9 сынып, геометрия Т?ртб?рыштар саба? жоспары


Сабақ жоспары
№1
Пән: геометрия
Сынып: 9 «а »
Күні: __________
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Төртбұрыштар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Төртбұрыштар және олардың түрлері мен қасиеттері.
Дамытушылық: Төртбұрыштардың ортақ қасиеттері.
Тәрбиелік: Оқушылардың еске түсіру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдістері:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ Өткен тақырыпты қайталау: -Параллелограмм
Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат
Трапеция
ІІІ Есептер шығару:
1. АВСD тіктөртбұрышындағы А бұрышының биссектрисасы СD қабырғасын СК=15,3см және DK=18,4см кесінділерге бөледі. АВСD тіктөртбұрышының периметрін және АВСК трапециясының орта сызығының ұзындығын табыңдар.
2. Параллелограмның бір қабырғасы екіншісінен 12см ұзын. Егер оның периметрі 220см болса, параллелограмның қабырғалары неге тең?
3. Трапецияның орта сызығының ұзындығы 24см-ге тең. Табандарының қатынасы 5:3. трапецияның табандарының ұзындығын табындар.
4. АВСD Параллелограмында ВАD бұрышының АN биссектрисасы ВС қабырғасын ВN=11см және NC=5см кесінділерге бөледі. Параллелограмның периметрін және ANCD трапециясының орта сызығының ұзындығын табындар.
5. Тіктөртбұрыштың диагоналі 28см, ал кіші қабырғасы 14см. Диагональдарының арасындағы бұрышты табындар.
6. Трапецияның табандарының айырмасы 6см, ал оның орта сызығының ұзындығы 10см. Трапецияның табандарының ұзындығын табындар.
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: