Бастауыш сыныпта талантты ж?не дарынды балаларды? ?абілеттерін дамыту.
Коянбаева Гулжаухар Турсынбековна
Костанай облысы
Жангелдин ауданы
Сужарған ауылы
«Қ.Қайдосов атындағы орта мектебі» кмм
Бастауыш сынып мұғалімі
І санатты мұғалімі
Бастауыш сыныпта талантты және дарынды балалардың қабілеттерін дамыту.
Өмірде қабілетсіз адам болмайды, кімнің қай нәрсеге болса да қабілеті болады. Жан біткен өз қабілеттерін әр кезеңде әр түрлі жағдайда сан түрлі қырынан көрсетеді. Сол "жағдайды" жасап, шәкіртінің бойындағы қабілетті дарынының ашылуын жасақтайтын адам - ол мұғалім. Сол дарынды бала, сол талантты оқушы, сол ерекше қабілетке ие азамат -қоғамды дамытушы, жаңалық енгізуші адам болып қалыптасары сөзсіз. Дарынды және талантты оқушылардың есте сақтауы жоғары, ақпаратты тауып,оқып,жүйелі пайдаланады, жоспарлауға көп уақыт жұмсаса да, оны пайдалануда нәтижеге тез жетеді,ойландыратын,күрделі тапсырмаларды алғанда қуанады (орындауға құлшынысы артқанын жасырмайды), құрдастарынан бұрын ерте оқиды,ерте жазады, олармен салыстырғанда көп біледі. Дарынды балаларды зерттеуде және анықтауда олардың барлығына бірдей берілгеннен өзгеше күрделі тапсырма күтетінін және оны сыныптастарынан әлдеқайда тез, жүйелі орындайтынын байқауға болады. Бұл жөнінде Фриман, Катц зерттеулері, сондай-ақ, дарынды балаларға сапалы тапсырмалар беру жайындағы Эйрдің еңбектерін басшылыққа алу керек. Осыған қоса табиғат берген ерекшелікке байланысты бір бағытқа өте ықыласты болып,басқа қоршаған ортаға қызығушылығы екінші орынға шығып кететін кездері көп кездесетін оқушыларды да "нағыз дарын" деп есептеймін. Бірақ, орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, сол пәнге қатысты мамандыққа икемі өте жоғары болып, басқа пәндер бойынша қызығушылығы аз болғандықтан, көзге түспеуі мүмкін. Кейбір балалардың әдеттегі білім алу ортасында көрсете алмайтын ерекше әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері болады. Бастауыш сынып оқушылары болғанмен менің сыныбымның ішіндегі кейбір оқушыларымның да осындай қабілеттерін байқап, болашақта түрлі мақсаттағы дамыту тапсырмалар беруді ойластырдым. Сол себепті оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, зият қырларын анықтап, олардың дамуына мүмкіндік жасауды мақсат етіп қойдым. Өзім сабақ беріп жүрген 2 сыныбынан таланттыларды табу қиынға соқпады, себебі топқа бөлініп, постер қорғау кезінде белсенді жұмыстануына байланысты өзі-ақ ерекшеленді. Ондай оқушыларға басқалары да құрметпен қарап, басшылықты сеніп тапсыратыны байқалып тұрады. Ал дарындылар туралы менің пікірім өзгеше, сондықтан дәл қазір алдымда ерекше дарын иесі отыр деп есептемедім, таланттылар еңбектерін ұштай келе дарын иесі боп шықса, мен өте риза болған болар едім. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс деген тұжырымды ескеріп, осы бағытта ата-аналар мен оқушыларға сауалнама, әр түрлі диагностикалық жаттығулар жүргіздім. Ата-аналар өз балаларының неге икемді екенін сауалнама барысында білді. Өз баларының қабілеттерін ашуға қалай көмек көрсету керектігі жайында психологтан кеңес алды. Дарынды балалармен жұмыс бізге бұрыннан таныс үрдіс болғанымен, деңгейлік курсты аяқтағаннан кейін қабілетті балалармен жұмыстың жаңа әдістерін меңгердім деп ойлаймын. Сабақтарымда түрлі әдіс-тәсілдерді таңдау арқылы тапсырмалар беріп отырдым. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда «5 жолды өлең» стратегиясы тиімді болғанын «Торғай» тақырыбында торғай – торғай тынымсыз, жыбырлақ, Қазақстанда оның тоғыз түрі кездеседі деп жауап беруі талантын және дарындылығын анықтауға негіз болды. Кей оқушыларым торғай туралы өлең құрастыра алмаса да, басылым беттерінен ізденіп ақынның өмірбаянын жазып келді. Осы тапсырмалар барысында оқушыларым ерекше қабілеттерін таныта білді деп ойлаймын. «Коктейль таяқшасы» әдісімен үй тапсырмасын айтуда өздерін сахнада тұрғандай сезініп, ерекше қуанышпен оқыды. Бұл олардың қызығушылығын арттыруда олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылуы деп білемін. Бастауыш сынып мұғалімдерінің мақсаты баланың сөйлету, тілін дамыту болғандықтан, сабақта балалар бір-біріне төмен, жоғары дәрежелі сұрақтар қоя білгенін байқадым. Сыныбымда постер қорғауда таланттыларды табу қиынға соқпады, себебі топқа бөлініп постер қорғау кезінде белсенді жұмыстануына байланысты өзі-ақ ерекшеленді. Таланттылар тек сабақ кезінде емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады, шығармашылық сайыстарда, спорт жарыстарында, пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, танымдық көрсетілімдерде олар жаңа сипатпен, жалынды қызуқандылықпен сан қырынан көрінеді
Жалпы алдағы уақытта таланттыларға арнап жеке жоспар құру ойымда бар. Оны іске асыру үшін мына жағдайларды анықтау керек деп есептеймін: отбасы жағдайын білу, шығармашылық бағытын зерттеу, олимпиадаларға қатысуы, үйірмелерге қатысы, жауапкершілігінің дәрежесі,берілген тапсырмаларды жан-жақты орындауы, ізденгіштік қасиеті,табандылығы т.б.өзіндік сапаларын зерттеп,соған қатысты бір жүйеге түскен тапсырмалары көп жаттығулар тобын әзірлеу-кезек күттірмейтін мәселе болғалы тұр. Оқушылар шығармашылығын шыңдау мен ізденіске баулуда, дарынды балалардың пәнге қызығушылығын арттыру барысында бұл әдісті жалғастырып, дамытуым керек деп түйдім. Таланттарды тәрбиелеу, қабілетті оқушыларды одан әрі дамыту, оларды шығармашылыққа баулу, деңгейлі тапсырмалар ды үзбей дайындап күрделендіру,оның орындалуына бағыт беру- осы жоспарымның басты ұстанымы болуы тиіс. Бүгінгі таңдағы заман талабы- нарықтың қатал толқынына жұтылып кетпейтін,тағдыр талқысына қарсы тұра алатын, кездескен қиындықтарға адымдап қарсы жүретін, өзіндік "Мен -і" жоспарлы жолға қойылған заманауи жаңа АДАМ-ды қалыптастыру. Менің басты мақсатым-сол шәкірттерімді жетелей жүріп өзім де жетілу.
Пaйдaлaнғaн әдебиеттеp:
1.Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.
2. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибеде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.