Е?бекке баулу:?аза?ты? ?лтты? киімдері
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық киімдер туралы мағлұмат беру, қазақтың ұлттық киім атауларымен таныстыру.балаларға арналған қазақтың ұлттық киімін аппликациялауды үйрету.балалардың шығармашылық, шапшаңдық, қызығушылық қабілеттерін дамыту. Оларды ұлттық өнерді құрметтеп, насихаттауға, киімді күтіп киуге, ұқыпты болуға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру
Балалар жиналып сыныпқа кіреді. Сыныпта балаларды сиқыршы күтіп алады.
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сиқыр әлеміне қош келдіңдер.
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Мұғалім: Сәлеметсіз бе, Сиқыршы атай. Біз қалай мұнда тап болдық?
Сиқыршы:Таң қалып тұрсыңдар ма? Мен сендерді мына сиқырлы тяғымның көмегімен сендерді өзімнің сиқыр әлеміме алдырттым. Қалай мұнда сендерге, ұнамай ма?
Мұғалім: Сиқыршы ата, кешірерсіз , мұнда әрине бәрі тамаша, дегенмен де біз өз сыныбымызға барып, сабағымызды оқуымыз керек.
Сиқыршы: Әрине менің тапсырмаларымды орындасаңдар, сыныптарыңа қайта ораласыңдар.ол тапсырмалар сіздің еңбек сабақтарыңа байланысты.
Мұғалім: Балалар, бізге Сиқыршы атаның тапсырмаларын орындағаннан басқа амал жоқ сияқты. Еңбек сабағын осында өткізейік.Тапсырмаларды орындайық. Дайынбыз ба, балалар?
Балалар: Иә, дайынбыз, орындаймыз.
Ендеше, балалар, осында тезірек тапсырмаларды орындайық.Сиқыршы ата, тапсырмаларыңызды айта беріңіз.
Сиқыршы: Мен көптен бері балалардың дауысын естімеп едім, балалар маған тақпақ айтып берсін.
Мұғалім: Сиқыршы ата, бұл тапсырмаңыз оңай ғой. Балалар, атаға «Еңбек» өлеңін айтып берейік.
Шаттық шеңбері: Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты - еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты - еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең - еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Сиқыршы: Е, дауыстарың жақсы екен, өлеңдерің де ұнады. Ол да еңбек туралы екен. Ендеше келесі тапсырманы берейін. Мен келесі сиқырымды дайындай тұрайын, сендер тапсырмаларыңды орындай беріңдер.
Мұғалімге конвертті ұсынады.
Мұғалім:Балалар, мұнда нелер бар екен қарайық. Ой, бұл «Сиқырлы қолғап» ойыны екен ғой. Балалар, қолғаптың неше сыңары болады?
Балалар: Қолғаптың екі сыңары болады.
Мұғалім: Ендеше, балалар, қолғаптардың бір сыңарын сіздерге таратып беремін, сіздер өз сыңарларыңызды табасыздар.
Балалар өз сыңарларын тез табуы тиіс.
Мұғалім: Балалар,қолғаптардың қандай айырмашылықтары бар?
Балалар: Қолғаптардың түстері әртүрлі: бірі қызыл, бірі жасыл, бірі көк, енді бірі сары түсті.
Мұғалім. Олай болса, балалар, қолдарыңыздағы қолғаптардың түсіне сай топтасып, топтарға бөліне қойыңдар.
Балалар төрт топқа бөлінеді.
Ой қозғау
Мұғалім: Балалар, қолдарыңдағы қолғаптарыңа қараңыздаршы, одан не байқадыңдар?
Балалар: Қолғап түрлі оюлармен әшекейленген.
Мұғалім: Ондай ою-өрнектерді қайдан кездестіруге болады?
Балалар: Оюлар кілем, алаша, киімдерде кездеседі.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, оюлар текемет, көрпе, алаша, ыдыс–аяқтарда, қазақтың ұлттық киімдерінде кездеседі. Ал киімдерді кім тігеді, қай жерлерде тігіледі?
Балалар: Киімдерді тігіншілер тігін шеберханасында тігіп, дайындайды.
Мұғалім: Балалар сендерде бүгін шебер боласыңдар. Ол үшін алдымен топтарыңмен шеберханаларға бара қойыңдар.
1 топ – «Сән» тігін шеберханасына барады.
2 топ – «Сымбат» тігін шеберханасына барады.
3 топ – «Көркем» тігін шеберханасына барады.
4 топ – «Өрнек» тігін шеберханасына барады.
Мұғалім слайдтан ұлттық киімдер туралы мағлұмат береді.
Қазақтың ұлттық киімі үш топқа бөлінеді: бас киім, сырт киім, аяқ киім.Барлық киімдер үлкендерге, балаларға, әйел адам мен ер адамға арналады.
Мұғалім: Балалар, осы суреттерден не байқадыңдар? Оларға қандай ортақ қасиет бар?
Балалар: Ерлер мен әйелдер, үлкендер мен балалардың киімдерінің өзгешелегі болады екен. Ортақ қасиет: барлық киім ұлттық нақышта өрнектелген, яғни қазақтың ою-өрнектерімен әшекейленген.
Мұғалім: Ал ұлттық ою-өрнек атауларын білетіндерің бар ма?
Балалардың жауабы
Мұғалім түсіндірмесі (слайд)
Мұғалім: Балалар, Сиқыршы атаның келесі тапсырмасын қарайық. Бұл сиқырлы қобдиша сияқты. Оның ішінде не бар екен?
Мұғалім қобдишаны ашады, оның ішінен аяқталмаған суреттер шығады.
Мұғалім: Балалар, бұл қандай суреттер?
Балалар: Бұл қазақтың ұлттық киімін киген балалардың среттері.
Мұғалім: Бұл суреттерден не байқадыңдар?
Балалар: Ол суреттер аяқталмаған.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Әр топ суреттерді алып берілген ою-өрнектерді пайдаланып, балаларға жетпей тұрған киімді әшекейлеп орындайсыңдар.
Балалар түрлі оюларды пайдаланып суреттегі қуыршақтардың киімін сәндейді.
Балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.
Сергіту сәті
«Сиқырлы тақия» ойыны
Балалар дөңгеленіп отырады. Сиқырлы тақия кімнің басына киілсе, сол тапсырма орындайды. (сұраққа жауап, өлең айту , жұмбақ шешу)
Жұмбақтар:
Аузы аңқайып қалады,
Босағада тұрады. (кебіс)
Бес ін,
Бес іннің аузы бір ін. (қолғап)
Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім. (шалбар)
Бас киім түрлерін ата.
Қыз балалардың киімін ата.
Әжелердің киімін ата
Тігіншіге қажетті құралдарды ата.
Өлең айтып бер
Ән айтып бер
Ою түрлерін ата.
Сиқыршы: Балалар, жарайсыңдар. Тапсырманы жақсы орындапсыңдар.мен сендерге риза болдым. Сыныптарыңа барғыларың келді ме?
Балалар: Иә.
Сиқыршы: Ал ендеше көздеріңді жұмыңдар. Ақалай, мақалай, сүф.
Балалар сыныпқа оралады.
№4 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Тақырыбы:Қазақтың
ұлттық киімдері
Өткізген: Утегенова А