді
............ беттен сүйеді.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген өлеңнің ұйқасын тауып,жазады.
1.Өлеңнің ұйқасын тауып жаза алады.
2.Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
3.Өлеңді қатесіз жаза алады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Сөз және оның мағынасы.
Мақсаты:оқушыларға сөз және оның мағынасы жайлы толық мағлұмат бере отырып түсінік беру, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Тапсырма№1
Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз. Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз. . еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау; ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
1.Мәндес сөздерді бір бөлек,қарама-қарсы мағыналы сөздерді бөлек көшіріп жазады. 1Мәндес сөздер мен қарама қарсы мағыналы сөздерді ажырата алады.
2.Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаза алады.
1
1
2.Қалаған сөздерден сөйлемдер құрайды. Осы сөздерден сөйлем құрай алады. 1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№2
Сұрақ Ия Жоқ
Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды. Қарама – қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады. Жақсы, жаман - синоним сөздер Үлкен-кіші мәндес сөздер Әдемі,көркем,сұлу қарама-қарсы мағыналы сөздер Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Сөз мағынасы туралы білгендерін жинақтайды.
1.Мәндес сөздерді басқаша синоним деп аталатынын біледі.
2.Қарама қарсы мағыналы сөздер антоним екенін біледі. 1
1
Дұрыс жауап пен қате жауапты ажырата алады. 1.Сөз мағынасы туралы дұрыс емес жауаптарды ажырата алады. 1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№3
Берілген мақалдардың ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап. Бетегеден биік, жусаннан аласа. Үлкенге- құрмет, кішіге – ізет.
Көз қорқақ, қол батыр. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа. Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Қарама қарсы мағыналы сөздерді табады. 1.Қарама қарсы мағыналы сөздерді таба алады.. 1
Білетін мақалдарын жатқа айтады. 1.Білетін мақалдарын жатқа айта алады.
2.Мақалдарды қатесіз көшіріп жаза алады. 1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№4
Шығармашылық тапсырма1. Құмырсқа сөзіндегі әріптерді пайдаланып басқа сөздер құрау.2. С әрпінен басталатын сөздерді ғана пайдаланып әңгіме құрастыру3. Қорқақ сөзіне мәндес сөздерді жазу
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Құмырсқа сөздеріндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрастырады. 1.Құмырсқа сөздеріндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрастыра алады.
2.Қатесіз жазады. 1
1
С әрпінен ғана басталатын сөздерді пайдаланып әңгіме жазады. 1.С әрпінен ғана басталатын сөздерді пайдаланып әңгіме жаза алады.
2.Қатесіз жазады. 1
1
Қорқақ сөзіне мәндес сөздер жазады. 1.Қорқақ сөзіне мәндес сөздер жаза алады.
2.Сөздерді қатесіз жаза алады. 1
1
«6»ұпай-5
«5»ұпай-4
«4»ұпай-3
«3»ұпай-2
Сөз құрамы.
Мақсаты: Сөздің мағынасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөз және оның құрамы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатындарына көздерін жеткізу.
Тапсырма№1
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып,сөйлем құрастыру.
Арша ағаш..... бір түріне жатады. Ол тау.... жерде өседі. Бой.. аласа болады. Оның өзіне тән хош иіс.. бар.Арша.... отынға пайдаланады.Емдік қасиеті де бар.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Тиісті қосымшаларды қойып сөйлемді көшіріп жазады. 1.Тиісті қосымшаларды қоя алады.
2. Тиісті қосымшаларды қойып,сөйлемді көшіріп жаза алады.
3.Қатесіз жаза алады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№2
Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып,сөйлем құрастырып жаз.
Дүкен,бар,Айгүл.
Жылы,құс,ұш,жақ.
Әдеп,жақсы,бала,көр,бәрі.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Тиісті қосымшаларды қойып сөйлемді көшіріп жазады. 1.Тиісті қосымшаларды қоя алады.
2. Тиісті қосымшаларды қойып,сөйлемді көшіріп жаза алады.
3.Қатесіз жаза алады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№3
Сөздердің түбірін бөліп алып, оларға басқа қосымша қосу арқылы жаңа сөз жаса.
елім оқуы кітапты
дәріні көлде жұмыспен
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Сөздердің түбірін бөліп алып,басқа қосымша қосу арқылы жаңа сөз жасайды. 1Сөздерді бөліп ала алады.
2.Сөздердің түбірін бөліп алып,басқа қосымша қосу арқылы жаңа сөз жасайды
3.Қатесіз жазады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№4
Сөз құрамына талда.
Аспазды,еңбекшілер,күйші,теңізден,өнерлі,білімді,айнадай,талапты.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген сөздерді сөз құрамына талдайды.. 1.Берілген сөздерді сөз құрамына талдай алады.
2.Жұрнақ пен жалғауды ажырата алады.
2.Қатесіз жазады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Тапсырма№5
Шығармашылық тапсырма.
Көп нүктенің орнына заттың қимылын білдіретін сөздер қойып жаз.
Шегірткеге ......... жарасады.
Құланға ............. жарасады.
Жыланға .............. жарасады
Тауыққа ................. жарасады.
Ақылдыға ..............жарасады.
Бағалау критерийі:
Қритерий Дескриптор Ұпай
Берілген өлеңдегі көп нүктенің орнына заттың қимылын білдіретін ұйқас тауып,жазады.
1. Берілген өлеңдегі көп нүктенің орнына заттың қимылын білдіретін ұйқас тауып,жаза алады.
2.Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
3.Өлеңді қатесіз жаза алады. 1
1
1
«3»ұпай-5
«2»ұпай-4
«1»ұпай-3
Қайталауға арналған деңгейлік тапсырмалар.
Тапсырма№1
1.Деңгей
Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын 5 сөз жаз.
Деңгей
Біз сабақ туралы сөйлестік. Отан үшін отқа түс күймейсің. Жұма сайын үйге қайтамыз. Түске дейін жүзге жуық хат жібердік. Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым. Мен әкеммен бірге кешке шейін жұмыс істедім.
Мәтіндегі заттың атын білдіретін сөздердің астын сыз.
3. Деңгей
Отан туралы мақал- мәтел жаз.
Тапсырма№2
1.Деңгей
«Әдемі», «Сыйлы» сөзіне мағынасы жуық сөздерді жаз.
2. Деңгей
«Жамандық» сөзіне сөйлем құрап, сөздердің байланысын тап.
3. Деңгей
Оқу туралы мақал -мәтел жаз.
Тапсырма№3
1.Деңгей
Мәтіннен зат есімдерді тауып жаз.
Қыстыгүні Зейін баққа барды. Бақта әдемі қызыл төс торғайлар жеміс ағаштарының бүршіктерін шоқып жүр екен.
- Қандай әдемі торғайлар - дейді Зейін. Ол торғайларды ұстап алғысы келді. Бірақ торғайлар ұшып кетті.
2. Деңгей.
Сөз құрамына талда: білімді, құрылысшы,адамдар.
3. Деңгей
Гүл,кеме,нағашы сөздеріне көптік жалғауын жалға.
Тапсырма№4
1.Деңгей
Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз.
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар - қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.
2. Деңгей.
«Жапырақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
3. Деңгей
Жеті қазынаны жаз.
Тапсырма№5
1.Деңгей
Сөздердің тасымалдану жолдарын жаз:
Туысқандық, теңізшілермен.
2. Деңгей.
Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.
Кит- дүние жүзіндегі ең үлкен хайуан. Кит- суда тіршілік еткенімен , ешқандай балық емес, ол- аң, яғни сүтқоректі хайуан. Кашалот- тісті кит. Ол өте сүңгігіш: теңіз түбіне қарай бір километр тереңге кетеді де, бір сағаттан кейін ауамен дем алу үшін судың бетіне шығады.
3. Деңгей
Үш санына байланысты қасиетті ұғымдарды жаз.
Тапсырма №6
1.Деңгей
Қарама қарсы мағыналас сөздер жаз
Қымбат – Жаман -
Қара - Ыстық –
2. Деңгей.
Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз.
Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа бастады. Өзенде сең жүрді.
3. Деңгей
Сан есімі бар 3 мақал- мәтел жаз.
Тапсырма№7.
1Деңгей
Сөздердің тасымалдану жолдарын жаз:
Жолаушылар, жасырынбақ
2. Деңгей.
Мәтіннен етістіктерді теріп жаз.
Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа бастады. Өзенде сең жүрді. Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды.
3. Деңгей
Нан туралы мақал- мәтелдер жаз.
Тапсырма№8
1Деңгей.
Мақал- мәтелдердің жалғасын жаз. 1. Ексең егін-.............тегін. 2. Жақсылық қылсаң .......
Жамандық қылсаң ......... 3. Балалы үй-............
2Деңгей
Мәтінді көшіріп жаз, етістіктердің астын сыз
Кешке қар жауды. Ол лезде келді. Мен амалсыздан үйге кеттім. Естілер ертеңгіні ескерсе, көре сөйлейді. Бүгінгісін ғана қамданған алысқа бармайды. Сонша алтынды қайдан алады? Ең берекелі , ең парасатты тәжірибе- халық түйген тұжырымдар.
3Деңгей.
Жатқа бір жұмбақ жаз.
Тапсырма№9
1Деңгей
Сөздердің тасымалдану жолдарын жаз:
Жүргізушілер, мұғалімдермен.
2Деңгей.
Ерлік туралы мақал-мәтелдер жаз.
3. Деңгей
Отан туралы бес жолды өлең жаз.
Тапсырма№10
1Деңгей.
Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан мәдени дақылдарының ішіндегі ең маңыздысы – тары. Оның құрамында адам организміне аса қажетті түрлі витаминдер мен белоктар, майлар мен минералды заттар өте көп болады. Тарыдан дайындалатын жент, майсөк, қазыға жанышқан сөк, тағы басқа көптеген жеңсік тағамдар кімнің болса да тәбетін ашары сөзсіз.
2Деңгей
Жент,майсөк сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Мәтінді көшіріп жаз, етістіктердің астын сыз
3Деңгей.
Еңбек туралы мақал-мәтел жаз..
Деңгейлік тапсырмаларды бағалау критерийі.
Ешқандай тапсырма орындалмаса-0
Деңгей бойынша тек бірінші тапсырмасы орындалса-1
Деңгей бойынша екінші тапсырманы орындай алады-2Тапсырмадағы талдаулар дұрыс орындалса-3
Деңгей бойынша үшінші тапсырманы орындай алады-4ұпай
Тапсырманың барлығы дұрыс орындалса-5
Баға
12-15 ұпай-«5»
8 -12 ұпай-«4»
4-8ұпай-«3»
0-3 ұпай-«2»
Пайданылған әдебиеттер тізімі
Лекерова Ф.С. Балтабаева Ж.К. Солтаналинова М.К. «Қазақ тілі 2-сынып «Алматыкітап»баспасы»2013
Лекерова Ф.С.Солтаналинова М.К. Қазақ тілі Әдістемелік құрал.2-сынып.
«Алматыкітап»баспасы»2013
Ө. Тұрманжанов «Қазақ мақал – мәтелдері» , Алматы «Ана тілі» ,1993