коучинг «Ы?палдастырыл?ан 7 модульді? ?діс- т?сілдерін ?олдана отырып о?ушыларды о?у?а ынталандыру»
М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жамантаева Роза Тагаевнаның 2014-2015 оқу жылында өткен «Ықпалдастырылған 7 модульдің әдіс- тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды оқуға ынталандыру» коучинг семинар сабағының рефлексивтік есебі.
Тақырыбы: Ықпалдастырылған 7 модульдің әдіс- тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды оқуға ынталандыру.
Мақсаты:Әріптестер тобымен бірлесіп оқыту мен оқусаласындағы зерттеулер туралы пікір алмасу. Оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Күтілетін нәтиже: 7 модуль туралы түсінік қалыптасады,әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы ынтасын арттыру маңызды екенін түсінеді.
Семинар сабақ алдын-ала жоспарланды. Сабақты Блум таксономиясына салып 6деңгейге жіктедім. Сабаққа ауданымыздың мектептерінің оқу ісі меңгерушілері мен пән мұғалімдері қатысты.Сабақта бастамас бұрын өзге мектептерден келген мұғалімдермен танысып алдық.
100315127000 Білу:Кейін тақырыпты ашу мақсатында «Әлемнің жеті кереметі»бейнебаянын көрсете отырып,қасиетті 7 санына байланысты қазақ халқында да керемет ұғымдар бар екенін және Ұлы Жеңісімізде де7 саны бар екені,Кэмбридж әдіс-тәсілдеріндегі 7саны туралы айта отырып,сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып тақырыпты ашып
Тақырыпты ашу кезеңі алдық. Барлық сұрақтарға жауап бере отырып,қатысушылар қызығушылық таныта білді.
36368367675900 Түсіну: «Веер»және «Блум ромашкасы»әдіс-тәсілдерін қолдана отырып Жеңісіміздің 70 жылдығына байланысты топтар бір-біріне сұрақ-жауап әдісін қолдандым. Қатысушылар бір-бірінің сұрақтарына жауп беріп,бір-бірін түзете білді.Әр топ өзге топты формативті бағалап отырды.Бұл тапсырманы беру мақсатым, келген қатысушылар осы әдіс-тәсілдерді
Веер әдісін қолдану
қолдана отырып, өз тәжірибесіне,оқушылармен жұмысында қолданысқа енгізсе құба-құп болар еді.
Қолдану:Бұл деңгейде әріптестеріме үш түрлі тапсырма бердім.
1.Интервью алу
2.Кітапханадан ақпарат жинау
3.Интернеттен ақпарат жинау
-539755080000 Интервью әдісінде қатысушылар 10б сыныбына кіріп, оқушылардан Ұлы Жеңіс тақырыбына байланысты интервью алды.Екінші топ кітапханадан, ал үшінші топинтер неттен ақпарат жинады.
395605049339500 Талдау.Қатысушылар жинап келген ақпараттарын қорғап, «Синквейн әдісі бойынша»
Интервью әдісін қолдану
бес жолды өлеңмен қорытындылады.Әр топ өздері жинап келген ақпараттарын қорғап болған соң,топтар өзара бір-бірін формативті бағалап отырады.
Сергіту: Қатысушыларды сергітіп алу мақсатында «Смуглянка әнін»орындадық.
Синквейн әдісін қолдану
127040005000 Сергіту сәтінен кейін топтар «Евровидение»әдісі бойынша өзара бағалады
3675464160274000 Жинақтау:Бұл деңгейде «Бұрыштар стратегиясы»бойынша 7 модульді қолдану тиімді дегендерін бір топқа,тиімсіз дегендерін екінші топқа,жауап беруге қиналамын дегендерін үшінші топқа бөліп,сол көзқарастарын дәлелдеді. Кейін топтарды бір-бірімен алмастырып, өзгенің
Сергіту сәті
орнында болса сол көзқарасты қалай дәлелдейтінін ұсындым.Қатысушылар өзге топқа ауыспайтынын, өзге көзқараста болғысы келмейтінін айтты.Кейін мен бұл стратегияның мәні бір жақты көзқараста болмау керектігін,
Бұрыштар стратегиясы
жан-жақты ойлай білу керектігін түсіндірдім. Сабақ соңында « Альпинисттер» әдісі бойынша кері байланыс алдым.