Сыныптан тыс ж?мыстар ар?ылы о?ушыларды? ?аза? тіліне деген ?ызы?ушылы?ын ?алыптастыру


Сынаптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қазақ тіліне
деген қызығушылығын қалыптастыру
Елбасымыз Н. Ə. Назарбаев: «Үмітін үзеңгі қылған ел перзенттері ретінде білім жəне ғылым ісінде бірігіп қимылдасақ, шығар шыңымыз əрқашан биік болатынына ешкім де шүбə келтірмес. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы болсын» деген еді. Дүние жүзіндегі негізгі тілдер белгілі бір мемлекет аумағында өмір сүретін барлық ұлт өкілдері мен ұлыстарды, қауымдастықтарды біртұтастық пен түсіністікке топтастырушы негізгі фактор ретінде өмір сүретіні белгілі.

Осы орайда Қазақ тілі де Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болғандықтан, қазақ тілі өмірдің барлық саласында, атап айтқанда іс қағаздарын жүргізуде, білім беруде, денсаулық сақтауда, заң шығаруда, ғылым мен техника тілінде, сот ісін жүргізуде, нарықтық қатынас пен бұқарлық ақпарат құралдарында өз дəрежесінде қолданылуы тиіс. Бұл үрдісті түбегейлі жүзеге асыру үшін мемлекеттік тілді Қазақстан Республикасының əрбір азаматы үйренуі, білуі, күнделікті қарым қатынаста қолданысқа түсіруі шарт жəне мемлекеттік тілдің құқықтық мəртебесін сыйлауға, құрметтеуге, қорғауға міндетті.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай, оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін әр түрлі ойын сабақтар, піуірталастар, кештер, жарыс сабақтар ұйымдастырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Мысалы : Мен 9 –сыныптар арасында «Халқын сүйген –салтын сүйер», «Қадыр Мырзалиев өмірі мен шығармашылығы» , «Тапқыр достар» деген сиақты қызықты ойындар мен кештер, сайыс сабақтар өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырдым. Салт-дәстүрімізді насихаттадым, әдет-ғұрпымыздан хабардар еттім. Осы сабақтардан соң оқушылар. Ескіден келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, әдебиет пен тілімізді оқу үшін бойындағы қызығушылықтары оянды.
«Тапқыр достар», достар танымдық ойынын да көбінесе қазақ тіліне қатысты сұрақтар мен тапсырмалар көп болды бір «Қазақстан» деген сөзден бірнеше сөздер жазып көбейтті, қалған тор көздердегі сұрақтарға да жауап беріп ,ойланып , тартысты ойын түрынде өткен қызықты сабақ оқушыларға қызықты болды жәнеде бірнеше сөзді көрермендерге ымдап түсіндіру арқылы сабағымызға мазмұн қалыптасты. «Халқын сүйген-салтын сүйер» деген сайыс сабақта қазақтың салт-дәстүрлеріне қатысты сұрақтар мен логикалық сұрақтар, және қонақ күтуге байланысты тапсырмалар болды.
Осындай сабақтар өткізіп отырып мен қазақ тілне деген танымдық құзіреттіліктерін арттыруға тырысамын.
Сайыс сабақ,ойын элементтері белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруде деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетектейді. Ойын элементтердің мәні-ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабы. Қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойлау қабілеттерін дамытады.
Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Сабақта орынды қолданылатын ойын элементтері оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шындауға өз септігін тигізеді. Сабақ барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса,мұғалімнің технологиясы нәтижелі болды. Қазақ тілі сабақтарында көздейтін мақсат оқушыларға жалаң сөз жаттау емес, әрбір сабақ үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйретеді. Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін пайдаланған үлгерімі төмен оқушылардың өздері де оның элементі араласқан сабаққа зор ынтасымен, жігерімен араласатыны байқалады.
Сөзімнің соңын қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық ой – түйінімен аяқтағым келеді: «естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі ояу байлаулы берік болмақ керек, екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көнілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек, үшіншіден – сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек.