Мектепке дейінгі балаларды тірек сызба ар?ылы сипаттап ??гімелер ??растыру?а ?йрету «Суреттер с?йлейді».




Мнемотехникалық әдіс. «Сөйлейтін суреттер».
Ерте, ерте, ертеде адамдар әріптерді танып білмеген , жазыпта білмеген уақытта өздеріне қажет болған тарихты есте сақтап қалу үшін оларды сызып немесе бейнелеп отырған. Бұл көрініс (жазу түрі) пиктография деп аталған.Бұл жазу түрін ежелгі Египет, Ассирий, Жапония және Қытай елдері жиі қолданды.
Мнемотехника- ақпаратты тиімді есте сақтау,сақтау және жаңғыртуды қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Мектепке дейінгі балалар үшін мнемотехниканы қолдану бүгінгі таңда өзекті болып табылады.
Балалармен жұмыста дидактикалық материал ретінде мнемокестелерді қолдану ерекше орын алады.
Мнемотаблица –бұл белгіленген бір ақпарат салынған кесте. Мнемотаблицалармен жұмыс жасау бірнеше міндетті шешеді және оқытудың уақытын қысқартады:
. Негізгі психикалық үдерістерді дамыту – жады, есте сақтау, жаңғырту, ойлау соның ішінде бейнелі;
. Ақпаратты кодтау, яғни заттарды, бейнелерді абстрактты белгілерге символдарға айналдыру;
. Ақпаратты қайта кодтау, яғни абстрактты символдармен бейнелерден қайта құру;
Толық немесе жартылай ақпаратты графикалық жаңғырту кезінде ұсақ моториканы дамыту.
Біріншіден, түсінудің жетілуіне көңіл бөлу керек: дәмдік, тактильді сезу, есту, көру. Сабақта аталған сезімдердің тренингі үшін көптеген әр-түрлі амалдарды қолдану керек.
Екіншіден, балалардың қандайда болсын ақпаратты есте сақтау дағдысын қалыптастыру.
. Келесі әдістер тиімді:
«крокирование» әдісі( франц. croquis – сызба, кесте)
Бейнелі ойлауды қолданатын әдіс (эйдетизм);
Ассоциативтік тізбек әдісі (немесе «далбаса» Трансформация әдісі (айналу).
Үшіншіден, біздің міндет – баланы өзінің ойын басқаруға үйрету, оны бағынышты ету.
Сонымен қатар баланың интеллектуалдық дамуын ынталандыратын бірнеше қатар бірқилы жаттығулар бар.
Мнемотехникамен қашан айналауға болады?
Мнемотехникамен ерте жастан айналуға болады, бірақта сабаққа оны 4-5 жастан енгізу оңтайлы, олардың негізгі сөздік қоры жинақталғанда
«Қуыршақ»:
1.«Бұл қуыршақ Маша. Оны дүкеннен сатып алды. Ол резинадан жасалған. Қуыршақта басы, мойны, қолдары, денесі, аяқтары бар. Қуыршақ сәнді.Оның қызыл көйлегі және ақ туфлиі бар. Онымен ойнайды.Қуыршақпен ұқыпты айналу керек»
Машина.
2. Менің сүйікті ойыншығым ол машина. Ол қып-қызыл түсті, формасы тікбұрышты.Менің жүк автомобилім кіші көлемді.Оның кузовы, дөңгелектері, кабинасы, фаралары бар. Кабинада руль және отырғыштар бар.Жүк автомобилінің кабинасы темірден, дөңгелектері резинадан, терезесі шыныдан, ал отырғыштары былғарыдан жасалған.
Мен өзімді шоффердеп сезінгенді жақсы көремін. .
Түс. (ойыншықтың түсі қандай?)
2. Форма. (онығ формасы қандай?)
3. көлемі . (ойыешықтың көлемі қандай?)
4. ойыншықиың бөлшектері. (бөлшектерін ата.)
5. Сұрағы бар сұлба (контур) (ойыншық қандай материалдан жасалған?)
6. Қол. (Бұл ойыншықпен қалай ойнауға болады?
.
«Көйлек»
Менің сүйікті көйлегім бар. Оның түсі көк, ұсақ гүлдері бар. Көйлектің жеңі, жағасы, қабаттама жең ұшы, иніші, сыдырма ілгек, қалтасы және белдбеуә бар. Көйлек жібек матадан тігілген. Бқл жазғы баланың көйлегі. Көйлекті жууға, үтіктеуге болады, оны киюге болады, жарталар қалса , мен оны тігемін.
«Жейде- ерлердің киімі Ол матадан тігілген. Жейденің жеңі, жағасы, қабаттама жең ұшы, қалтасы, түймелері, қалтасы бар. Ол жолақты.» ».
1. Түсі. (Киімнің түсі қандай?)
2.Бөлшектері. (Киім қандай бөлшектерден құралған?)
3. Сұрағы бар сұлба (контур)( ол қандай матадан тігілген ?)
4. Ауа-райы. (Бұл киім жылдың қай мезгіліне?)
5. Ер адам, әйел, бала (Бұл киім ер адамдікі, әйелдікі, баланікі?)
6. Қол. (Киімді қолмен не істеуге болады?)
«Торғай» өлеңді жаттау
Торғай суға қонды,
Қанаттарын қақты.
Қауырсынын жайды
Жоғары, төмен секірді,
Күн қандай тамаша!
Шик-ширик, шик-ширик



«Мақта қызбен мысық» ертегісі.




............

.



Мектепке дейінгі балаларды тірек сурет-кесте арқылы сипаттап әңгімелер құрастыруға үйрету
«Суреттер сөйлейді».
Тәрбиеші: Алиева Г.С.
2 саннатты
Теміртау 2015.